3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әйтенов мырзаның барын салып адал қызмет еткісі келетінін сездім – Шыңғыс Мұқан

03 август 2020, 9:32
Әйтенов мырзаның барын салып адал қызмет еткісі келетінін сездім – Шыңғыс Мұқан
Ардақты ағайын!

Бүгін алғашқы жұмыс күнім аяқталды. Құттықтауларыңызға рақмет.

Мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те мемлекетке қызмет етуге болады. Осы ойға бекініп, мемқызметтен қашқақтап жүр едім.

Соңғы айда көрген індет ойымды біраз өзгертті.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада ұсыныс жасады. Біраз сөйлестік. Бұрын сыртынан ғана танушы едім. Ұсынысқа таңғалдым. Оған ойын ашық айтып жүрген менен гөрі, бұрыннан танитын, яғни сенімді адам қолайлы емес пе деп ойладым. Біраз сөйлескен соң Әйтенов мырзаның Шымкентке барын салып адал қызмет еткісі келетінін сездім.

Енді не істемекпін?

Біріншіден, денсаулақ сақтау саласы. Адам қолын кесіп алса, ол жерге су жиналып, жара пайда болады. Себебі адам ағзасының жасушалары жараны жазуға жиналады. Қазір сондай жағдай. Қаланың бүкіл күш-қуаты жараны жазуға жұмылдырылып жатыр.

Екіншіден, білім саласы. Қарапайым ата-ана ретінде өткен оқу жылын әупірімдеп өткердік. Ата-аналарға да, мұғалімдерге де оңай болған жоқ. Жаңа оқу жылы да оңай болмайды. Дегенмен онлайн мектептің сапасы түспеуге тиіс.

Үшіншіден, коммуникация. Әр істің табыстылығы 55% коммуникацияға байланысты. Көлденең коммуникация ешқашан қиын болған емес. Әңгіме тік, яғни төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге жүретін коммуникация. Сондықтан, байланыстың дәстүрлі түріне қоса, өзімнің қызметтік WhatsApp нөміріме (+77007007091) аса маңызды сұрағы бар адам тікелей жазып жіберіңіз.

Төртінші, мәдениет. Компанияларда «корпоративтік мәдениет» деген түсінік бар. Оны қалыптастыруға ұзақ уақыт керек. Егер қалыптасса, ол компанияны келіп-кететін басшылар емес, мәдениет басқарады. Сондықтан, мәдениет дегенде тек өнер мен музыканы меңзеп тұрғаным жоқ. Сол сияқты жақсы құндылықтардан бастау алатын шымкенттік мәдениетті ары қарай орнықтыру.

Бесінші, бірлік. Қазақстандағы әралуандық (тіл, дін, этнос, мәртебе, көзқарас) алауыздыққа емес, ауызбіршілікке себеп болардай үйлесім табу. Бір түсті гүлден, түрлі түсті гүлден жасалған гүлшоғы әдемі. Әралуандық деген – байлық, әсемдік, әдемілік. Қандай өлшем бойынша әралуан болсақ та, мақсат бір болса, бірлік болады. Ол мақсат, меніңше, Қазақстанның болашағы, елімізді дамыған мемлекетке айналдыру.

Алтыншы, жастар. Не шықса да жастардан шығады. Жастарға жаңа кәсіп үйретіп, жігерлендіріп, жаңа өрістер ашу. Жастарды қуаттандыру да басты басты міндетім болмақ.

Жетінші, қаланың дамуына халықты қатыстыру (public engagement). Халық әкімдік пен мәслихат қабылдайтын маңызды шешімдерде өзінің қатысы барын сезінуі тиіс. Үкіметтік емес ұйымдар осы жұмыста бастамашылдық танытқаны жөн. Түптеп келгенде қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдар атқарып отырған функцияның бірқатарын өздері атқаратын жағдайға жетуі тиіс.

Сегізінші, сенім. Осы жұмыстың барлығын атқару үшін халықтың сенімі қажет. Сенімнің формуласы әділ шешім мен адал еңбек. Сенімге селкеу түсіретін көп фактордың бірі сыбайлас жемқорлық. Бұл да бір вирус. Онымен әр азамат коронавируспен күрескендей күрессе ғана жеңбек. Өзім басқаратын әлеуметтік сала қызметкерлерін таза жұмыс істеуге, бүгінімізге емес, болашағымызға қызмет етуге шақырамын. Барлық әріптестерім қолдайды деп ойлаймын.

Менің алдымда тұрған міндеттің бірқатары осы.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның желідегі жазбасы
Просмотров материала: 711

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 178 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 849 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 349 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 394 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 763 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 532 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 857 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 517 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 578 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 769 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 892 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 815 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 439 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 137 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 855 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 422 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930