17 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Депутат Қызылордадағы су тапшылығы мәселесін көтерді

Депутат Қызылордадағы су тапшылығы мәселесін көтерді
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесін көтерді. Бұған дейін ол осы мәселені қаузаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше Жаңақорған және Шиелі аудандарында болып, күріш алқаптарына жетпей жатқан су тапшылығына байланысты бірнеше егіс алқабында диханшылармен кездесулер өткіздік. Кездесуге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жақанов, аудан әкімдері және облыстық су шаруашылық мамандары қатысты. Сырдария өзеніндегі судың азайып кетуіне байланысты қазірдің өзінде бірнеше жүздеген гектар күріш алқабы сусыз қалды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне секундына 520 куб су түсуде. Жолай судың булануы мен Түркістан облысының егіншілігіне пайдалануы бар Жаңақорған ауданына секундына 460 куб су келеді екен. Сәйкесінше, бұл дария деңгейінің түсіп кетуіне әкеп соқтырып, салдарынан егіс алқаптарына баратын каналдарға су аз барады. Кезінде Жаңақорған ауданының тұсында өзен суын көтеретін құны бір млрд теңгеден асатын қаржыға тоспа салынған болатын, - деді Бақтиярұлы.
Сенатор айтқандай, ол сапасыз салынғандықтан небәрі үш жыл ғана істеп, қазір жұмыс істемей тұр.

Өкінішке қарай, оған ешкім жауап бермейді. Тиісті құқық қорғау органдарының назарына. Шиелі ауданында да судан қалған егіс алқаптары бар. Облыстық су шаруашылығы басшысының мәліметінше, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы егіс алқаптарына су жетпеу тапшылықтары қатты сезілуде екен. Мамандармен, диханшылармен пікір алысу барысында қалған егіс алқаптарын аман алып қалу үшін Шардарадан төмен түсіп жатқан су деңгейін 7 тамызға дейін секундына 520 кубтан түсірмеу керек. Сонда ғана негізгі күріш алқаптарын пісіру деңгейіне жеткізе аламыз. Ала жаздай маңдай тері сорғалап еңбек еткен сыр диханшыларының жанайқайын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен оның орынбасарларына телефон арқылы жеткіздік. Қалыптасқан жағдайды сараптап, мүмкіндік болғанша су деңгейін тамыз айының 5-не дейін ұстап тұрудың жолын қарастыруға және бұл мәселе жеке бақылауда болатындығына уәде берді. Сенейік, диханшылар қауымы да үлкен сенім артады. Жалпы келешекте су тапшылығы бола беретіндігі анық екені рас, - деді ол.

Мұрат Бақтиярұлы сондықтан да суды аса көп қажет ететін күріш дақылын да әртараптандырудың жолын қарастыру керегін айтты.

Бұл күріш екпеу деген сөз емес. Мамандардың айтуынша, биыл облыс 90 мың га күріш еккен. Осынша жер көлемін үш ай бойы сумен қамтамасыз етіп тұру су тапшылығы жағдайында мүмкін емес. Сондықтан да барлық агротехникалық талапты мүлтіксіз сақтайтын, егіс алқаптары қазіргі инженерлік жүйеге келтірілген, техникалық базалары өте жақсы, үнемі жоғары өнім алатын шаруашылықтар айналысса. Екіншіден, су тарифтері өте төмен. Бір куб судың бағасы 28 тиын ғана. Мысалы, 1 га жерге егілген күріш піскенге дейін 24 мың куб суды кажет етеді екен. Оны қаржыға шақсақ - 6720 теңге, оның жартысын мемлекет субсидия ретінде төлеп береді. Жыл сайын күрішті суландыруға үш млд кубқа жуық су пайдаланамыз, сол судың құны 700 миллиондай ақша ғана. Бір кг қара күріштің өзіндік құны 80 теңге болса, соның ішінде судың құны 2 теңгені құрайды. Бұл - парадокс! Су - стратегиялық тауар. Сондықтан Үкімет су тарифына қатысты ұстанымын өзгертуі керек. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы аудандарында суды аз қажет ететін бау-бақша: жоңышқа, рапс, күздік бидай, жүгері, қауын-қарбыз т.б. дақылдарды көптеп егу керек, - дейді ол.

Депутат айтқандай, дихандарды тартып, қызықтыру үшін осы дақылдарға катысты субсидияны кайта қарау керек.

Жалпы бізге су негізінен кіші Арал теңізі үшін барынша қажет. Қазір оған су бармай жатқандықтан, теніздің деңгейі төмен түсіп кету қаупі бар. Қамбаш көлі қазір жағалаудан 150 метрге дейін алыстап кетті. Сондықтан да барлық тіршілігі тек Сырдария суына ғана тәуелді Қызылорда облысы үшін суды аз пайдаланатын дақылдар егіп, өнім алушыларға катысты арнайы бағдарлама қабылдау қажет, - деді ол.
Просмотров материала: 734

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 878 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 709 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 337 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 385 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 667 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 069 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 430 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 432 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 597 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 323 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 844 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 344 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 200 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 017 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 211 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 295 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 961 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 349 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 068 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 086 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 919 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 752 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 016 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 957 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 471 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 937 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 790 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 063 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 391 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 805 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 762 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 814 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 764 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 991 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 138 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031