30 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанның эстрада жұлдыздары той тойламай, үйде отыруға шақырды

02 июль 2020, 14:15
Қазақстанның эстрада жұлдыздары той тойламай, үйде отыруға шақырды
Қазақстан эстрада жұлдыздары азаматтарды карантин талаптарын сақтап, үйде отыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев Instagram парақшасында қазақстандықтарды сағынып жүргенін жазды.

«Қадірлі ағайын, аты жаман індет күн өткен сайын күшейіп бара жатыр. Мен танитын біраз жақын адам сырқаттанып қалды. Әркім әртүрлі әңгіме айтып, сан-саққа жүгіртуде. Барынша абай болыңыздаршы. Ауырып жатқан жандарға Алла шипасын берсін. Жаныма жақын жандарды, сыры бірге достарды, жалпы бәріңізді сағынып жүрмін. Жарқылдап күліп, айқара құшақ ашып, «бауырым» деп бауырға басып амандасатын күнге жетейікші. Алладан амандықтарыңызды тілеймін» деп жазды әнші.

МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев ауырған қазақстандықтарға тезірек жазылып кетуін тіледі. Ол сондай-ақ, жағымсыз жаңалықтарға көңіл түсірмеуге шақырды.

«Әлеуметтік желілер де түнеріп кеткендей ме, қалай... Сәл де болса жылу сыйлап, үміт отын жағып, уайымдарыңызды сейілткім келеді. Уайымдамай жүрген жан кемде-кем шығар. «Мен мүлде жаңалық көрмеймін, әсіресе, сары басылымдарды көзіме де ілмеймын«, дейді қарындасым. -Неге, жаңалықтан хабардар болу керек емес пе? - десем: -»Егер, өте маңызды жаңалық болса (өміріңізге қауіп төндіріп тұрса) оны бәрібір естисіз. Өзіңізге психологиялық соққы беретін, жүйкеңізді жұқартатын жаңалықпен жаныңызды жегідей жеп қайтесіз?«, - деген сөзіне тоқтағандай болдым. АЛЛА тағала ауырып жүрген жандарға шипа берсін. Сақтанып жүрейік, жақсылар. ЖАРАТҚАН жақындарымыздың жанымыздан табылуын нәсіп етсін. Баршаңызға АЛЛА жар болсын», - деп жазды әнші.

Ал актриса, әнші Айгүл Иманбаева COVID-19 жұқтырмаудың маңызды 5 қағидасын жариялады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін нақыл сөзді ескере отырып, COVID-19 вирусының алдын алу үшін осы нұсқаулықты сақтағандарыңыз өте абзал», - дейді ол.

Әнші Қарақат Әбілдина 3 күн бұрын өзінің сырқаттанып қалғанын жазды.

«Мына вирус мені де айналып өткен жоқ. Ешқайда шығып, ешкіммен кездеспеген едім, қайдан жұқты, түсінбеймін. Негізі ауада бірдеңе бар-ау. Күнде жауын жауып, ауа райы да суып кетіп еді. Оның да әсері болды ма,білмеймін ғой. Температура жоқ. Тамақтан басталып, мұрыным бітеліп, кәдімгі тұмау сияқты төбемнен әлсіздік басты. Денем біресе тоңып, біресе ысып, бірінші күні мазам болмады. Бұндай жағдайда адамға байбалам салу көмектеспейді. Жаман ойға берілмей, емді жақсы оймен қабылдау өте маңызды. Бірден тамырдан витамин араластырып, аскорбин қышқылы мен глюкоза алып бастадым. Кешегі салған тәсіл бойынша ингаляция жасап, тамақ мұрынды шайып, сұйықтықты көп ішіп, сорпаланып жылы оранып жатырмын. Балаларымызға сақ болайықшы. Ауырған адам бөлек бөлмеде болып, балаларға жақындамағаны дұрыс. Вирусқа қарсы анаферон, «C» дәріменін ішкізіп, алдын алмаса болмайды. Бөлмені кварцтап, ауаны тазартып тұру да өте маңызды. Шүкір, жағдайым кешегіден қарағанда жақсарып келеді. Алла баршамызға жар болсын. Барлығы жақсы болады», - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Айта кетейік, актриса Әсел Садуақасова коронавирус жұқтырған . «Мен ауырып қалдым. Маған жұқпайды деп қатты үміттеніп едім. Бүкіл айналам ауырып жатқанда жұқпауы мүмкін емес. Мен үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. Бұл жазбамда барлығыңызға денсаулық тілеймін. Мен сияқты қыдырып жүрмеңіздерші», - деді актриса.
Просмотров материала: 765

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 145 958 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 145 764 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 423 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 145 443 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 145 749 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 629 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 781 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 927 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 479 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 679 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 702 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 933 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 755 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 575 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 712 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 867 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 534 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 898 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 631 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 635 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 479 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 322 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 571 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 513 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 024 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 438 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 359 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 593 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 353 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 337 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 380 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 324 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 548 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 698 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930