5 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Пневмониядан емес, коронавирус инфекциясынан сақтану керек – пульмонолог

03 август 2020, 16:00
Пневмониядан емес, коронавирус инфекциясынан сақтану керек – пульмонолог
Пульмонолог дәрігер Саттар Ералиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында пневмонияның анықтамасына тоқталып, одан қалай сақтану керектігі жөнінде кеңес берді.


Саттар Молыбекұлы, оқырмандарымызға түсінікті болсын, ең алдымен пневмония мен коронавирустың ара жігін ажыратып берсеңіз?

– Адам өкпесі ауа ауысатын альвеолалар мен өкпе каркасын құрайтын дәнекер тіндерден тұрады. Коронавирус пневмониясында вирус осы дәнекер тіндерді қабындырады. Егер науқаста өкпенің 30-40 пайызы қабынса да тыныс алу жеткіліксіздігі болмайды. Ал бактериялық немесе кәдімгі пневмонияда альвеол қабынады да науқас бірден ентігу басталады. Біз қорқатын вирустық пневмониялар өкпенің 60-70 пайыз және одан көп бөлігінде қабынғанда басталады. Ол ауа жетіспеуіне пневмония асқынуы (тромбоз, васкулит, жедел респираторлық дистресс синдромы, цитокин шок) қосылады.

– Қазір адамдар «пневмония» диагнозынан қорқады, одан қалай сақтануға болады?

– Пневмониядан емес, коронавирус инфекциясынан (КВИ) сақтану керек. КВИ-мен ауырған әрбір науқастың өкпесінің 80% зақымданады, яғни пневмония КВИ асқынуы емес, ол осы аурудың ең көп кездестін көрінісі.

– Коронавирустан емделіп шыққан адамдарға неге баса назар аударған жөн?

– КВИ-дің ауыр түрлерінде өкпе ғана емес, ми және вегетативті нервтер, бауыр және ұйқы безі, бүйрек зақымданады. Қазір министрліктің тапсырмасы бойынша, жергілікті емханаларда реабилитациялық бөлімшелер құрылып жатыр. Сол жерде барып кеңес алған дұрыс. КВИ-дан кейін иммунитет төмендейді. Сондықтан қазан айында тұмауға қарсы вакцина салдырған дұрыс. Жасы келген кісілер (65-тен асқан), диабетпен, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын кісілерге пневмококк инфекциясына қарсы вакцина салдырған жөн.

– Кейбір дерек көздерге сүйенсек, үлкендерге қарағанда, аталған індетке балалардың ағзасы төтеп бере алады екен. Бұл қаншалықты рас ?

- Бақытымызға орай, балалар КВИ-ге аз шалдығады және жеңіл ауырады, бірақ үйдегі жасы келген кісілер немесе басқада қауіп-қатер тобына кіретін адамдарға жұқтырып, олар қатты ауыруы мүмкін. Жеңіл өтеді дегенмен, иммундық аурулары бар балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыны естен шығармаған жөн.

– Пульмонолог–дәрігер ретінде қандай кеңес берер едіңіз?

– «КВИ-дің жеңіл түрімен ауырған кісілерде КВИ-ға қарсы иммунитет пайда болмайды»,– деген ақпарат пайда болды немесе «ауырғаннан кейінгі пайда болған иммунитет тек 3-6 айға созылады»,– дейді ғылыми зерттеушілер, сондықтан әрқашан әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска киіп жүрген дұрыс.

– Қабынған өкпені қайта қалпына келтіруге қанша уақыт кетеді? – КВИ жеңіл түрінде де пневмония болуы мүмкін, егер рентгенге түспесе білмейді де. Алайда, оған бола рентгенге не компьютер томографиясына түсудің керегі жоқ.

Бұл вирусқа қарсы ем жоқ. Коронавирус пневмонияда адам ағзасы ауруды жеңген кезде, өзі өкпені біртіндеп толық қалпына келтіреді. Оған 3-6 ай кейде одан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Ол өкпенің зақымданған аумағы мен науқас ағзасынын ерекшеліктеріне байланысты.

– Әңгімеңізге рақмет!
Просмотров материала: 1 063

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 198 568 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 179 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 197 682 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 197 732 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 105 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 561 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 638 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 943 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 498 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 592 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 811 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 574 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 628 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 415 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 265 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 778 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 506 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 198 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 594 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 397 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 295 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 127 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 973 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 287 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 195 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 692 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 554 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 044 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 278 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 657 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 034 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 974 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 081 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 039 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 237 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 390 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031