10 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Митингілер мен бұқаралық шаралар індетті жаппай жұқтыруға жағдай туғызады - Жандарбек Бекшин

05 июнь 2020, 14:31
Митингілер мен бұқаралық шаралар індетті жаппай жұқтыруға жағдай туғызады - Жандарбек Бекшин
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтарды митингілер мен жаппай жиындарға қатыспауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар әлі жалғасуда, тек өткен тәулік ішінде белгісі бар 49 адамнан инфекция анықталды, ал бір апта ішінде – 334 адам тіркелді. Осылайша, Алматыда барлығы 2790 адамнан коронавирус тіркелді, 10 адам қайтыс болды»,– дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, індетті жұқтырушылар статистикасы пандемия ауқымының әлі де азаймағанын көрсетеді.

«Осыны ескере отырып, қаланың бас санитарлық дәрігері әрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейтін жауапты адам ретінде, соңғы кездері әлеуметтік желілерде тарап жатқан адамдар көп жиналатын бұқаралық шаралар мен митингке шақырудың төзгісіз екендігіне назар аударамын. Қалада эпидемия әлі де жалғасып жатқан кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру барып тұрған жауапсыздық»,– дейді ол.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көп жиналу, жақын араласу азаматтардың індетті жаппай жұқтыруына әкеп соғады.

«Өйткені, митингтер жұқтыру ошағы болып табылады. Егер, мұндай бұқаралық шаралар індетті жұқтыруға себепші болса, онда митингтерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады. Осындай бұқаралық шараларға қатысушылар індет жұқтыратын болса, онда эпидемиологиялық тексеру аясында шеттетіледі»,– деді ол.

COVID-19 жұқтырғандар инфекциялық ауруханаға жатқызылады.

«Олармен араласқандар, мейлі олар індетті кепшілік жерде немесе үйде жұқтырсын, провизорлық және карантиндік госпитальда оқшауланады. Санитарлық-эпидемиологиялық хаттаманың талаптары осындай, біз оны міндетті түрде орындаймыз. Хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді. Ал, тіркеу қатысушылар санын есептеп, жұқтыру ошағының эпидемиологиялық тексеруін одан ары жүргізіп, коронавирустың таралуының алдын алу үшін қажет»,– деді бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар, ол бұқаралық шараларға, митингтерге қатысушылар коронавирус жұқтырудың эпидемиялық тізбегін құрайтынын атап өтті. Осының салдарынан індет Сіздің үйіңізге, отбасыңызға тарайды, ең алдымен балаларға және қарт адамдарға қауіп төндіреді.

«Міне, сондықтан мен бұрындары Алматы қаласының аумағында түрлі бұқараларық шараларды өткізуге тыйым салу жөнінде қаулы қабылдаған едім. Қарт адамдар мен бұрыннан қалыптасқан сырқаты бар жандардан адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ жүруді сұраймын. Өйткені, Сіз індетті тез жұқтыратындар санатына жатасыз. Бұдан өзге, жаппай жұқтыру қаупінің болуы мүмкін екендігін ескере отырып, тиісті қызметтерден адамдар көп жиналатын орындарға дезинфекция жүргізуді күшейтуді талап етемін», – деді ол.

Оның айтуынша, талаптар мен өтініштер қаланың әр тұрғынының денсаулығын қорғау мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсартуға негізделген.

«Сондықтан барлық алматылықтардан жауапкершілік танытуды өтінемін. Өйткені, қоғамның денсаулығы әрқайсымыздың жеке қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауымыздан құралады»,– деп қортындылады Ж. Бекшин.
Просмотров материала: 844

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 812 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 203 437 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 930 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 995 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 203 353 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 848 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 903 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 211 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 837 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 909 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 093 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 648 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 678 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 445 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 304 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 947 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 240 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 644 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 459 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 328 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 160 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 018 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 342 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 238 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 728 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 724 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 077 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 313 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 067 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 006 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 130 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 074 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 277 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 432 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930