8 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда фрилансерлердің зейнетақы үшін аударатын жарнасы екі есе қысқарады

03 июнь 2020, 14:02
Қазақстанда фрилансерлердің зейнетақы үшін аударатын жарнасы екі есе қысқарады
Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Парламент депутаттары әзірлеген заң жобасы халықтың валюталық ипотекалық қарызы мәселелерін, сонымен бірге төлем қызметтері нарығындағы субъектілердің реттелуін жетілдіру сұрақтарын қамтиды. Тұңғыш Президент 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында халықтың валюталық ипотекалық қарызы бойынша нақты шешім қабылдауды тапсырған еді. 2018 жылдың 27 наурызында ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы басталды. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 2015 жылдың 18 тамызындағы теңге бағамы бойынша (1 доллар – 188,35 теңге) жеке тұлғаларға берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды қарастырды», - деді Мәжілістің жалпы отырысында депутат Сергей Симонов.

Оның айтуына қарағанда, валюталық ипотекалық қарыз алушыларды бағдарламамен толыққанды қамтамасыз етіп, келешекте валюта бойынша қауіптерді сейілту үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізу көзделген. Ол бойынша банктерге қарыз алушының өтінішінсіз 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам бойынша жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарының конвертациясын жүргізу құқығы берілмек.

«Бұл бағыттағы жұмыс қысқа уақыттың ішінде Елбасының тапсырмасын орындауға жол ашады. Төлем қызметтері нарығындағы субъектілерді реттеуді жетілдіру бойынша: 2019 жылдың 2 қыркүйегінде өз Жолдауында Мемлекет басшысы ақшаның жылыстауы мен банктік емес қаржылық ұйымдардың қызметі арқылы шетелге капитал шығару қаупін азайту үшін қосымша шараларды қабылдауды тапсырған еді. Осыған байланысты құқыққа қарсы операцияларды жетілдіру үшін төлем ұйымдарының қызмет мүмкіндіктерін азайтатын өзгерістер жасалды. Нақтырақ айтқанда қолданушының идентификациясы бойынша жаңа талаптар енгізіледі. Белгісіз (анонимді) әмияндар арасындағы аударымдарға тыйым салынады. Операция барысында лимит енгізіледі. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін төлем сервисінің мүмкіндіктері кеңейтіледі», - деді спикер заң жобасының нормаларын түсіндіре отырып.

Ол сонымен бірге төлем ұйымдарының жарғылық капиталының төменгі мөлшерін анықтау бойынша Ұлттық банктің құзіреті артып келе жатқанын атап өтті. Құқыққа қарсы операциялардың үрдістерін қамтамасыз ету бойынша төлем жүйесі операторына міндеттемелер жүктеледі.

«Ұсынылып отырған өзгерістер қолма-қол ақшасыз ақша айналымының ашықтығын арттыруға, ақшаны жылыстату қаупін азайтатын механизм құруға, төлем қызметі тұтынушыларының құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Аталмыш заң жобасының аясында Үкімет құрған 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруға бағытталған өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл нормалар ірі инвестициялық жоба аясында заңды тұлғалар үшін заңнамаға өзгерістер енгізілген кезде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Микроқаржылық қызмет ұсынатын ұйымдардың жұмысына лизензияны енгізу көзделеді. Тұрғын үй жинақ банкінің жұмысын жетілдіріп, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндердің (яғни фрилансерлердің) зейнетақы жарнасын 10-нан 5 пайызға төмендетуге жол ашады», - деді депутат.
Просмотров материала: 671

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 339 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 020 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 518 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 555 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 928 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 781 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 811 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 143 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 823 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 059 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 991 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 503 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 692 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 505 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 347 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 559 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 438 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 924 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 309 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 886 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 322 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 253 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 494 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031