15 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәулен Әшімбаев: «Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес

28 июль 2020, 13:03
Мәулен Әшімбаев: «Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес
«Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес. Бұл жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәулен Әшімбаев өз жазбасында Парламенттің өткен сессиядағы жұмысына тоқталып, қабылданған кейбір нормаларға назар аударған.

«Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының экономиканы қалпына келтіру және пандемиямен күрес жұмыстарына қатысты барлық бастамасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз еткенін ерекше атап өткен жөн», – деді Сенат Төрағасы.

Сондай-ақ, ол парламенттік каникулға шыққан сенаторлардың өз өңірлерінде және елордада індетпен күрес жұмыстарына белсене атсалысып жүргенін айтқан.

«Бүгінде депутаттар өз өңірлерінде жұмыс істеуде. «Парламенттік каникул» дегеніміз дәстүрлі демалыс емес. Бұл – ең алдымен, жұмысты Парламент қабырғасынан тыс жерде жалғастыру деген сөз. Қазірдің өзінде сенаторлар алдағы сессияда қаралатын заң жобаларымен жеке жұмыс істеп жатыр», – делінген жазбада.

Індетке байланысты қабылданған шектеу шаралары депутаттардың аймақтардағы сапарына да айтарлықтай әсер еткенін айтқан Сенат Төрағасы халықпен кездесулердің алдағы уақытта өткізілетініне назар аударған.

«Карантин кезінде азаматтармен жаппай кездесуден бас тартуға тура келді. Бірақ карантин аяқталып, эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң халықпен кездесулер міндетті түрде өткізіледі. Бүгінде аймақтарға барған сенаторлар Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалап, бақылау жүргізуде. Дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жетіспей жатса, сол түйткілді дереу көтеріп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды жұмылдыру арқылы мәселенің оң шешілуіне септіктерін тигізіп жатыр», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол індет кезіндегі қайырымдылық істерге де тоқталып өткен.

«Депутаттарымыз халықпен бірге өз қаражаттары есебінен азаматтардың және медициналық мекемелердің қажеттілігі үшін қолдау көрсетуде. Көпшілігі бұл әрекеттерін жария түрде жасап жатқан жоқ. Жасаған қайырымды істерін жариялау не жарияламау – әркімнің жеке қалауы. Дегенмен, қазіргідей жағдайда қайырымдылық пиардың құралына айналып кетпеуі керек деп есептеймін», – деген Сенат Төрағасы

Құрбан айт қарсаңында қолға алынған жаңа бастаманы да тілге тиек еткен. «Құрбан айт қарсаңында сенаторлар медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған акцияға белсенді қатысып жатыр. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет қоры» депутаттармен және еріктілермен бірлесіп дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің отбастарына азық-түлік қоржындарын таратуды ұйымдастырып отыр. Мен бұл ізгі бастама қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдау табады деп ойлаймын», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы пандемиямен күрес жұмыстарына әр азаматтың үлес қосу керектігін атап өткен.

«Коронавирус адамдарды әлеуметтік мәртебесіне, тұрмыс жағдайына, жынысына, этникалық сипатына қарай бөлмейді. Сондықтан пандемиямен күрес – жалпыұлттық күрес деген сөз. Осы жағдайда сенаторлар азаматтардың денсаулығын қорғауға және дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруге бағытталған жұмысын жалғастыра береді. Барлық мүдделі азаматтармен және ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеп, бірлесіп әрекет етуге дайынбыз», – делінген Мәулен Әшімбаевтың жазбасында.
Просмотров материала: 777

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 175 121 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 174 882 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 174 499 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 174 549 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 174 840 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 282 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 418 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 648 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 729 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 886 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 563 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 965 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 407 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 241 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 061 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 268 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 335 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 010 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 396 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 120 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 964 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 799 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 058 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 999 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 518 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 988 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 833 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 109 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 448 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 849 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 803 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 851 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 810 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 036 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 185 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930