22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үкімет: Фармацевтика салаларында 1,1 трлн теңгеге 160 жоба жүзеге асады

10 июль 2020, 16:00
Үкімет: Фармацевтика салаларында 1,1 трлн теңгеге 160 жоба жүзеге асады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрі Асқар Мамин еліміздің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет басшысы жаһандық теріс ықпалдардың аясында биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанның ЖІӨ 1,8%-ға төмендегенін атап өтті. Бұл ретте экономиканың нақты секторында тұрақты өсім байқалған. Тауарлар өндірісі 4,1%-ға өскен.

Негізгі драйверлер құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) болды, олардың өсімі автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл өнімдерін өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резина және пластмасса бұйымдарының (8%) және қағаз өндірісі (15%) есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар тау-кен өндірісі өнеркәсібінде (2,2%) оң динамика байқалды. Еліміз бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 7,3%-ға өсті. Дегенмен, төтенше жағдай режимі мен карантиндік шектеу шараларын енгізу аясында биылғы 6 айда қызмет көрсету секторында 5,6%-ға төмендеу байқалған. Жылдық инфляция 7% құрады.

Еліміз бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша орташадан жоғары деңгейдегі өсім Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында қамтамасыз етілді. Қостанай, Алматы, Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің оң екені байқалды, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ, Шымкент қаласында жекелеген көрсеткіштердің теріс екені байқалды. Қызылорда, Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстары көптеген көрсеткіш бойынша орташа республикалық деңгейден артта қалған.

Қазіргі кезде Үкіметтің негізгі міндеті – коронавирус індетінің және жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жою, елімізде жұмыспен қамтуды қолдау. Осы мақсатта ауқымды шаралар қабылданып жатыр, — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезеңінде экономиканы тұрақтандыру және тұрғындарды қолдау бойынша жедел және шұғыл шаралардың 2 топтамасы (биылғы 23 және 30 наурызда) қабылданғанын атап айтты. 2020 жылдың соңына дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар аясында тұрғындардың іскерлік белсенділігін ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және табысын қолдауға бағытталған нақты салалық шаралар іске асырылуда. Жаңа редакциясында 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды әзірлеу жұмысы жүргізілуде, ол еліміздің орташа мерзімді перспективаға арналған жаңа экономикалық бағытының негізгі бағдарларын айқындайды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтуды қалыптастыру шараларымен 1,2 млн-нан астам азамат қамтылды. Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы бойынша 6,5 мың жобаның 6,1 мыңнан астамы іске асырыла бастады, 146 мың адам жұмысқа орналастырылды. 5,5 мың шақырым республикалық және 4 мың шақырым жергілікті жолдардың құрылысы мен реконструкциясы жүргізілуде. Осы жылдың 6 айында 800 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері реконструкцияланды, 13,7 млрд теңге сомасына өңірлерді газдандыру бойынша 21 жоба іске асырылып жатыр.

Индустрияландыру картасы аясында биыл отын-энергетика және агроөнеркәсіптік кешендерде, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында, машина жасау және фармацевтика салаларында 1,1 трлн теңге сомасына 160 жоба жүзеге асырылады.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға 232 млрд теңгеге дейін, қайта өңдеуге 16,6%-ға 40 млрд теңгеге дейін өсті. Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн гектарға дейін жеткізілді. Биылғы 6 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлеміндегі экспорты 14,9%-ға, 4,7 млн тоннадан 5,4 млн тоннаға дейін артты. Сумен қамтамасыз етуді арттыру және қалпына келтіру жобаларын іске асырудың нәтижесінде суармалы жерлердің жалпы көлемі 2020 жылғы 1,5 млн га-дан 2022 жылы 2 млн га-ға дейін ұлғаяды.

Қазақстанның жаһандық дата-хаб ретінде дамуы аясында 110 млрд теңгеден астам тартылған инвестициялармен 32 дәстүрлі және 17 ірі тау-кен деректерді өңдеу орталығы салынды. 2024 жылға дейін 633 млрд теңгеге қосымша инвестиция тарту және 2000 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Премьер-министр Үкімет бизнеске салықтық жүктемені жеңілдетумен және бюджет шығыстарын экономикалық белсенділікті қолдауға бағыттай отырып, контрциклді макроэкономикалық саясатты іске асыруды жалғастыратынын атап өтті. Адами капиталды дамыту, институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады, тікелей шетелдік инвестицияларды жаппай тарту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Үкімет экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың табысын қолдау жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды, — деді А. Мамин.
Просмотров материала: 808

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 184 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 016 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 657 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 681 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 989 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 902 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 049 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930