26 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әйеліне 12 көлік әперген МСҚ басшысына қатысты дау өршіп тұр

09 июль 2020, 14:02
Әйеліне 12 көлік әперген МСҚ басшысына қатысты дау өршіп тұр
Әлеуметтік желілерде медициналық сақтандыру қоры басшысы Айбатыр Жұмағұловқа қатысты дау өршіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін де талай рет сынға ілінген басшыға қатысты жаңа дау оның әйелінің инстаграмдағы жазбасынан кейін қайта жанданған.

Қор басшысының жары, белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанып пост қалдырғаны бар.

Алғаш болып, Зайырованың жазбасын журналист Гүлбану Әбенова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Дәл осындай уақытта медициналық сақтандыру қоры басшысының байбішесі өзінің жазылушыларының алдында күйеуінің уәде берген 10 көлік емес, 12 көлік сыйлағанын айтып мақтанып жатыр, - деп жазды Гүлбану Әбенова.

Оның айтуынша, бұл ӘМСҚ басшысы жұбайының көпшіліктің назарына ілікке бірінші жазбасы емес екен. Ол 2 айдан бері қордың жұмысын қадағалап келе жатқанын айтты.

Әлеуметтік желіде қызу талқылап басталып кеткен соң, Айбатыр Жұмағұлов блогерлермен онлайн конференция өткізіп, бұл жазба 4 жыл бұрын жарияланғанын айтқан. Сонымен қатар, 12 емес бір ғана көлігіміз бар депті.

Жақында "Атамекен" бизнес арнасының тілшілері қор ақпараттық түсіндіру жұмыстарын 233 миллион теңге жұмсағанын жазды.

Айтпақшы, Гүлбану Әбенова жазғандай, ӘМСҚ қорынан тапсырыс алғандар арасында "Егемен Қазақстан", "Қазправда", "Время", "Литер", "Айқын" секілді газеттер, "Zakon.kz”, “Kursiv”, “Baribar”, “Nur.kz сияқты ақпараттық порталдар бар екен.

Бұған наразылық білдіріп жатқардар бар. Мысалы, Сәуле Омарова есімді әлеуметтік желі қолданушысы былай деп жазған:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры соңғы екі жылда ақпараттық- түсіндіру жұмыстарына 233 млн теңге жұмсапты. Қош дейік. Бірақ қорға ақша аударғанымызбен, сол ақшаға ол қор қандай қызметтерді тегін ұйымдастыратынын мен өзім әлі күнге ұқпайм. Және мен жалғыз емеспін. Бір білетініңіз бар ма? Мысалы сіз эндокринолог маманға қаралдыңыз. Сонда міндетті түрде қалқанша безінің гормондарына анализге жібереді. Ол қызмет бұрыннан ақылы. Қазір де өз қалтаңыздан төлейсіз. Сонда не өзгерді? Емханада УЗИ тегін жасата аласыз. Кезекке тіркеліп, уақыты келгенде түсесіз. Егер шұғыл жасату қажет болса, онда басқа жолын іздейсіз. Бұрыннан солай.Мұндай мысал көп, - дейді Сәуле Омарова.

Ол емханадағы дәрігерлер барған науқасқа неге түсіндірмейтінін таңданысын жасырмайды.

Осы сараптаманы қордың есебінен тегін тапсыра алатынын неге айтпайды? Міне, осы қор жұмысының көрсеткіші болар еді. Damumed қосымшасына қор тарапынан төленетін қызметтердің тізімін жазып қойсын.Оған қосымша ақша жұмсап,не керек?!Не үшін жарна аударатынымызды,сол үшін қандай қызмет көрсетілетінін білуіміз керек. Бұл-біздің заңды талабымыз, - дейді Facebook қолданушысы.

ӘМСҚ ресми сайтында қордың жалпы табысы желтоқсан айының соңында 5 949 713 000 теңгені құрағаны жазылған. Ал жалпы және әкімшілік шығыстар 4 423 367 000 теңге болып отыр (кірістің үштен екі бөлігі қордың өзін ұстауға кетеді), оның ішінде 3,047,663,000 теңге тек қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге жұмсалады екен.

Ал журналист Жалғас Зейнолла тағы бір мәселенің шет жағасын көтерді.

ӘМСҚ мемлекеттік сатып алумен дивандар, креслолар мен компьютерлерге тапсырыс берген осы жуырда. Тендер құны да сұмдық. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Бірақ жиһаз, компьютерлері ескірген түгі жоқ, қайта жаңартатындай. Ал Айбатыр Жұмағұловтан сұраса бұл маған қарсы тапсырыс, бұл шабуыл деп шыға келеді, - дейді "Атамекен" бизнес арнасының тілшісі Жалғас Зейнолла постардың бірінің астына жазған пікірінде.

Қазіргі кезде Гүбаршын Зайырова парақшасын өшіріп тастаған.

Ал бүгін журналист Гүлбану Әбенова өзінің үстінен ӘМСҚ қызметкерлері сотқа шағым түсіргенін хабарлады. Ол бұл соттан қорықпайтынын, дәлелдері жеткілікті екенін және білікті қорғаушысы бар екенін де айтты.
Просмотров материала: 932

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 545 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 110 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 649 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 697 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 042 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 199 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 310 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 590 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 987 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 102 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 501 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 556 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 200 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 622 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 447 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 540 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 303 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 246 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 081 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 921 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 212 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 142 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 642 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 395 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 230 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 599 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 984 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 927 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 965 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 182 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 332 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031