29 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты

22 июнь 2020, 17:40
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
Мессенджерде Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері Болат Түсіпхановтың аудиохабарламасы тарай бастады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

"Мен сіздерге үндеу жасағым келеді. Мен дәрігермін, сіздер маған сенеді деп ойлаймын. Бюджетте қазір ақша қалмаған да шығар, бәрі шаршады. Адамдар проблемадан қашып жатыр. Карантинге кетеді, ешкім мәселені шешкісі келмейді", - деп мәлімдеді ер адам.

Айтуынша, ол үнемі байланыста болған екі хирург коронавирус жұқтырған.

"Біреуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатты, әрең дегенде тәуір болды. Екіншісі де жатыр. Бүгін кафедра меңгерушісі де ауырып қалды. Біз бәріміз бірге отырамыз, бірге тұрамыз. Соған қарағанда біз де жұқтырған сияқтымыз", - деді Болат Түсіпханов.

Ер адам Алматының ауруханалары науқастарға лық толы, палаталар мен жансақтау бөлімдерінде орын жоқ екенін атап өтті.

"Бұл шындық. Өздеріңді күтіңдер, сақ болыңдар. Қазір ешкім ештеңемен айналысқысы келмейді. (…) Ешкім дәрі бермейді. Бізде қазір хаос. Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, дау-жанжалдан қорқады", - деді хабарлама авторы.

Айтуынша, жағдайы орташа науқастар үйде емделіп жатыр, жедел жәрдем оларды ауруханаға әкелмейді.

Дәрігердің пікірінше, карантинді қайтадан қатаңдатса, адамдар жұмыссыз қалады, "әлеуметтік жарылыс" болуы мүмкін.

"Карантинді жеңілдеткеніне қатысты не айтарымды да білмеймін. Хирургтердің салы суға кетті. Жағдай бақылаудан шықты", - деді Түсіпханов.

Аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова аудиожазбаға қатысты түсініктеме берді. Ол дәрігер шынымен де Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада істейтінін растады.

Аталған факті бойынша медицина ұйымының ішкі аудит қызметі қызметтік тексеріс жүргізді.

"Бұл аудиожазба Болат Түсіпхановтың жақындарына арналған және Жезқазғандағы туысқандарының жабық чатына жолданған. Туыстарының отбасылық мерекеге дайындалып жатқанын естіген ол осылайша оларды әлеуметтік жауапкершілікке, сақтыққа және профилактика шараларын сақтауға үндеген. Болат Түсіпханов жақындарын отбасылық шараны өткізбей, карантин режимін сақтауға шақырды. Дыбыстық хабарламада айтылғандар шындыққа жанаспайды және ағайын-туысты сендіру үшін ғана айтылды", - деді Байзолданова.

Ол хабарламада айтылған екі хирург үй карантинінде екенін атап өтті. Бір дәрігердің қайта тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен, ол жұмысына кіріседі.
Просмотров материала: 944

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 228 683 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 228 380 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 227 868 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 227 914 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 228 284 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 192 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 562 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 270 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 275 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 483 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 998 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 142 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 742 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 617 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 727 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 866 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 620 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 033 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 801 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 617 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 483 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 314 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 685 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 540 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 044 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 528 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 361 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 592 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 999 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 276 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 423 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 359 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 620 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 735 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30