22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істей алатын кәсіптер атласы жасалады

25 июнь 2020, 13:21
Елімізде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істей алатын кәсіптер атласы жасалады
2020 жылы Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға арналған шығындар 10, техникалық оңалту құралдарымен және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуді қаржыландыру 17 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында Біржан Нұрымбетов мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету министрлік жұмысының ең басты деген басымдықтарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдауды күшейту және оларды қоғам өміріне тарту мақсатында 19 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілген. Бұған қоса 2020 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар өнім жеткізушілерден техникалық қалпына келтіру құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге тікелей тапсырыс бере алады. Порталда қазірдің өзінде техникалық қалпына келтіру құралының 24 түрі орналастырылған. Ал порталдың толық іске қосылуы 2021 жылға жоспарланып отыр. Бұдан басқа емдеу-шипажайлық ем алу мерзімі де реттеледі. Мүгедектердің өтініші бойынша жеке көмекшілерге ақы төлеудің бірыңғай тәртібі белгіленді. Ересектерге 5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізуге кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауды қаржыландыру 10 пайызға өсті және 2019 жылғы 315 млрд теңгемен салыстырғанда, 2020 жылы 347 млрд теңгені құрады. Техникалық қалпына келтіру құралдарымен және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуді қаржыландыру 17 пайызға артып, 2019 101 млрд теңгеге жетті», – деді ол.

Сондай-ақ, министр алдағы жылдары мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау негізгі басымдық ретінде белгіленгенін айтты.

«Бүгінде Қазақстанда еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының төрттен бір бөлігі ғана еңбек қызметімен айналысады. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 40 пайызға жетеді. Келесі екі жыл ішінде алдымызға мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылуын 30 пайызға жеткізу міндетін қойдық. Ол үшін қосымша 20 мың адамды жұмыспен қамту қажет. Мүгедектігі бар адамдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жұмыс берушілермен бірге мүгедектерді экономикалық қызметке тартуға кедергі болатын негізгі түйткілдерді және оларды шешу жолдарын анықтадық», – деді министр.

Оның атап өтуінше, мүгедектігі бар адамдарды белсенді еңбекке тарту үшін олардың құзыреті туралы дерекқор құру және мүгедектігі бар адамдар жұмыс істей алатын кәсіптердің атласын жасау жоспарлануда. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін медициналық-әлеуметтік сараптама орындарына жіберу көзделуде. Оның негізгі тетігі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы болады. Сонымен бірге «TenQogam» әлеуметтік қолдау орталықтары құру жоспарланған. Онда бизнес жобаларды дамытуға көмек көрсетіледі және кәсіптік білім беріледі.

«Барлық өңірлерде оңалту орталықтары жұмыс жасап, мүгедектігі бар 18 жастан асқан адамдарды кәсіптік бейімдеу және сауықтырумен айналысатын болады. 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде 8 өңірде жаңа оңалту орталықтарын салу жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз орта жасау жұмыстарын жалғастырады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында заңнаманы одан әрі жетілдіру қарастырылғанын баса айтты.

«Біздің министрлік әзірлейтін «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» жаңа заң жобасының негізгі бағыттары: мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды күшейту және оларды әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын енгізу», – деді ол.

Просмотров материала: 654

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 151 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 983 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 625 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 650 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 956 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930