26 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Берік Уәли, Біртанов пен Тілеухан Нұр-Сұлтанда 20 күнде салынған инфекциялық ауруханада жатыр

18 июнь 2020, 14:26
Берік Уәли, Біртанов пен Тілеухан Нұр-Сұлтанда 20 күнде салынған инфекциялық ауруханада жатыр
Пандемияның екінші толқыны Қазақстанның жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлеріне оңайға соқпады. Бірі инфекциялқ ауруханаға түссе, екіншісі оқшауанып жатыр. Бүгін ғана Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаевтан COVID-19 анықталғаны белгілі болды. Баспсөз хатшысы Айдос Үкібайдың жазуынша, «алаңдауға себеп жоқ».

Одан бөлек коронавирус жұқтырғандар ішінде Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет мүшелері де бар. Байланыста болған біраз министр үйде оқшауланды. Azattyq Ryhy шенеуніктердің көмекшілеріне хабарласып, жағдайларын білді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бір ауруханада – Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан салынған модульдік инфекциялық орталықта жатыр. Бұл жөнінде көмекшілері арқылы білдік. Үшеуі де бұған дейін фтизиопульмонологиялық орталықта (туберкулездік диспансер – авт.) болған. Бекболат Тілеуханның көмекшісі депутаттың жаңа екі күннен соң, ал дереккөз Біртанов пен Уәлидің кеше ауыстырылғанын растады. Дереккөздің сөзінше, жағдайы тәуір болған адамдар модульдік ауруханаға жіберіліп отырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Е.Біртановтың жағдайы «қанағаттанарлық» екенін жеткізді.

«Жағдайы орташа қалыпты. Қанағаттанарлық. Ем-домын қабылдап жатыр. Нұр-Сұлтандағы модульдік ауруханада. Халықпен бірге, халықтың алып жатқан емін ол кісі де алып жатыр. Штабтың жұмысын күндіз-түні онлайн режимде, ұялы телефон арқылы, чаттарға кіріп қадағалап, нұсқау беріп отыр. Ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Емделіп, жұмысқа қосылады деп ойлаймыз. Емдеу уақыты – 2-3 аптаның көлемі ғой. 9-протокол бойынша, егер науқастың жағдайы жақсарса, өз келісімімен ауруханадан шығаруға болады», - деді Д.Ахметшәріп.

Бекболат Тілеуханның көмекшісі депутаттың халі «жақсы» деді. Ол келесі аптада ауруханадан шығуы мүмкін.

«Алдында диспансерде жатыр еді, екі күннен соң жаңа ауруханаға ауыстырды. Телефонмен демікпесі басылғанын, қазір жақсы екенін жеткізді. Сақтық шараларын сақтау керектігін айтты», - деп жеткізді бізге.

Бұған дейін Берік Уәли тілшілерге коронавирустан қалай емделіп жатқанын, қазір жағдайы жақсарғанын жеткізген болатын.

«Кешеден бері ғана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды. Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Сол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды», – деген Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Ал Мәжіліс төрағасынан симптомсыз коронавирус табылғандықтан үйде емделіп жатыр. Ол Денсаулық сақтау министрімен байланыста болған.

Берік Уәли, Біртанов пен Тілеухан Нұр-Сұлтанда 20 күнде салынған инфекциялық ауруханада жатыр


Ауырған шенеуніктермен байланысқа түскен Премьер-министр, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, қорғаныс, экология министрлері мен Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев та қазір үй карантинінде.
Просмотров материала: 1 687

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 966 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 606 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 098 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 522 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 962 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 016 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 320 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 957 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 032 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 219 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 678 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 711 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 463 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 323 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 070 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 561 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 269 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 483 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 346 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 181 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 041 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 367 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 261 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 744 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 855 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 098 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 331 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 710 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 079 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 021 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 150 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 095 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 299 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 459 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930