Тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 815-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтары есепке қою тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Азаматтарды есепке қою үшін мынадай құжаттар ұсынылуы қажет (ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды азаматтардан талап етуге жол берілмейді):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады); ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.
Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайларда, соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады; ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар бұған қоса өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді ұсынады; ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар бұған қоса жұмыс орнынан (қызметтен) анықтама ұсынады.
Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжатты ұсынады; отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады; отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады; отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болған, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың, некеге тұру немесе бұзу туралы, қайтыс болу, баланың тууы туралы куәліктің, өзіне меншік құқығында тиесілі (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтаманың мәліметтерін, тіркелген мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал тобына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тиесілілігін растайтын құжаттарды, салық салынатын табысы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы отбасының барлық мүшесі үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынады.
Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның мәліметтерін мемлекеттік кәсіпорындар немесе мемлекеттік мекемелер www.gosreestr веб-порталында орналасқан «Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімі» ақпараттық ресурсының құралдары арқылы алады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың мәліметтерін жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақта көзделген қажетті құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонған sms-хабарлама алған сәттен бастап береді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектегі реттік нөмірін хабарлап және көрсете отырып, есепке қою туралы немесе есепке қоюдан дәлелді бас тарту туралы шешімді өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес өтініш берушіге хабарлама Мемлекеттік корпорацияға не порталдағы «жеке кабинетке» электрондық құжат түрінде жіберіледі. Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің шешіміне сәйкес өтініш берушіге жазбаша түрде не пошта бойынша не қолма-қол хабарланады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.
Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.»;
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Просмотров материала: 553