23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавирус жұқтырған провизор: Тынысым тарылып, төсекте дұрыс жата алмадым

29 май 2020, 13:06
Коронавирус жұқтырған провизор: Тынысым тарылып, төсекте дұрыс жата алмадым
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында № 12 қалалық емхананың провизоры Манат Әлмаханова да бар. Ол ҚазАқпарат тілшісіне қауіпті вируспен қалай күрескені туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Вирус жұқтырған Манат Әлмаханова 4 мамырдан бері үйден шыға алмай отыр.

Алғаш рет 12 сәуір, яғни жексенбі күні тамағы жыбырлай бастағанда ол жай ғана суық тиген болар деп ойлаған. Емхана қызметкері коронавирус жұқтырғаны үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтты.

«Бала кезімнен менде созылмалы ангина бар болатын. Содан болар ескі ауыру деп қамсыз жүре бердім. Бір күн өтті. Келесі күні денем тоңып, қалтырап бірден қызуым көтерілді. Алайда өзім провизор болғандықтан қолда бар препараттардың барлығын іше бастадым. Бірақ, бір байқағаным қанша дәрі ішсем де маған көмектеспеді. Бірнеше күн өткен соң арқамның өкпе тұсы ауыра бастады. Сол кезде менде қорқыныш сезімі пайда болды. Ауырып тұрсам да аптаның демалыс күндерін күттім. Сәрсенбі күні жұмыста тест тапсырдым. Тест нәтижесі күмәнді болды. Сол үшін маған ПТР талдаудан өту ұсынылды. Бейсенбі күні ПТР тапсырдым. Жұма күні жұмыста дірілдеп қалтырап отыра алмай кеттім. Сенбі күні менде дене қызуым түсіп, тамағым ауырғаны басылғанымен демікпе, жөтел пайда болды. Төсекте горизонталды жата алмай, тынысым тарыла бастады», -деді Манат.

Оның айтуынша, сенбі күні түнгі сағат 23:00 шамасында қызметтік чаттан «Әлмаханова Манат – COVID-19 тест оң нәтиже көрсетті» деген хабарлама келді.

«Осы хабарламадан соң менің ұйқым қашты. Бойымды үрей, қорқыныш биледі. Жексенбі күні таңертең мені жедел жәрдем Алматы қаласы фтизиопульманология орталығына алып кетті. Сол жерде дәрігерлер маған емдеу курсын белгіледі. Рентгенге түскенімде нәтижесі таза болып шықты.

Вирусқа қарсы Алувиа деген препарат іштім», - деді Манат. Вирусқа қарсы препарат ауыр болғандықтан, пациентке кері әсері өте көп болған. Манат бірнеше күн бойы құсып, тамаққа тәбеті нашарлаған.

«Жүрегім айни берді. Сосын емдеуші дәрігер Алувиа препаратын бірнеше күнге тоқтатты. Ертесіне ұйқыбездің, бауыр жұмысын тексеру үшін тамырдан қан алды. Біраз күнде тәбетім қайта жақсарған соң дәріні қайта қосты. Осылай 10 күн өтті. 10 күннен соң тағы да жүрегім айнып құса бастадым. Одан кейін де дәрігер кішкене үзіліс берді. Ал жағдайым жақсы болатын. Жөтел, ентігу 10 күнде кеткен болатын. Бірақ, дәрілердің күші ішкі органдарыма әсер ете бастады», - деді ол.

Ол аурухананың мамандарының біліктілігі мен емханадағы қызметке көңілі толатындығын жасырмады.

«Тамақтары өте дәмді болды. Күнделікті әртүрлі жеміс-жидек, пісілген ыстық бәліш, бұқтырмалар, салат беретін. Көп адам ас-ауқатқа қатысты наразылық білдірді ғой. Бірақ мен жатқан ауруханада 5 уақыт құнарлы тамақ беріп тұрды. Берген тамақтары 10 күнде қайталанбады десем де артық емес. Медицина қызметкерлері біздің көңіл-күйімізді көтеріп, әрдайым позитив сыйлайтын. Дәлізде 24 сағат шай қайнап, үстел үстінде шай, қант, тұз тұрады. Минералды су таратады», - деді ол.

Ауруханаға түскеніне 15 күн болғанда Манат Әлмаханова қорытынды ПТР талдауын тапсырған.

«Ол күні қобалжып, қорқып күттім. 4 мамырда ПТР талдауы алынды. Нәтижесін күткенде де сағаттар жылға айналғандай болды. Талдау нәтижесі әлі вирус бар екенін көрсеткенде қатты күйзеліске түстім. Одан кейін 7 мамырда тапсырғанда тағы да тест нәтижесі қуантпады. Мен өзім осы вирустан өмірі құтыла алмайтындай күй кештім. Қорқыныш, үрей биледі. Сенбі күні естігеннен бастап менде бір апта ұйқы болған жоқ. Психологиялық тұрғыдан өте ауыр болды. 15 мамырда тағы қорытынды ПТР тапсырдым. Сол кезде тест нәтижесі теріс болып шықты. Екі рет қатар теріс нәтиже шыққан соң 16 мамырда мені ауруханадан шығарды», - деді Манат.

Пациент әлі де үйінде 14 күндік карантинде жатыр.

Қазір ол тағы да ПТР талдауын күтіп отыр. Теріс шықса, жұмысына оралмақшы. Манат өзінің коронавирусты нақты қайда жұқтырғанын білмейді. Өзі қызмет ететін № 12 қалалық емханада одан бұрын коронавирус деген диагнозбен 7 адамды жедел жәрдеммен алып кеткен.

«Ауруханада жатқанда көпшіліктің бір-ақ сұрағы болды. Шынымен вирус бар ма екен деген. Иә, вирус бар екен. Болғанда да жай ғана тұмау емес, өте ауыр болады екен. Байқасаңыз мен ауруханаға түскенде көктем болған. Қазір далада жаз. Ал мен әлі үйде қамалып отырмын. Үкімет беретін ақша үшін ауырып жатыр деген қауесет те бар. Бірақ мен айтар едім, басымнан өткен қиын ахуалды қанша ақша берсе де қайталамауға бар күшімді салар едім», - деді ол. Манат жалғыз өзі тұрады. Сондықтан да оның туыстары, жақындарында вирус жұқтыру қаупі болмаған.
Просмотров материала: 629

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 173 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 813 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 837 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 145 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 655 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 723 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 913 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 056 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 435 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930