17 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тараздың өзіндік бренді болуы тиіс – Бердібек Сапарбаев

Тараздың өзіндік бренді болуы тиіс – Бердібек Сапарбаев
Туризм саласындағы кадрлар тапшылығы, автожолдар сапасының нашарлығы, жол бойындағы сервис деңгейінің төмендігі секілді туризмнің дамуына кедергі келтіретін көптеген мәселелер облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тарихы бай, ерекше мәдени-тарихи орындар мен табиғи ресурстарға ие бола тұра облысымыз әлі күнге дейін туризмді дамытуда бірқатар кедергілерді кешіруде. Өткен тарихы терең өңір алдында барша қазақстандықтар мен шетелдіктерді тартуға қабілетті қазіргі заманға лайық туризм индустриясын құру мәселесі тұр. Бұл туралы басқосу барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев атап өтті.

Туризм басқармасы осы орайдағы мәселелерді шешу үшін саланы дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуде.

Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың айтуынша, бұл бағытта бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бес тілде аудио және бейнегидтері бар «Taraz tour» мобильдік қосымшасындағы туристік нысандар санын 200-ге дейін арттыру көзделуде. Қазіргі таңда қосымшадан тек 37 нысанды табуға болады. Сондай-ақ жақында «Әулиеата» әуежайына Тараз туралы толық ақпар беретін smart-дүңгіршектер орнатылмақ.

Басқарма сонымен қатар аудио және видео нұсқаулығы бар екі қабатты автобусты маршрутқа шығармақ. Тараз әйгілі «2GIS» мобильді қосымшасына (сандық карта) қосылады. Бұл туристерге басқалардың көмегінсіз өздеріне керек жерлерді тауып, дұрыс бағыттағы автобусқа отыруға көмектеседі. 200 туристік нысанда QR-кодтары орнатылады.

Биыл Айша бибі, Қарахан, Бабажа-Хатун кесенелері, Керей мен Жәнібек ескерткіштері, Ақыртас және Тектұрмас этнотарихи кешені сияқты бес тарихи-мәдени нысандарда қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Этноауылдар салу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілетін болады.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының мыңжылдықтар тоғысындағы шаһар екенін көрсететін өзіндік бренді керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдар, туристік компаниялар мен қауымдастықтар бірлесіп туризм индустриясының әлеуетін арттыру үшін жүйелі негізде жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті.

– Өкінішке қарай мейрамханалар мен кафелерде қызмет көрсету деңгейі төмен, бұл келушілердің сенімсіздігін тудырады. Жол бойындағы сервис көңіл көншітпейді. Жоспарланған тоғыз сервистік кешеннің біреуі ғана Байзақ ауданында салынды. Қалған аудан әкімдері олардың құрылысын тезірек аяқтауды назарға алуы тиіс.

Облысымыздың қолайлы аймақта орналасқандығын ұтымды пайдаланбаймыз. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі біздің өңір арқылы өтеді. Ол жолмен күн сайын мыңдаған көлік қатынайды. Отардан Жуалыға дейін Әулиеатаның қасиетті орындары туралы ақпараттар жазылған билбордтар орнату керек. Коронавирустық пандемия ішкі туризмнің дамуына үлкен мүмкіндіктер береді. Бұған дейін танымал болып келген шетелдік курорттар бұрынғыдай аса қызығушылық тудырмайды. Мұны ішкі туризмнің дамуына серпін сыйлау үшін тиімді пайдалана білген абзал, – деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

Просмотров материала: 664

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 039 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 572 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 136 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 186 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 511 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 901 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 020 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 564 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 696 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 217 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 238 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 506 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 326 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 159 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 481 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 406 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 095 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 500 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 236 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 206 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 041 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 878 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 162 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 096 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 595 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 253 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 917 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 550 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 940 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 890 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 955 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 919 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 278 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728