18 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жамбыл облысында үш спорт алаңы ашылды

Жамбыл облысында үш спорт алаңы ашылды
Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында, Қордай ауданы Масаншы ауылында және Тараз қаласы Қаратау-2 шағын ауданында үш әмбебап спорт және ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақта спорт алаңдарын орнату бойынша жобаны "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп іске асырды.

Жаңа спорттық және ойын кешендері бірнеше бөліктен тұрады - жасанды көгал және 30 көрерменге арналған мінбесі бар футбол алаңы, workout жаттығу алаңы, балаларға арналған әткеншектер, төбешіктер және құм аймағы. Алаңның периметрі бойынша қоқыс салатын орындықтар мен қоқыс жәшігі орнатылған. Осындай бір кешеннің аумағы 1300 шаршы метрді құрайды.

Тараздағы алаңның салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Ол үшін халыққа арналған спорттық инфрақұрылымға қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің өңірде спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдай жасалуда. Ағымдағы жылы спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба іске асырылуда, 13 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңы салынады. Жыл сайын дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны өсуде. Жамбылдықтар салауатты өмір салтын таңдайды, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, алаңдарды орнатуға арналған орындарды Жамбыл облысы әкімдігі мен "Samruk-Kazyna Trust" қоры жергілікті азаматтық қоғаммен бірлесіп анықтаған. Жамбыл облысының әкімдігі алаңдарды орнату үшін аумақты ұсынды, "Samruk-Kazyna Trust" қоры алаңдарды орнатуды толық қамтамасыз етті, әрі қарай олар жергілікті атқарушы органдардың балансына олардың сақталуын қамтамасыз ету және функционалдығын қолдау үшін беріледі.

Мұндай алаңдар балалар үшін де, ересектер үшін де қолжетімді, оларға бару – тегін. Алаңдар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, қала мен ауыл тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылады, - деп атап өтті "Samruk-Kazyna Trust" қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас.

Әкімдік пен жобаны ұйымдастырушылар жергілікті тұрғындарды алаңдарға ұқыпты қарауға, құрылымдарды сындырмауға және аумақта қоқыс тастамауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, әмбебап алаңдарды орнату жобасын "Samruk-Kazyna Trust" қоры "Менің елім" Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. "Менің елім" бағдарламасының жобалары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және өңірлердегі адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба іске қосылған сәттен бастап бүкіл ел бойынша 130-дан астам әмбебап спорт және ойын алаңдары орнатылды.

Алаңдардың мекенжайлары:

1. Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ Батыр көшесі, А. Суханбаев атындағы саябақ аумағы;

2. Қордай ауданы, Масаншы ауылдық округі, Масаншы ауылы, Мәңгілік Ел көшесі, 17 ғимарат, № 12 орта мектептің маңы;

3. Тараз қ., Қаратау (2) ш/а, 1,2,3,4,5 үйлердің жанында.
Просмотров материала: 1 153

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 017 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 524 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 563 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 935 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 611 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 644 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 967 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 638 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 686 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 882 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 926 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 456 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 408 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 693 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 439 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 847 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 643 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 462 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 156 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 505 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 883 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 237 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 450 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 843 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 192 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 277 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 591 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930