9 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еуразия ұлттық университеті акционерлік қоғам болып өзгерді – ЖОО-лар жекенің қолына өткелі жатыр ма?

13 август 2020, 16:20
Еуразия ұлттық университеті акционерлік қоғам болып өзгерді – ЖОО-лар жекенің қолына өткелі жатыр ма?
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 29 шілдеде коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды. Бұрын ол шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын еді. Осыған байланысты әлеуметтік желіде «ЖОО жекенің қолына өтіп, ұлттық статусынан айрылуы мүмкін екендігі» туралы талқылаулар болды. Azattyq Ryhy университетке ресми сауал жолдап, оның атауы мен статусы, жұмысшыларының орны сақталатыны жөнінде жауап алды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысына сәйкес, мемлекеттік ЖОО-лар мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құқығында коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды. Университет жоғарыда аталған өзгерісті 2020 жылдың 29 шілдесінде тіркеді. Бүгінде құрылтайшылық және қаржылық құжаттары заң талаптарына сай сәйкестендіріліп жатыр. Университеттің аты өзгерген жоқ. Ол қазір қаулыда «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп» деп көрсетілген. Осылайша университет ерекше статусқа ие ұлттық ЖОО рангын сақтап қалды», - делінген университеттің баспасөз қызметінің жауабында.

Университеттің 100% акциясы мемлекетке тиесілі болып, Білім және ғылым министрлігінің басқаруына беріледі. Осылайша, министрлік ЖОО-ның жалғыз акционері атанады да, университет барлық есебін соған тапсырады. Өзгеріс оқу орны қызметкерлері мен жұмыс барысына еш әсерін тигізбейді.

«Еңбек кодексінің 47 бабына сәйкес жұмыс беруші атауының немесе ұйымдастырушылық-құқықтық формасының өзгеруі оның жұмысшылармен еңбек қатынасын тоқтатуына негіз болмайды. Сондықтан университеттің қайта ұйымдастырылуы оның қызметкерлеріне әсерін тигізбейді. Қайта ұйымдастырылуға байланысты ешқандай қызметкер «міндетін атқарушы» ретінде жұмыс істеп жатқан жоқ», - деп жазылған хатта.

Білім және ғылым министрлігі Azattyq Ryhy тілшісіне берген ресми жауабында оқу орнының басқару жүйесі өзгергенімен, жекенің қолына өтпейтінін мәлімдеді.

«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысы негізінде ЖОО жекешелендіруге жатпайды», - делінген аталған хатта.

Ал университетті акционерлік қоғам ретінде қайта құру «білім беруді, ғылым мен өндірісті біріктіруді қамтамасыз етуге, зияткерлік меншік және технологиялар өнімдерін коммерцияландыруға жағдай жасауға, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға» мүмкіндік беретінін алға тартады.

«Сондай-ақ, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 7-тармағына сәйкес, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді және төлемейді. Бұл шаралар бірінші кезекте жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жоғары білікті оқытушыларды тартуға бағытталған», - деп жазылған жауапта.

Еске салсақ, Үкіметтің 2019 жылдың 11 қазандағы қаулысына сәйкес, тек ЕҰУ емес, одан бөлек 24 мемлекеттік жоғарғы оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғам болып өзгертілуі тиіс.
Просмотров материала: 855

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 459 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 212 130 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 623 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 661 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 212 035 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 311 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 342 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 656 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 304 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 379 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 567 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 745 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 825 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 519 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 396 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 241 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 628 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 361 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 762 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 567 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 248 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 104 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 446 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 330 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 809 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 051 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 161 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 397 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 139 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 076 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 212 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 374 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 525 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31