11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқулықтарды сараптаумен тек тәуелсіз мамандар айналысады

04 июнь 2020, 17:10
Оқулықтарды сараптаумен тек тәуелсіз мамандар айналысады
2020 жылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдіріліп, біліктілік санаттарына өту балдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндай өзгерістер жалақының айтарлықтай өсуіне әсер етедеді. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те тікелей эфирде өткен халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда оқулықтардың сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл - өзекті мәселе", – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов есептік кездесу барысында.
Бұл мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі қозғайды.

"Биылдан бастап оқулықтардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту туралы БҒМ-нің бұйрығы шықты. Оқулықтарды сараптау жұмыстарымен тек тәуелсіз мамандар айналысады. Оқулық авторлары мен баспалардың оқулықтарды әзірлеудегі жауапкершілігі артты. Енді сатып алынған оқулықтарда қателер анықталған жағдайда, баспалар барлық шығынды өздері өтейді. Авторлар мен сарапшыларды оқыту жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оқулықтармен қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптарды күшейтеміз, 100% қамтамасыз ету біз үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс", – деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Ол сондай-ақ бүгінгі таңда мектеп оқушыларының 96%-ы жаңартылған білім мазмұнына көшкенін, ал 11-сыныптар биыл ауысатынын айтты. Осылайша, ведомство басшысы орта білім беру жүйесінің жаңартылған білім мазмұнына көшуін аяқтайтынын мәлімдеді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттар желісін құру басталды. 10 өңірде осындай мектептер ашылып, жыл соңына дейін тағы жеті мектеп ашу жоспарланып отыр.

"Педагогтердің сапалық құрамын арттыру бойынша шаралар қабылданды. 150 мыңнан астам педагог біліктілік санаттарын растап, 30-дан 50% - ға дейін қосымша ақы алады. Осы жылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдіріліп, біліктілік санаттары үшін өту балдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары үшін аттестаттау енгізілді. Енді олар аттестаттаудан өтеді, соның нәтижесі бойынша айлықақыларына 30-дан 100% - ға дейін қосымша ақы төленетін біліктілік санаттары беріледі. Алғаш рет басшылардың жалақысы жұмыс нәтижелеріне байланысты сараланады", – деп толықтырды Асхат Аймағамбетов.

Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі жетілдіріліп жатыр. Педагогтерді оқыту тәжірибелерін жақсарту үшін курстан кейінгі мониторинг пен сүйемелдеу енгізілді. Сонымен қатар мамандық бойынша қайта даярлау мүмкіндігі қарастырылған. Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету үшін тәлімгерлік институты енгізілі жатыр. Тәжірибелі педагогтердің жұмысқа жаңадан қабылданған әріптестеріне тәлімгер болғаны үшін ай сайын 17 мың теңге көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау және бір мектептен екіншісіне ауыстыру жүйесі автоматтандырылады.

"Енді ата-аналарға бір мектептен екінші мектепке барып, құжаттарын қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Мұны е-gov платформасында жасауға болады. Бұл ата-аналардың уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды трансформациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бастап 4 және 9-сынып оқушыларының пәннен алған білімдерін бағалауға емес, функционалдық сауаттылықтарын анықтауға бағытталған мониторинг жүргізіледі", – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ Министр оқу процесін ұйымдастыруды цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті. Мектептер үшін оқулықтарды сатып алу немесе электрондық оқулықтарға жазылу мүмкіндігі қарастырылады. Ұлттық білім беру деректер қоры білім саласындағы барлық ақпараттың қайнар көзі болады. Сонымен қатар ел көлемінде пайдаланылатын базалармен синхрондалады. Білім туралы барлық құжат цифрлық форматқа көшіріледі, ал оқулықтарды сараптау ашық платформада жүргізілетін болады.
Просмотров материала: 1 142

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 009 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 602 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 112 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 169 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 519 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 355 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 448 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 741 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 194 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 298 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 630 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 583 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 267 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 479 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 999 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 630 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 036 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 001 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930