16 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отандық денсаулық сақтау жүйесі берілген уақытты тиімді пайдалана алмады – депутат

09 июль 2020, 15:03
Отандық денсаулық сақтау жүйесі берілген уақытты тиімді пайдалана алмады – депутат
Соңғы екі апта қазақстандықтарға ауыр тиіп жатыр. Ел медицинасының пандемияға толықтай дайын болмауының салдарынан коронавирустың жаппай өршуі, ауруханаларда өкпені жасанды желдету аппараттарының жетіспеушілігі, бір үйден бірнеше адамның індеттен көз жұмуы толастар емес. Осыған орай Azattyq Rýhy тілшісі тележурналист, Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігітоваға хабарласып, елдегі орын алып жатқан жағдайға қатысты пікір сұрап, аз-кем сұхбаттасқан еді.

– Дана ханым, қазіргі елде орын алып жатқан жағдаймен жақсы таныссыз. Дәл осындай сценариге биліктің де, халықтың да дайын болмағаны анық. Енді жағдай қалай болады деп үрейленіп отырған халыққа не айтасыз?

– Қаһарына мінген індетпен күресте дәл қазір керегі - үрейге берілмеу! Күресті тоқтатпау! Шілденің басында саны 400 ғана болған мобильді әмбебап топтардың саны ай соңында 3,5 мыңға дейін жеткізіледі. ПТР-тест тапсыру орталықтары тәулігіне 40 мыңға дейін сараптама жасайтын болады. Дәріханаларға парацетамол, антибиотиктер сынды қажетті медикаменттер жеткізіледі. Дәрігерлер ақпараттық жұмысты күшейтетін болады. Індетпен күреске бөлініп жатқан қаражат үздіксіз, жіті бақылауға алынады. Халық қиналып жатқанда, есебін түгендеп жанталасқан арсыздардың жолы кесіледі!

– Бүгінгідей жағдайға жетуімізге кім кінәлі?

– Наурыз айында жарияланған төтенше жағдай мен алғашқы карантин індетке қарсы шараларды шұғыл қолға алып, шетелдік тәжірибелерді ескеріп, көзге көрінбес жауды сақадай сай қарсы алуға қажетті алтын уақыт еді. Өкінішке қарай, бүгінгі жағдай отандық денсаулық сақтау жүйесі берілген уақытты тиімді пайдалана алмағанын көрсетіп отыр. Президент індеттің алғашқы күнінен бастап ең ауыр сценариге дайын отыруымыз керек демеді ме?! Яғни, бірінші карантиннен кейін халық қауіптің сейілмегенін ескермейтіні, ауруханадағы орындардың жетіспеуі, алыпсатарлардың көбеюі, халықтың психологиялық ауыр жағдайға түсуі, дәрі-дәрмектің жетіспей қалуы, жаңа вирустың емдеу хаттамасы ресми түрде өзгеріп тұрғаны, емдік шаралардың бірізділікке бірден түспеуі, халық өздігінен ем іздей бастауы денсаулық жүйесіндегі үйлестіру жұмысы мамандарының алдын ала зерттелетін жұмыстары еді ғой! Жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыру – менеджердің мызғымайтын төрт қағидаты. Осының барлығына бүгін Президент тиісті бағасын беріп, бұл жағдайдан сабақ аламыз деді.

– Мемлекет басшысы 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Өзіңіз атап өткендей, үрейге беріліп, атқамінерлерден қолдау күтіп отырған халыққа не айтасыз?

– Иә, Қасым-Жомарт Кемелұлы Сабыр Адайдың «Әр қазақ менің жалғызым» деген бір ауыз сөзімен бүгінде қара жамылған әр қазақтың шаңырағына көңіл айтты. 13 шілдені АЗА ТҰТУ күні деп жариялады.

Індетпен күресіп жатқан әрбір жанға Жаратқан күш-қуат бергей! Қара жамылған жұртқа қайғырып көңіл айтамын! Бекем болыңыздар! Барлық сақтық шараларын орындап, абай болайық!
Просмотров материала: 514

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 200 044 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 199 661 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 199 159 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 199 210 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 199 577 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 642 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 711 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 013 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 601 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 683 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 888 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 595 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 637 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 420 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 275 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 792 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 515 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 209 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 608 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 410 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 302 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 136 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 986 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 298 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 208 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 704 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 566 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 054 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 286 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 665 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 041 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 982 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 096 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 047 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 245 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 398 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031