21 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



QazCovid-in: Вакцинаны өздеріне сынап көрген қазақстандық 7 ғалымның есімі белгілі болды

06 август 2020, 12:43
QazCovid-in: Вакцинаны өздеріне сынап көрген қазақстандық 7 ғалымның есімі белгілі болды
Қазақ ғалымдарының коронавирусқа қарсы жасап шыққан вакцинасы қандай жолмен, неше күнде жасалып, қалай сынақтан өтіп жатқаны туралы экслюзив материал ұсынады,деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.


11 күн бұрын Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы дайындалған вакцина алғаш рет адамға сыналды. Вакцинаны сынақтан өткізу үшін оны дайындаған институттың басшылығын қосқанда, жеті ғалымға QazCovid-in деп аталатын бөгде зат егілген. Azattyq Rýhy тілшісі осы тақырыпта Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Әзиз Нахановпен сөйлесіп, қазақстандық ғалымдар жасап шыққан вакцина туралы сөйлесті. Әзиз Нахановтың айтуынша, қазір вакцина алған жеті ғалымның да жағдайы жақсы.

ВАКЦИНА АЛҒАШ СЫНАЛҒАН ЖЕТІ ҒАЛЫМ КІМ?

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан. Дереккөздің хабарлауынша, институт қызметкерлерінің барлығы вакцинаны сынауға өз еріктерімен келіскен.

«26 шілде күні Қазақстанда алғашқы болып COVID-19-ға қарсы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институнда өндірілген QazCovid-in инактивтелген вакцинасын институтымыздың бас директоры Күнсұлу Закарья бастаған бес ғылыми қызметкерге, келесі күні тағы екі ғылыми қызметкеріне егілді. Вакцина егілген кейін, қызметкерлер клиникалық бақылауда, сонымен қатар қызметкерлер өзін-өзі бақылау күнделігін жазып отыр. 5 шілдедегі бақылау нәтижесі бойынша, вакцина егілгеннен кейін ешқайсысында жергілікті немесе жүйелік жағымсыз әсерлер байқалмады. Бақылау жалғасып отыр. Әрине, вакцинаны алу әр ғылыми қызметкердің өз еркімен болды», - дейді Әзиз Наханов.

Вакцинаны өзіне сынақтан өткізген ғалымдар мыналар:

Күнсұлу Дальтонқызы Закарья, биология ғылымдарының докторы;
Леспек Бекболатұлы Құтымбетов, ветеринария ғылымдарының докторы;
Ерғали Орынбасарұлы Әбдураимов, ветеринария ғылымдарының кандидаты;
Мұхит Бармақұлы Орынбаев, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;
Күлсаян Тұрлыбайқызы Сұлтанқұлова, биология ғылымдарының кандидаты;
Серғалы Шоратбайұлы Нұрабаев, PhD докторы;
Берік Мұхитұлы Хайруллин, ветеринария ғылымдарының кандидаты;

QAZCOVID-IN ВАКЦИНАСЫН ЖАСАУҒА НЕШЕ КҮН КЕТТІ?

Ғалымдар коронавирусқа қарсы отандық вакцина дайындау үшін бір жарым ай уақыт күні-түні зерттеу жүргізген. Вакцинаны арнайы торшаларда өсіріп, бөтен заттардан тазалау үшін Алматы қаласында індет жұқтырған бір адамнан сынама алынған.

«QazCovid-in вакцинасын дайындауға шамамен 45 күн уақыт кетті, бірақ жұмыс күні-түні жүргенін атап айту керек. 23 наурыз күні Алматы қаласындағы індеттік ауруханадан, коронавируспен ауырған адамнан патологиялық сынама алынды. Институтқа жеткізілген сынамадан 30 наурыз күні SARS-CoV-2 вирусы бөлініп, вирусты торшаларда өсіру жұмыстары жүргізілді. 9 мамыр күні COVID-19-ға қарсы алғашқы отандық QazCovid-in инактивтелген вакцинасын дайындалды. 15 мамырда COVID-19-ға қарсы алғашқы отандық QazCovid-in инактивтелген вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелді», - деп хабарлады бізге Әзиз Наханов.

Вакцина дайындау үшін вирусты белгілі бір жағдайда, ағзадан тыс торша өсіндісінде өсіреді. Торша өсіндісінде өсірілген вирусты өлтіреді, одан кейін бөгде заттардан тазалау жүргізіледі. Тазаланғаннан кейін адъювант қосу нәтижесінде вакцина алынады. Вакцина ауырған адам сынамасынан бөлініп алынған SARS-CoV-2 вирусы негізінде дайындалды.

ВАКЦИНА СӘТТІ СЫНАЛСА, ИНСТИТУТ 2 МЛН ДОЗАСЫН ДАЙЫНДАЙ АЛАДЫ

«Қазір COVID-19-ға қарсы Қазақстанның QazCovid-in инактивтелген вакцинасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сараптау ұлттық орталығында зертханалық жануарларға жасалатын клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. Алда, 18 жастан жоғары еріктілерде өтетін клиникалық зерттеулердің I/II фазыларынан кейін, Денсаулық сақтау министірлігі мақұлдаса өз күшімізбен вакцинаның 2 млн дозасын дайындай аламыз. Мемлекеттің қолдауымен салынып жатқан GMP талаптарына сәйкес келетін биофармзауыт іске қосылғаннан кейін, Қазақстан халқына толық жететіндей вакцина әзірлеу жоспарлануда», - дейді Әзиз Наханов.

Ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі отандық вакцинаны жасау жекелеген ғалымдардың емес, жалпы ұжымның еңбегі екенін айтты.

«Вакцина дайындау оңай шаруа емес, ол үшін білім, тәжірибе, ізденіс, материалдық-техникалық база және аянбай жұмыс жасау қажет. Әрине алдыңғы шепте жүрген ғылыми қызметкерлер бар. Негізі бұл ұжымның бірлесе атқарған қызметінің арқасында дайындалған вакцина. Сонымен қатар бұл Қазақстанда жасалған отандық өнім», - деді Әзиз Наханов.

Еске сала кетейік, жақында Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда жасалған коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу сәтті жүріп жатқанын хабарлады.
Просмотров материала: 701

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 546 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 368 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 002 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 043 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 333 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 556 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 697 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 753 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 938 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 719 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 525 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 164 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 021 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 842 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 011 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 124 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 792 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 168 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 898 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 909 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 742 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 585 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 840 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 789 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 294 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 744 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 617 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 880 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 212 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 622 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 596 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 634 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 588 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 820 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 960 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031