8 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Педофилдерге қатысты өлім жазасын енгізуге қарсымын – Абзал Құспан

27 июль 2020, 10:25
Педофилдерге қатысты өлім жазасын енгізуге қарсымын – Абзал Құспан
Педофилияға қатысты танымал адвокат Абзал Құспан өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кешелі-бері бірнеше журналистке педофилияға қатысты сұхбат бердім.

Уақыт тығыздығына байланысты ауызша айттым да әдеттегіше айтқаным қағаз бетіне қалай түскенін тексеріп жатуға мүмкіндігім болмады. Қазірде ұшақ ішіндегі аз уақытымды ұтымды пайдаланып, өз ойларымды қысқа-нұсқа нақтылай кетейін, - деп жазды ол.
Ең негізгі сұрақ өлім жазасын енгізуге қатысты; қарсымын, себеп:
- ҚР құқық қорғау жүйесі, оның ішінде сот қызметінің сапасы сын көтермейді, соның салдарынан жазықсыз адамдар істі болу қаупі өте жоғары, оған себеп;

а) қылмыстың бәрі айқын (очевидный) сипатқа ие бола бермейді, тиісінше резонансты істерді қалайда ашу мақсатында ҚҚ органдары іске қатысы жоқ адамды құрбан ете салуы мүмкін. Және оған олар саналы түрде барады. Әдетте, ондай адамдар (құрбан/жертва) не қаржысы, не ықпалды танысы (тірегі), тиісінше сұрауы жоқ қарапайым отбасы мүшелерінен таңдалып алынады. Ал сотымыз алдына келгенді соттай салатынына күмәніңіз болмасын!

ә) қателік. Тергеуде де, сотта да адами фактор әсері тым жоғары. Сот қателігі - жемқорлық пен дилетантизм батпағында қайраңдаған ҚР тұрмақ, небір дамыған елдерде де орын алуда, оған тарихтан мысал жетеді.

б) кәсібиліктің төмендігі/жоқтығы. Басқа саланы білмесем де, ҚҚ жүйесінде дилетанттар жетіп артылады! Оның үстіне соңғы кезде жаппай орын алған, заңгер мамандығына кез келген жерде, кез келген ЖОО-да дайындай беру де бүгіндері өз жемісін беруде...

- байыптылық керек. Жалпы адам тағдыры таразыға салынар тұста, дүрмекке еруге, эмоцияға бой алдыруға болмайды. Құқық ғылымы адамзат тарихындағы ең алғашқы ғылымдар қатарына жатады. Ол одан бері дамыды, жетілді, кемелденді. Сондықтан заңға өзгеріс енгізуде ең бірінші кезекте ғылыми негіздеме басшылыққа алынуы тиіс!

- қылмыс табиғаты. Қылмыс адамзат жаралғалы пайда болған құбылыс, қияметке дейін жалғасады деп ойлаймын. Азаюы, көбеюі мүмкін бірақ біржола жойылмайды-ау. Құранда да, Библияда да Адам ата мен Хауа анадан туған ағайынды Әбіл мен Қабыл бір-бірін өлтіреді емес пе?! Сондықтан ату жазасы енгізілсе қылмыс тоқтап қалады деудің қисыны жоқ.

- қылмыскер табиғаты. Әдетте қылмыскер қылмыстық кодексті ашып “мен ұсталып қалсам, қандай жаза күтіп тұр, одан қалай құтыламын” деп отырмайды.

Барлық қылмыскерге тән ортақ нәрсе өздерін ешқашан ұстатпайтын Фантомас сезінетіндері. Әйтпесе, қазіргі өзгеріс бойынша ең кемі 10 жыл айрықша (особый) режимге сотталу + кастрацияға ешқайсысы қуана қоймасы анық.

- статистика. Мен педофилия елде көбейіп кетті деген пікірмен әзірге келіспеймін, себебі еш жерден нақты дәлел-дәйек көре қоймадым. 21 ғасыр ақпарат заманы, бұрын естіле бермейтін жаманат хабар, қазір сәуле жылдамдығынан тез таралады.

- педофил, ол бірінші кезекте ауру адам, сосын барып қылмыскер! Сондықтан кез келген ауруды емдегендей оны емдеп, сосын жазасын беру керек, оның ішіне әрине кастрация да кіреді.

- гуманизм. Ол жайлы айтпай тұра тұрайын әзірге...

Көп балалы ата-ана ретінде Сәтпаев тұрғындарын толық қолдаймын! Қиратса да, бүлдірсе де мүлік - адам өмірі, адам тағдырынан жоғары болмау керек! Тек осындай шаралар арқылы мясниктер басқаратын антихалықтық ІІМ жүйесін өзгертерміз, мүмкін...?!

Просмотров материала: 1 753

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 419 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 100 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 600 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 635 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 008 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 785 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 815 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 147 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 828 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 064 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 995 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 504 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 692 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 506 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 348 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 559 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 439 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 925 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 310 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 889 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 323 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 254 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 496 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031