15 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспары іске асырылуда

29 июль 2020, 15:38
Жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспары іске асырылуда
Кешенді жоспар 10 бағыт бойынша қаржылық және қаржылық емес шараларды қарастырады, - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. Ол мұны ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында экономиканы қолдау шаралары бойынша өткен онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ .


Бүгінгі таңда 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. Кешенді жоспар "Атамекен" ҰКП мен еліміздің барлық өңірінен келген кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылған және отандық бизнесті толғандыратын неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерді ескереді. Біз бизнеспен үнемі байланыстамыз. Кешенді жоспар 10 бағыт бойынша қаржылық және қаржылық емес шараларды қарастырады. Бұл - өңдеу өнеркәсібі, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп кешені, құрылыс саласы, азаматтық авиация, логистика, туризм, ШОБ және қызмет көрсету секторы, сондай-ақ, әлеуметтік сала. Әрбір сала бойынша өзекті мәселелерді жедел шешу үшін шаралар іске асырылуда. Кешенді жоспарды іске асыру үшін заңнамаға салықтық ынталандыруды қамтитын шұғыл түзетулер пакеті қабылданды. Өңдеуші сектор компанияларының айналым қаражатын толықтыру үшін корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер сомасының 33%-ын 2020 жылғы 2 және 3 тоқсаннан 2021 жылға ауыстыру көзделген, сондай-ақ қосымша құн салығын (ҚҚС) оңайлатылған қайтару мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды, - деді ол.

Министр әуе тасымалы саласын қолдау мақсатында жыл соңына дейін әуежайлар үшін жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жасалатын төлем, сондай-ақ ұшақтардың қосалқы бөлшектерінің импортына ҚҚС және авиакомпаниялар үшін резидент еместердің қызметтері бойынша ҚҚС алынып тасталғанын айтты.

Мемлекеттік емес БАҚ 2020 жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті төлемдерден босатылды. Жеке тұлғалар үшін жыл соңына дейін салықтық рақымшылық енгізілді. Салықтың негізгі сомасын төлеген кезде өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады. Ұлттық инфрақұрылым операторы үшін 2020 жылғы 2 және 3 тоқсандарға арналған ҚҚС төлеу мерзімі 2021 жылдың ақпанына ауыстырылды. Халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдау үшін жыл соңына дейін сүйрейтін техниканы алғашқы тіркегені үшін алым алынып тасталды. Салықтық әкімшілендіру бөлігінде жыл соңына дейін резиденттік сертификаттарын ұсыну мерзімдері ұзартылды, сондай-ақ ТЖ кезінде ресімделген құжаттардың сканерленген көшірмелерінің заңдылығы белгіленді. Кешенді жоспарда салықтық ынталандырулармен қатар, несие беруді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, ішкі өндірісті, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтуды сақтау жөніндегі шараларды іске асыру көзделген. Осы жылдың қыркүйегінде депутаттардың қарауына жеке заң жобасымен екінші түзетулер пакеті енгізілетін болады, - деді ол.
Просмотров материала: 735

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 508 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 102 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 615 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 667 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 020 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 384 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 478 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 769 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 237 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 337 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 658 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 482 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 592 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 239 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 730 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 479 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 173 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 571 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 350 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 276 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 106 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 953 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 257 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 170 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 673 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 495 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 008 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 261 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 635 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 013 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 955 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 045 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 007 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 208 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 364 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930