22 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ-қырғыз шекарасы: дау неден туды?

11 июнь 2020, 9:25
Қазақ-қырғыз шекарасы: дау неден туды?
Қазіргі таңда "Қарасу" бақылау-өткізу бекетінде қазақстандық сараптамалық топтың, шекара қызметінің мамандары бірігіп, жұмыс істеп жатыр. Қырғыз тарапымен болған түсініспеушілік шешімін тауып, бекет қалыпты жұмыс режіміне көшкен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік құралдары кептелісінен туған дауға байланысты Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаменті экспорттық бақылау басқармасының басшысы Еркінбек Тастағанов айтып берді.

Негізі біздің басты жұмысымыз шекарадан кірген-шыққан көлік құралдарының құжаттарын тіркеп отыру. Ол не үшін керек? Салықтың ел бюджетіне уақтылы түсуі үшін керек. Өйткені, кейбір кәсіпкерлер заңсыз қызмет атқарады, көзбояушылықтарға барғысы келеді. Содан соң, шекарадан өткен әрбір көлік құралы әр айдың 20-сына дейін салық қызметіне декларация өткізеді. Бұл дегеніміз, әр кәсіпкер шекарадан алып өткен тауарның 20 пайызын мемлекетке төлейді, яғни қосымша құн салығын. Мұны эксперттік бақылау қызметі атқарады, - деді Еркінбек Жанқабайұлы.

Оның сөзінше, бұрын бір тәуліктік кезекшілікте 7 маман тұратын болған. Қазір автокөлік құралдарының күрт жиілеп кетуіне байланысты ол қызметкерлердің санын 9 адамға көбейтіліпті. Бір көлікті тексеру 5-7 минут уақытты алады екен.

Ілгеріде қазақ-қырғыз шекарасында алты бақылау-өткізу бекеті жұмыс істеген. Соның ішінде "Қордай" бекеті күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын уақытша тоқтатып тұр. Әлем елдерінде қалыптасқан пандемия індетінен сақтану шараларына орай биылғы 19 наурыздан бастап үш бекет тағы жабылды. Содан соң, Жамбыл ауданы Гродикова ауылында ораналасқан "Айша бибі" бекеті мен Қордай ауданының территориясындағы "Қарасу" бекеті ғана қалды. Алайда, "Айша бибі" бекетінен көп көлік өте бермейді. Меркі ауданынан ары қарай қызмет етіп тұрған бес бекеттен бір ғана бекет жұмыс істеп тұр ғой сонда. Сол бес бекеттен өтетін көлік құралдарының барлығы "Қарасу" бекетіне келіп тұмсық тірейді. Міне, осыдан барып көлік кептелісі болады, - деді өңірдегі экспорттық бақылау басқармасының басшысы.

Ол бұрын бос автокөліктердің барлығы "Ауқатты" бекеті арқылы өтсе, екі ел арасына қатынайтын шағын автобустардың барлығы "Қордай" бекетінен өтетінін жеткізді. Күніне жүзден аса көлік құралы "Меркі-Сыпатай батыр" арқылы жол табатын болған екен. Қызылорданың үстінен басып өтетін, Шымкентке баратын транзиттер де сол жақтан кетіп жататын. Енді соның бәрі "Қарасуға" келіп жинала берген.

Оның үстіне, қазіргі маусымға орай көкөністер, бақша өнімдері тасымалы артып тұр. Негізі, бұл бекеттің сыйымдылығы 500 көлікке
арналған. Мамыр айының басында бұл бекеттен 200-250 көлік құралы өтіп жүрген. Жаңа айтылған себептерден соң, мамыр айының соңына таман бекеттен өтетін көліктер саны 600-650-ге көбейіп кетті. Сондықтан қазақстандық мамандар физикалық тұрғыдан үлгермеген. Оған тағы 200-250 көлік қосылған. Содан барып "Қарасу" өткізу-бақылау бекетінде кептеліс туған. Ал 600 көліктен артық өткізуге бекеттің қауқары жетпейді, - деді Еркінбек Жанқабайұлы.

Жауапты маман қырғыз тарапы біздің мамандарымыздың ұзақ тексеретіндігін кінәлайтындығын да әңгімеледі. Оның айтуынша, бекетте экспорттық бақылаушы мамандардан бөлек, шекара қызметі де бар. Олардың да өзінің тексеріс шаралары бекітілген. Тыйым салынған есірткі, қару-жарақ құралдары өтіп кетпеуі керек. Бұл жұмыстар жіті қадағалауды қажет етеді.

Ал, Қырғыз жақ бекеттегі қызметкерлердің жұмысы жеңіл. Өйткені, ол жақтан кетіп жатыр. Ашып тастап отыра береді. Біз мемлекетіміздің аумағыына кіргізіп жатырмыз. Бақылауымыз күшті болуы тиіс, қызметімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек, - деді Е.Тастағанов.
Просмотров материала: 873

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 044 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 605 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 149 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 196 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 191 539 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 172 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 280 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 562 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 935 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 475 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 365 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 551 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 366 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 198 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 596 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 441 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 131 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 537 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 298 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 241 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 076 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 917 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 206 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 138 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 637 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 377 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 966 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 226 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 592 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 978 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 924 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 006 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 962 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 178 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 328 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031