4 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Компьютерлік томографияға түсу неге қиындап кетті?

30 июнь 2020, 14:06
Компьютерлік томографияға түсу неге қиындап кетті?
Қазір елде ауру өршіп тұр. Көктеммен салыстырғанда жаздың алғашқы айы қиынға соқты. Осы ретте адамдар компьютерлік томогорафияға барып түсейін десе не жабық, не ұзын-сонар кезек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Жағдайдың бәрі бақылауда" деп құтылатын біздің құзырлы органдардың мұндай болатынын ескермегінінің бір көрінісі осы.

Елдегі ең көп індет жұқтырғандары көп Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықтарға хабарласып көргенбіз. Жалпы, елордада мемлекеттік және жекеменшік 22 медициналық мекемеде компьютерлік томография бар екен. Жай күндері шертіп жүріп, шетінен өз қалағанына баратын мүмкіндік бүгінде жоқтың қасы.

Сол 22 мекеменің тек төртеуі ғана адам қабылдайды. Оның өзінде тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша учаскелік дәрігердің арнайы жолдамасы керек. Бұл тегін тексерілудің жалғыз мүмкіндігі. Терапевт немесе педиатр науқастың жағдайына байланысты арнайы жолдама береді.

Емханаға бармас бұрын жедел-жәрдемге қоңырау шалып шақырамын деп әуре болудың қажеті жоқ. Келген дәрігер бәрібір де жолдама жазып бермейді.

Елордадағы компьютерлік томографиядан өтуге болатын мекемелер:

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу инистуты (Абылай хан даңғылы, 15 а);

"Green clinic" (Хусейн бен Талал 25/1)

Ішкі істер министрлігінің госписталі (Қабанбай батыр даңғылы, 56 а);

Бас әскери госпиталь (Бейбітшілік даңғылы, 47).

Айта кететіні, компьютерлік томграфия аппараты бар орталықтардың басым бөлігі карантинде. Қашан жұмысқа шығатындарын өздері де білмейді. Ал сол жағалаудағы ірі медицина мекемелеріне хабарлассаң, шілденің аяғы мен тамыздың басына дейін кезек екендігі айтылып жатыр. Адамдар алдын-ала жазылып қойған. Кейбір емханаларда аппараттары істен шыққан. Мысалы, сол жағалаудағы ұлттық кардиохирургия орталығында жағдай осындай. "Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келді" деген осы шығар.

Ал уәдені көп беретін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қосымша КT және желдеткіштерді де сатып аламыз деп отыр.

Біз республикалық клиникалармен (Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic) әр қалалық емхана үшін компьютерлік томография мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойдық. Бұл пневмонияны ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз қосымша КT және желдеткіштерді де сатып аламыз, - дейді Алтай Көлгінов.

Қазіргі кезде Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеуден өткізуді де тоқтатты.

Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл дұрыс емес! Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтату туралы шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек, - деген болатын Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев.

23 маусымнан бастап елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарамайтын болды.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықованың айтуынша, осы күндері тәулігіне 600-ге жуық адам пневмонияға шалдығып жатыр.

Пневмониямен ауыратындар саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті. Бұрын 80 жағдайға дейін ғана болатын. Аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылау байқалып отыр, - дейді Сәуле Қисықова.

Қазіргі кезде елордада күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады екен.

Жұқпалы аурулар және провизорлық ауруханаларда адамдардың саны бүгінде 2,5 мыңға дейін өсіп отыр. Оның 91 пайызы орташа ауырлық дәрежесінде, 9 пайызы ауыр және өте ауыр. Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі, соңғы аптамен салыстырғанда, науқастардың саны үш есеге дейін өсті, - деді ол.

Ал халық саны 2 миллионға жуықтаған Алматы қаласында да жағдай мәз емес. Дәріханаларда парацемотол секілді дәрілердің өзі жетіспей жатқаны белгілі. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамалжан Надыровтың радиациялық сәулеленудің жоғары болуына байланысты дәрігердің тағайындауынсыз КТ-ны жүргізу ұсынысы жасалмайтынын айтты.

Коронавирус инфекциясы кезінде жиі кездесетін және қауіпті асқынуларының бірі - пневмония. Жағдайдың ауырлығын бағалау үшін өкпенің томографиясын дер кезінде жүргізу қажет. Осыған байланысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КТ қызметін ұсынушылардың тізілімін жасады. Қалада осындай 12 жеткізуші бар. КТ қызметін ұсынушылар диагнозы расталған пациенттер мен соған ұқсас белгілері бар науқастар үшін жеке жұмыс кестесін анықтады. Сонымен қатар, үш ай ішінде қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына және жедел медициналық жәрдем ауруханасына КТ аппараттарын жеткізу күтілуде, бұл зерттеуге қол жетімділікті арттырады, - дейді Қамалжан Надыров.

Оның айтуынша, коронавирусты жұқтырған жағдайда, КТ тек бірнеше жағдайда ғана қажет.

Біріншіден, вирустық пневмонияны растау немесе жоққа шығару қажет болса, ауру кезінде асқынуы мүмкін өкпеге әсер ететін басқа ауруды жоққа шығару керек болса. Екіншіден, өкпе таза болса, сонымен қатар ауру анық жеңілдетілген сценарий бойынша жүрсе, жұқтырғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде КТ жасаудың қажеттілігі жоқ, - дейді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қанша томограф жұмыс істейтіні жайлы хабарлаған едік.
Просмотров материала: 700

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 164 670 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 164 501 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 164 130 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 164 170 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 164 456 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 698 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 841 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 053 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 949 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 116 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 878 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 616 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 226 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 078 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 901 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 079 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 182 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 848 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 232 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 959 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 968 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 799 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 643 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 897 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 848 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 356 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 809 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 681 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 944 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 276 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 681 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 654 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 696 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 648 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 877 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 020 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930