14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек – Сапарбаев

Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек – Сапарбаев
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Жамбыл облысының жедел штабының кезекті отырысында таяу уақытта шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Шектеу шараларын күшейту туралы шешім коронавируспен ауырған науқастар санының өсуіне байланысты болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустың 693 жағдайы (симптомдық) тіркелген десек, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 59,9 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, 683 симптомсыз дерегі тіркелген. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 272 науқас ем алуда.

Өкінішке қарай, статистика көңіл көншітпейді. Егер 15-21 маусым аралығында өңірде 317 жағдай анықталса, 22-28 маусым аралығында ол 473-ті құраған. Оның 60 пайызы Тараз қаласында тіркелген, - деді жиналыс барысында Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков.

Оның айтуынша, көрсеткіштің нашарлауына карантиндік шараларды жеңілдету және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмдерінің сақталмауы әсер еткен.

Эпидемиологиялық топтардың жүктемесінің ауырлығын ескере отырып, тұрғындарға медицина қызметкерлері мен эпидемиологтар жеткенге дейін барлық сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз. Атап айтсақ, өзін-өзі оқшаулау, температураны өлшеу, денсаулық жағдайын бақылау, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігерді шақырту, жұмысқа шықпау керек, - деді Берік Жарқынбеков.

Департамент басшысы барлық еңбек ұжымдарының кіре берістерінде қызметкерлердің дене температурасын өлшеуді, ауру белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеуді, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды айқындауды, жұмыс күні ішінде қолғаптар мен маскаларды пайдалануды, бір бөлмеде кемінде бір метр қашықтықты сақтауды, қызметкерлерді жұмысқа және жұмыстан үйге қызметтік автокөлікпен орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов тұрғындар барлық мәселе бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1302, 103 байланыс орталықтарына жүгіне алатындығын жеткізді.

Арнайы құрылған мобильді топтар симптомсыз науқастарды, байланыста болған адамдарды, стационардан кейін амбулаториялық емдеуге жіберілген және созылмалы аурулары бар науқастарды бақылайтын болады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қазір нақты шаралар қабылдап, коронавирустың пандемиясының созылу жағдайына дайындықты бүгіннен бастау қажеттігін баса айтты.

Қазіргі таңда дәріханаларда вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін дәрілердің жетіспеушілігі өзекті болып тұр. Мұндай жағдай бүкіл облыс бойынша байқалуда. Бұл мәселені шешу үшін жауапты ведомстволар салалық министрлікпен, "СК-Фармация" компаниясының өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жоқ препараттардың аналогтары туралы хабардар ету керек. Маскамен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Мойынқұм, Сарысу және Т.Рысқұлов аудандарында маскалардың белгіленген бағадан қымбатқа сатылып жатқандығы анықталған. Әкімдерге бұл секілді мәселелерді жедел шешуді тапсырамын, - деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев коронавирустың алдын алу бойынша ақпараттық жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауруға шалдыққан кездегі әрекеттердің алгоритмі туралы халықты уақтылы және сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуді тапсырды. Дәрігерлер кеңестерін онлайн режимде, call-орталықтар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беруін ұйымдастыру қажет, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігіне байланысты резидентурада оқитын студенттерді, зейнет жасындағы дәрігерлерді тарту мәселелері сараланды. Марат Жұманқұлов бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын айтты.

Төсек санын көбейту бойынша да шаралар қабылданатын болады. Біз ахуалды бақылауда ұстап, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Адамдар жедел жәрдем жұмысына және ауруханаларда орындардың жоқтығына қатысты шағымдануда. Мұндайға жол бермеу керек. Әрбір азамат сапалы медициналық қызметпен қамтылуы тиіс. Бұл орайда эпидемиологиялық ахуалы қалыпты аудандардың медицина қызметкерлері қол ұшын созғаны дұрыс, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Басқосу соңында Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарды санитарлық дәрігерлердің ұсыныстарын ұстануға шақырып, үндеу жолдады.

Үндеудің толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарияланады.
Просмотров материала: 637

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 755 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 345 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 397 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 697 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 602 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 833 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 994 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 146 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 767 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031