1 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Мазақ етпейік". Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге түсіністікпен қарауға шақырды 174 0

25 июнь 2020, 14:21
"Мазақ етпейік". Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге түсіністікпен қарауға шақырды 174  0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейтудің төрт жолын атады. Бұл туралы ол "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан президенті "қазір – нағыз аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ" екенін атап өтті. Осы орайда ол қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту үшін не істеу керегін айтты.

"Біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс", - деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауға шақырды.

"Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі", - деді ол.

Мемлекет басшысы қазақ тілін білмейтін қазақстандықтарға түністікпен қарау керегін айтты.

"Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, ол қазақ тілінде сапалы материалдар дайындау керегін атап өтті.

"Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс. Арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы кезіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына қатысты және елдегі митингілер туралы пікір білдірген еді.

Просмотров материала: 1 043

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 962 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 667 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 160 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 199 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 562 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 983 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 010 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 350 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 043 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 064 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 262 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 931 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 059 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 682 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 565 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 606 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 794 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 554 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 963 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 745 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 407 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 251 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 625 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 984 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 422 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 311 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 544 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 943 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 290 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 229 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 372 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 307 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 558 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 683 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30