26 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Саумал, шұбат, жылқы еті мен борсық майы – профессор індетпен күрестің ұлттық әдісі жайлы

20 июль 2020, 14:35
Саумал, шұбат, жылқы еті мен борсық майы – профессор індетпен күрестің ұлттық әдісі жайлы
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленов телефон арқылы байланысқанымызда індетпен күрестің ұлттық әдісі жайлы айтып берді. Оның айтуынша ұлттық тағам мен сусын түрлерінің денсаулыққа пайдасын ата-бабаларымыз бұрыннан білген. Бойыңызда антиденені қалыптастыратын ұлттық тағамдарымыз жайлы сұхбатты ҚазАқпарат назарларыңызға ұсынады.

«Екі мәселе бар: біріншісі – вирусты адам ағзасына кіргізбеу, екіншісі – еніп кеткен жағдайда оның ауыр әсерін болдырмау. Бұл – үлкен жұмыс. Ең алдымен эпидемиологиялық қатал режимді сақтау керек. Бұл бір. Оның бәрін көп айттық. Екіншісі – коронавирустың адам ағзасына енгеннен кейін әсер ету механизмдері бар. Халық көбін біле бермейді. Сол механизмдерге байланысты ешқандай асқыну болмау үшін алдын алу керек. Үшіншісі – ауырған адамдарды дұрыстап сауықтыру керек. Ол өте күрделі, мазмұнды жұмыс», - деді Ерболат Дәленов.

Профессордың айтуынша вирусты жеңу үшін ең біріншіден адам позитивті жүруі тиіс. Себебі депрессия мен үрей онсыз да ауырып тұрған адамның еңсесін тіпті түсіріп, ағзасын әлсіретуі мүмкін.

«Құдайға шүкір, Қазақстанда коронавирус жұқтырушылардың 80 пайызы ауруды жеңіл түрде көтеруде. Қалғаны орта және ауыр дәрежеде өткеріп жатыр. Оны да емдеуге болады. Жалпы коронавирустың жеңіл түрімен еліміздің азаматтары қаңтар, ақпан айларынан бері ауыруда. Пневмонияның жеңіл түрі, бронхиті бар – жалпы желтоқсаннан басталған. Олардың бәрі сырқаттанып, жазылып, қазір олардың бойында иммунитет қалыптасып қалды», - деген Ерболат Дәленов адамдар ауырса ауырып, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керектігін де жеткізді.

Профессор әйтсе де «иммунитет пайда болды, ауыра берейік» деп отыра бермеу керектігін ескертеді. Алдын алу үшін эпидрежимді қатаң сақтаған дұрыс. «Қазақ халқының менталитеті тамаша. Әйтсе де кейбір мәселені реттей білуіміз керек. Екіншіден дұрыс тамақтану керек. Қазір коронавирустың ең бір әсері – адам ағзасына енгеннен кейін қылтамырлардың ішкі қабатына барып, сол жерде қабыну процесі өршиді. Қылтамырлардың көбісі өкпеде. Өкпе қабынса коронавирус инфекциясы сурфактант қатпарын құрта бастайды. Ол майлы қатпар. Өкпеге май керек. Ерте кезде біздің халық туберкулез немесе тұмау кезінде қойдың құйрығын шыжғырып берген, қымыз ішкізіп, борсықтың майын ішкізген. Өкпе – көптеген гармонның депосы. Сондықтан өкпе дұрыс жұмыс істеп тұруы үшін май керек», - деген профессор бұл аурудың алдын алу үшін жылы суды өте көп ішу керектігін ескертті.

Ерболат Дәленов сонымен қатар мал етінің сорпа-суын да жиі ішу дұрыс дейді. Тағамның 50-60 пайызы – мал еті, қалғаны – көкөніс болуы тиіс.

«Қойдың, сиыр мен жылқы етінің сорпасы, тауық теі мен балық – міне осылардың бәрі денсаулыққа пайдалы. Әсіресе жылқының етінде көкөністегі витаминдердің бәрі бар. Қойдың майында да, жылқының етінде холестерин өте аз. Ерте кезден қазақ неге құдаларына құйрық бауыр асатқан? Алдымен денсаулыққа пайдасын білген. Осының бәрі ғылыми негізде дәлелденген. Бірақ осы тағам түрлерін ретімен тұтынған жөн. Адам қандай күйде? Бауыр немесе жүрек ауруы бар ма? Әрбір адамның денсаулық күйін жеке бақылап, мөлшерімен беру керек», - дейді ол.

Қазақтың ерек сусыны – қымыз. Ерболат Дәленовтың сөзіне сенсек қымыз да, шұбат та қабынуға қарсы тұрып, зат алмасу процесін жақсартады. Адамның реактивтілігін арттырады. Қан ағысын күшейтеді.

«Қымызды түске таман тамақтан кейін ішсеңіз – өте пайдалы. Ал жаңа ғана саумалдың құрамындағы қышқыл мен белок, альбуминдер мен аминқышқылдары – осылардың бәрі антиденемізді туғызады. Антидене вирустарға қарсы қызмет жасап, олардың күшін азайтады. Міне сондықтан індеттің алдын алу үшін қымызды да, шұбатты да, саумалды да ішу керек. Қазір қала шетінде бие байлап отырған азаматтарға күнде халық ошарылып барып, бір кесе саумал үшін кезеккке тұратынын естіп жатырмын. Бірақ бір кеседен көп адамның ішкені дұрыс емес. Сондықтан ғылыми негізде әкімдіктің араласуымен дұрыс жолға қойып, гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек. Саумалды дұрыс ішетін болса ол – бірден-бір ем», - дейді профессор.

Ерболат Дәленовтың сөзіне ұққанымыздай жылқының еті мен қымызы, түйенің шұбаты адам ағзасының реактивтілігін арттырып, қанның ұюын азайтады. Бактерияларды өлтіреді.

«Ертеден бері халқымыз көптеген індетті бастан өткерген. Құтылған. Өзінің осындай ұлттық тағамдарының көмегімен де оны еңсерген. Сондықтан бұл індеттен де құтыламыз. Карантин кезінде ұйымдастыру шараларының нашарлығынан осындай қиындықпен бетпе-бет келдік. Қазір құдайға шүкір бәрі қолға алынды. Бірі «бұл саясат», екіншісі «жай тұмау» деп жүріп, қазіргі күйге келдік. Ешқандай саясат жоқ. Кеше ғана бір көршіміз қайтыс болды. Сонда бір жігіт енді ғана «ойбай біздің елде коронавирус бар екен ғой» деп жағасын ұстап тұр. Осындайды қою керек. Сақтанып, көшеде масканы киіп, қолды жиі жуып тұру керек. Иіліп сәлем беріңіз. Құшақтасудың әзірге керегі жоқ. Құранда да «сақтансаң сақтаймын» деген. Абай болайық», - деп түйді Ерболат Дәленов.
Просмотров материала: 1 121

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 065 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 709 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 743 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 037 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 097 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 421 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 118 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 307 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 194 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 232 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 016 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 886 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 712 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 860 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 997 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 665 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 035 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 763 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 768 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 613 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 453 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 708 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 657 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 163 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 594 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 489 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 741 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 082 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 490 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 470 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 510 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 452 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 689 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 831 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30