19 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көлеңкелі экономика деңгейі 20% төмен болуы тиіс – Премьер-Министр

30 июнь 2020, 10:50
Көлеңкелі экономика деңгейі 20% төмен болуы тиіс – Премьер-Министр
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин көлеңкелі экономиканы төмендету жөнінде министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті әріптестер! Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету мен бюджет кірісін толықтыру резервтерінің бірі – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту болып отыр. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар оң нәтиже беруде. 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика үлесін ЖІӨ 20 пайызынан төмен деңгейге жеткізу жоспарланған», - деп атап өтті Премьер-Министр Үкіметтің кезекті отырысында.

Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесінде жалпы ішкі өніммен салыстырғандағы көлеңкелі экономика үлесі 2017 жылғы 27 пайыздан 2019 жылы 23,6 пайызға дейін қысқартылды. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша 1,5 трлн теңге артуын қамтамасыз етті.

«Халықаралық валюта қорының дерегінше, әлемдегі көлеңкелі экономиканың орташа деңгейі – 27,8 пайыз. 44 елде көлеңкелі экономиканың деңгейі 20 пайыздан төмен, біз де осындай көрсеткішке ұмтылуымыз керек. Бақылаудан тыс қызметті заңдастыруға ынталандыру арқылы заңнамалық базаны жетілдіру, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту жұмыстары үнемі жүгізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы бизнес үшін толық заңдастырудың тиімді болуына, қолма-қол ақшасыз айналым үлесін арттыруға бағытталған», - деді Премьер.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы көлеңкелі үлесті одан әрі төмендету үшін салалық сипаттағы қосымша шаралар қажет екенін айтып, бірқатар ведомствоға тапсырма берді.

«Бірінші, Қаржы министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорт-импорттық операцияларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл жұмысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да атсалыссын.

Екінші, Қаржы министрлігі қызметтерді цифрландыруды, ақпараттық жүйелердің интеграциясын, Қазақстан аумағында тауарлардың бақылануын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы қажет», - деді А. Мамин.

Сондай-ақ Премьер-Министр төлемдер мен төлем жүйелері туралы қолданыстағы заңнамаға электронды ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарауды тапсырды.

«Үшінші, бизнестің көлеңкеден шығуын экономикалық ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, артық талаптарды қысқартуға, қаржыландырудың қолжетімдігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және нақты салық салуды белгілеуге қатысты. Бизнесті ашық жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімді болуы тиіс», - деді Асқар Мамин. Айта кетейік, 2019 жылы жалпы ішкі өнімге шаққандағы көлеңкелі экономика 23,62%-ке төмендеді .

Бұған дейін ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін енгізілген шараларды баяндаған еді.
Просмотров материала: 651

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 426 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 957 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 524 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 572 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 902 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 923 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 040 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 298 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 590 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 724 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 240 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 248 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 510 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 331 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 487 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 410 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 099 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 506 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 243 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 208 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 045 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 881 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 166 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 102 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 600 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 263 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 922 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 554 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 947 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 892 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 960 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 924 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 141 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 284 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728