11 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Халықтың вакцинадан қорқуына интернеттегі дәйексіз ақпараттар себепкер - маман пікірі

09 июнь 2020, 12:07
Халықтың вакцинадан қорқуына интернеттегі дәйексіз ақпараттар себепкер - маман пікірі
Таяуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын. Аталған құжатта екпелердің бәрін міндетті және ерікті деп екіге бөлу туралы шешім қабылданған-ды. Дәл осы міндетті екпеге қатысты қоғам арасында түсінбеушілік туындап, оған наразылық білдірушілер де шығып жатыр. Осыған орай неонатальды хирург мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер Гүлмира Кәукенбаеваны сөзге тартқан едік.

С.Асфендияров атында Қазақ ұлттық медицина университетін бітіргеннен бері Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде балалар хирургы болып еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер вакцина - ағзаның иммундық жүйесінің қауіпті инфекцияларға табиғи қарсы тұру механизмі екендігін айтады. Қазақстан Республикасында ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес салынатын моновакцина және аралас вакцина болып бөлінеді. Моновакцина туберкулез, дифтерия, тырыспа, пневмококты инфекция, В гепатиті, полиомелитке қарсы салынады. Ал аралас вакцина қызылша, қызамық, паротит, көкжөтел, В типті гемофильді инфекциялардың алдын алады.

«Вакцина өзінің құрамына байланысты ағзада қандай да бір өзгерістер, яғни реакция беруі мүмкін. Оны поствакциналдық реакция деп атайды. Ол ағзаға қауіп тудырмайды, біраз уақыттан кейін жойылады. Екпе салынғаннан кейін дене қызуы көтерілуі мүмкін. Жалпы мазасыздану, вакцина салынған жер қабынуы да ықтимал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметіне сәйкес, вакцинадан кейінгі асқыну 1 миллионға шаққанда 1 жағдайды ғана құрайды», - дейді ол.

Бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибе конференцияларында баяндама жасап, 4 ғылыми жарияланымын жарыққа шығарған Гүлмира Төлепбекқызы вакцинаға қарсы топтардың алға тартып жүрген мәліметтері ғылыми түрде вакцинаның қаупін дәлелдемегеніне баса назар аудартады.

«Интернеттегі негізсіз, дәйексіз ақпараттар халықтың вакцинадан қорқуына, оның пайдасы бар екеніне сенбеуге шақырып отыр. Сонымен қатар әртүрлі діни көзқарастарға байланысты да кейбір ата-аналар баласына екпе жасатудан бас тартып жатады. Жалпы вакцинация - мұқтаждықтан пайда болған ем. Вакцинация арқасында ғасырлар бойы қауіпті болып келген аурулардан арылып келеміз. Ол аурулардың шешек, көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сынды көптеген түрі қазіргі уақытта жойылған немесе жеңіл түрде кездеседі», - деді білікті маман.

Оның атап өтуінше, әр адамды қорғайтын, қауіп-қатерсіз әрі жағымсыз әсері жоқ мүлтіксіз вакцина болмайды.

«Олар иммундық жүйеге серпіліс берген соң, әрине, ағза жауап береді. Яғни, ол жоғарыда айтылған реакцияларды туындатады», - деді Гүлмира Кәукенбаева.
Дерекккөз: ҚазАқпарат.
Просмотров материала: 722

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 297 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 846 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 402 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 447 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 781 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 070 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 182 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 455 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 780 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 923 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 386 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 529 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 349 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 184 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 524 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 427 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 116 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 522 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 275 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 226 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 900 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 187 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 621 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 303 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 941 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 207 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 576 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 963 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 910 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 985 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 944 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 308 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031