23 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ипотекалық қарыз алушылардың өтініші жеке тәртіппен қаралады

15 июнь 2020, 12:23
Ипотекалық қарыз алушылардың өтініші жеке тәртіппен қаралады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен әрбір ипотекалық қарыз алушының өтінішін жеке тәртіпте қарауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің қызметкерлері Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қолдау көрсету шараларын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Агенттік өкілдері Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстанда 2015 жылдан бері ҚР Президентінің тапсырмасымен іске асырылып келе жатқанын және ипотекалық қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға, борыш жүктемесін төмендетуге және олар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталғанын хабардар етті.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және ипотекалық ұйымдар 256,7 млрд теңге сомаға 37 191 ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруды мақұлдаған. Бағдарлама бірнеше блоктан тұрады.

Бағдарламаның бірінші блогы 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

Бүгінгі күні бөлінген ақшаны банктер игерді және қайта қаржыландыру бұған дейін қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен жүзеге асырылады.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 174,7 млрд теңге сомасына 28 117 қарыз мақұлданды, 161 млрд теңге сомасына 27 006 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші блогы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 82 млрд теңге сомасына 9 074 қарыз мақұлданды, 68,4 млрд теңге сомасына 7 750 валюталық ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бастап Агенттік халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататын қарыз алушылардың ипотекалық қарыздары бойынша қарыз жүктемесін төмендетуге (бағдарламаның үшінші блогы), сондай-ақ жеңілдікті ипотекалық қарыз беру не кейіннен сатып алу арқылы тұрғын үйді жалға алу арқылы жалғыз баспананы банктің балансынан кепіл берушінің меншігіне қайтаруға бағытталған қосымша шараларды енгізді.

Ипотекалық қарыздар бойынша халықты қаржылық қолдаудың қосымша шараларын ескере отырып, Бағдарламаның екінші блогы шеңберінде валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушылар кредитор-банкке жүгінуі қажет.

«Агенттік Бағдарламаның талаптарын орындау, оның ішінде қарыз алушыларды барынша қамту бөлігінде банктерге бақылау жүргізеді. Бұған қосымша Бағдарламаның талаптарын іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету және бақылау үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде Бағдарламаның талаптары бойынша банктің қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуының заңдылығы туралы қарыз алушылардың шағымдарын қарайтын арнайы комиссиялар жұмыс істейді. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша комиссиялар қарыз алушылардың 5 094 шағымын қарады»,–делінген хабарламада.

Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өз кезегінде комиссиялардың өкілеттіктерін кеңейтуді және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздар бойынша өтініштерді қарау мерзімін жеделдетуді ұсынды.

«Агенттік қызметкерлері Бағдарламаның бірінші (2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру) және екінші (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру) блоктары бойынша комиссиялардың шешімдері міндетті, үшінші блок бойынша (ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету) – ұсынымдық сипаты бар екенін түсіндірді. Комиссиялар жұмысының міндеті бағдарлама шарттарының орындалуын бақылау, қарыз алушыларға Бағдарлама шарттарын барынша пайдалану мүмкіндігін беру болып табылады, бұл үшін комиссиялардың жеткілікті өкілеттіктері бар және комиссиялардың шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады»,– деп қосты Агенттік.

Екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерді қарау мерзімдеріне келетін болсақ, карантин кезеңінде және төтенше жағдай кезеңінде бағдарлама бойынша жұмыс қарқыны біршама бәсеңдеді. Қаржы реттеушісінің өкілдері Агенттік екінші деңгейдегі банктермен Бағдарлама бойынша қарыз алушылардың әрбір өтінішін жеке тәртіппен пысықтайтынына сенім білдірді.
Просмотров материала: 841

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 614 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 284 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 782 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 822 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 197 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 419 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 454 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 776 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 429 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 492 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 685 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 773 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 867 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 544 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 395 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 795 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 595 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 471 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 836 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 131 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 102 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 398 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 550 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31