21 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыруымыз қажет – Тоқаев

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыруымыз қажет – Тоқаев
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты. Ақорданың ресми сайты Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөйлеген сөзінің толық нұсқасын жариялады.

Құрметті Ұлттық кеңес мүшелері!

Бүгін біз ерекше жағдайда жиналып отырмыз.

Коронавирус індеті жұмыс тәртібімізге елеулі өзгеріс енгізді.

Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті.

Бірақ, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ.

Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті.

Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті.

Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ.

Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр.

Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес.

Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік.

Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Бүгінгі отырысқа дейін атқарылған жұмысымыздың нақты нәтижесі бар.

Бірер күн бұрын мен «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңға қол қойдым.

Бұл құжаттың басты ерекшелігі – бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес.

Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады.

Осы заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын.

Депутаттарға заң жобасын егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын.

Бірлесе атқарылған жұмыстың мән-маңызы зор.

Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді.

Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізетін құжаттарға қол қойдым.

Біз парламенттік оппозиция институтын енгіздік.

Саяси партияларды тіркеуге қатысты талап жеңілдетілді.

Сайлауға түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота бөлетін болады.

Жала жабуды қылмыс санатынан алып тастау және Қылмыстық кодекстің 174 бабын ізгілендіру жөніндегі нормаларға азаматтар барынша қолдау білдірді.

Бұдан бөлек, басқа да мәселелер бойынша нақты нәтиже бар.

Шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота қырық пайызға азайды.

Есеп комитеті мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерістің аудиторлық қорытындыларын жариялай бастады.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында игерілмеген жайылымдар біртіндеп мемлекетке қайтарылуда.

Бұған ғарыштан мониторинг жүргізу арқылы қол жеткіздік.

Мұның бәрі Ұлттық кеңестің бастамасымен жүзеге асырылған шаралардың бір бөлігі ғана.

Баршаңызға қазіргідей күрделі кезеңде өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын.

Ұлттық кеңес бір жылға жуық уақыт аралығында аса маңызды әрі ауқымды реформаларды пысықтап, жүзеге асырды.

Қоғамдық диалогтың ұлттық моделі өз тиімділігін көрсетті.

Қазір алдағы кезеңнің күн тәртібін анықтап алуымыз қажет.

Кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналды.

Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр.

Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады.

Сондықтан бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық.

Бұл – білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласы.

Жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр.

Енді, бұл саланың маңызы арта түсетіні анық.

Тіпті, экономиканың өзі соған тәуелді болмақ.

Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек.

Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз.

Білім беруді және ғылымды дамытудың екі мың жиырма бесінші жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет.

Екі мың жиырма бесінші жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат алты есе, ғылымға бөлінетін қаржы жеті есе өсетінін ескерген жөн.

Ал, енді ерекше назар аударатын және пысықтауды қажет ететін мәселелерге тоқталайын.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қабылдасақ та, жастар ауылға барып жатқан жоқ.

Қазір ауылдарда бір мұғалім үш-төрт пәннен сабақ береді.

Бір сабақта әртүрлі жастағы балалар бірге отырып оқуға мәжбүр.

Ауыл ұстаздарына еңбекақы төлеу жүйесінде осы мәселе ескерілмейді.

Сондықтан бұл ахуалды біртіндеп түзету керек.

Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын одан әрі жетілдіреміз. Бұл аса қажет.

Екі мың жиырма бесінші жылға қарай он бір мың орынға арналған жүзден аса интернат салынуы керек.

Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі де өте өзекті мәселе.

Менің тапсырмам бойынша әкімдер барлық мектепті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, заманауи санитарлық талаптарға сай жағдай жасайды.

Бұл шара жыл соңына дейін жүзеге асырылады.

Қоғамда оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуға арналған бірыңғай бағдарлама енгізу туралы бастаманың көтерілуі орынды.

Бұл – түйткілді мәселе.

Осыған орай министрлік пен сарапшылар қауымы кешенді шешімдер әзірлеуі қажет.

* * *

Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын.

Біз «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық.

Бірақ, іс жүзінде, жоғары оқу орны оқытушысының жалақысы мұғалімнің жалақысынан аз болып қалды.

Осыған орай Үкімет жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек.

Мұны мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жүзеге асыруға болады.

* * *

Дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мұның бірнеше себебі бар.

Соның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі.

Әрине, бұл қосымша инвестицияны талап етеді.

Осыған орай біз білім гранттарының орташа құнын үш жүз қырық – төрт жүз жиырма мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық.

Яғни, грант құны үш есе артады.

Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады.

Бұл – маңызды қадам.

Өйткені грант құны екі мың он бірінші жылдан бері өскен жоқ.

Еліміздің он жоғары оқу орны әлемнің үздік бес жүз университетінің қатарына қосылуы керек.

Жоғары білім беру сапасының негізгі көрсеткішінің бірі – осы.

Бұл межеге екі мың жиырма бесінші жылы жетуіміз қажет.

* * *

Тағы бір өзекті мәселе.

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз қажет.

Бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару керек.

Олар тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді.

Сондықтан Тіл комитетін екі мың жиырма бірінші жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн.

Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді.

Құрметті Ұлттық кеңес мүшелері!

Біздің ғылыми инфрақұрылым еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешуге әлі қауқарсыз.

Мұны ашық мойындау керек.

Ғылым кадрларын даярлау үшін, ең алдымен, оларға жағдай жасау керек.

Сондықтан жыл сайын кемінде жүз ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн.

Жетекші ғылыми орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет.

Сондай-ақ, докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керек.

Докторанттардың көбі – отбасылы азаматтар.

Олар ғылыммен айналысқан кезеңде негізінен стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды.

Докторанттардың стипендиясын жүз елу мың теңгеге дейін көбейту қажет.

Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн.

Оның алдағы үш жылға арналған жалпы құны үш миллиард теңге болад

Құрметті Ұлттық кеңес мүшелері!

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін, шын мәнінде, ауыр сынақ болды.

Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартты.

Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқының қорғалмауы себеп болып отыр.

Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алады.

Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын.

Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек.

Бұл көрсеткішке екі мың жиырма үшінші жылға қарай қол жеткізу қажет.

Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық.

* * *

Алдағы бес жылда мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін медициналық техникамен жүз пайыз қамтамасыз етуіміз керек.

Сонымен қатар жаңа ауруханалар салу қажет.

Жұмыспен қамту жол картасының аясында биылдың өзінде жиырма төрт жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі.

Екі мың жиырма бесінші жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша жиырма ірі клиника салынады.

Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады.

Үкімет пен әкімдер бұл тапсырманы мүлтіксіз орындауға тиіс.

Бүкіл әлемде пандемия қайта өршіп кетуі де мүмкін.

Сол үшін, жұқпалы ауруларды емдейтін клиникалардың барлығын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз керек.

* * *

Пандемия кезінде өңірлердің жылдам әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайтыны байқалды.

Денсаулық сақтау саласына қатысты көптеген мәселе орталықтың тікелей араласуымен шешіліп отырды.

Сондықтан төтенше жағдай кезіндегі басқару ісін нақты құрылымға сай бір орталықтан жүргізу керек болады.

Сонымен бірге елімізді дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталды.

Біз импортқа тым тәуелдіміз.

Шет елден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі сексен сегіз пайызға жуық.

Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар.

Сондықтан Үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет.

Мұнда зерттеу жүргізуден бастап, өнеркәсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуға тиіс.

Фармацевтика саласындағы саясат ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, озық технологияны тартуға және импортты алмастыруға бағытталғаны жөн.

Осыған орай, фармацевтика және медицина өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

Бұл ретте, саланы дамыту және халықты тиімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керек.

Үкіметке отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жоспарын жасауды тапсырамын.

Онда нақты көрсеткіштер мен мақсат-міндеттер айқындалуға тиіс.

Құрметті Ұлттық кеңес мүшелері!

Бүгін мен негізгі әлеуметтік салаларды реформалауға арналған бастамалар жөнінде айттым.

Бұл бастамалардың басым бөлігі Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалды.

Осы шараларды тиімді жүзеге асырсақ, адами капиталдың сапасын айтарлықтай арттырамыз.

Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Просмотров материала: 830

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 091 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 909 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 564 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 584 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 891 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 657 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 826 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 904 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 144 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 286 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 652 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031