17 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әзірге онлайн құрбан шалуға ниеттілер көп емес – имам

29 июль 2020, 15:16
Әзірге онлайн құрбан шалуға ниеттілер көп емес – имам
Биыл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Құрбан айт мерекесінде онлайн құрбан шалуға болады. Осы мақсатта «Qurban2020.kz» арнайы сайты іске қосылды. Онлайн құрбан шалу қаншалықты сұранысқа ие, мал сою, етін мұқтаждарға тарату жұмыстары қалай жүзеге асырылады? Azattyq Rýhy Қызылжар орталық мешітінің наиб-имамы Мұхаммедзахир Мирзаевпен осы сұрақтар бойынша сұхбат құрды.

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша онлайн құрбан шалуға тапсырыс беріп жатқандар көп пе? Жалпы аталған қызмет түрі қаншалықты сұранысқа ие?

- «Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» деген мағына береді. Құрбан шалғандағы ниетіміз – жүректі тазартып, Алла тағалағаның ризашылығына бөлену. Жылына бір рет келетін мейрам – ислам әлемінің ең ұлық мерекелерінің бірі. Елімізге келген қауіпті вирус – үйреншікті тұрмыс-тіршілігімізге біраз өзгеріс енгізді. Биыл Құрбан айт мерекесі де басқаша сипатта аталып өтілмек. Ал, онлайн құрбан шалуға тапсырыс беріп жатқандар санына келер болсақ, оларды көп деуге келмес. Негізі, құрбандыққа шалынған ма етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ. Дегенмен, «Qurban2020.kz» сайтын жан-жақты жарнамалап, халық арасында насихаттап жатырмыз. Өйткені, ол қазіргідей эпидемиологиялық жағдайда еліміздегі ең тиімді платформа болып тұр. Құрбан айт мерекесіне дейін әлі аз да болса уақыт бар. Сондықтан, оның көмегіне жүгінетіндер қатары артады деген үміт басым.

- Онлайн құрбан шалу – ауқымды ұйымдастыру жұмыстарын талап ететіні анық. Сойылатын малды тауып, әр тапсырысты қанағаттандыру қажет. Малды қайдан аласыздар?

- Қала сыртында шахар әкімдігі жабдықтаған арнайы орын бар. Оған Құрбан айт күндері мал әкелінеді. Ол жерде тәжірибелі қасапшылар жұмыс істейді. Сайтта тіркелген тапсырыстар саны бойынша құрбандық шалынады. Қазір әзірлік жұмыстары аяқталды. Барлығы дайын тұр деуге болады.

- Құрбан айт қарсаңында қойдың бағасы күрт қымбаттап кететіні бар. Бұл жайт жыл сайын қайталанатындықтан, жұрттың оған еті үйренген сияқты. Бір қызығы, биыл қой бағасы ерте қымбаттады. Әсіресе, пандемия кезінде қойдың құйрық майы қат тағамдар қатарына кірді. Басты себеп – «қойдың құйрық майы қауіпті індеттен айықтыратын таптырмас ем екен» деп әлеуметтік желіде желдей ескен хабар. Сол-ақ екен, базардағы қой етінің бағасы да әп-сәтте еселеп өсті. Бұл мәселеге қатысты мешіт өз тарапынан қандай да бір ықпал жасай ала ма?

- Иә, өкінішке қарай бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Бірақ, біз биыл оны түгелдей доғарып, мал басына бір баға қойдық. Мәселен тоқты, қой деп бөлдік. Одан кейін қара мал мен ешкі. Әрқайсысының құнын белгіледік. Әрине, бәріне жаппай бір баға қою оңай болған жоқ. Дегенмен, тоқтының құнын 45, ал қойдың бағасын 50 мың теңгеге бағаладық. Ешкі 35 мың теңге болса, ірі-қара бағасы 300 мың теңге көлемінде межеленді. Бұл сомаға малды сою, жіліктеу, басын үйіту, ішек-қарынын тазалау сынды жұмыстардың барлығы кіреді.

- Онлайн құрбан шалатындар мал ақшасын «Kaspi gold» қосымшасы арқылы аударады. Қаржылық операцияны жүзеге асыру әдісі алаяқтардан қаншалықты қорғалған?

- И», қаражат Kaspi банкі арқылы өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының немесе мешіттің мақсаты аталған қаржылық ұйымды жарнамалау емес. Бізге ең қолайлысы осы болғандықтан, таңдау соған түсті. Мамандар оны жан-жақты қарастырды. Оның қауіпсіз екендігіне кепіл берді.

- Қашықтықтан құрбан шалу бірқатар мұсылман мемлекеттерінің тәжірибесінде бар. Олардың тәжірибесін зерттеп көрдіңіздер ме, зерттесеңіздер, олардың тиімді және әлсіз тұстарын байқадыңыздар ма?

- БАӘ, Түркия елдерінде мұндай тәжірибе ертеден бар. Бұл қызмет әсіресе мегаполистерде үлкен сұранысқа ие болады. Көп азаматтар үшін қолайлы. Жергілікті менталитетті де ескеріп, назарға алдық. Мал союға мүмкіндігі жоқ азаматтар қаржысын аударса жергілікті. Қалғанын мешіт ұйымдастырады. Тек құрбан шалу шарты бойынша малды үшке бөліп, бір бөлігін мал иесі өзі алып, қалғанын қайырымдылыққа жұмсайды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты оны тарату мүмкін болмағандықтан, біз оның барлығын қайырымдылыққа жұмсауды ұйғардық.

- Шаңырағында адам қайтыс болғанына үш жыл толмаған кейбір азаматтар арапа күні мал сойып, «ішек» береді. Айт күні құрбан шалмайды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы «ішекті» атап өту қайдан шыққан деп ойлайсыз?

- «Ішек» діннен гөрі, дәстүрге көбірек келеді. Ол салтымыздан негіз алған деуге болады. Ішек беру міндет емес. Әр адамның өз қалауы. Бүгінгі күні парыз етілген Қүрбан айт намазының оқылуы тоқтатылып отыр. Оның барлығы ортақ мүдде, адамдардың қауіпсіздігі, деннің саулығы мақсатында жасалып жатыр. Арапа күні мал сойып, Құрбан айт күні шалмаса, тікелей міндетімен емес, жанама жұмыспен айналысқандай болады.
Просмотров материала: 1 375

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 692 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 326 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 818 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 881 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 240 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 896 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 953 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 259 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 891 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 965 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 152 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 666 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 696 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 316 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 989 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 553 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 660 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 474 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 340 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 172 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 033 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 355 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 254 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 739 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 769 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 324 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 702 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 017 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 141 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 288 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930