22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Санжар Керімбай: Бейсен Құранбектің моласына түнеген әйел Алпамыстай ұл табады

27 май 2020, 15:49
Санжар Керімбай: Бейсен Құранбектің моласына түнеген әйел Алпамыстай ұл табады
Бұған дейін Бейсен Құранбектің пендешілігі жайлы сөз қозғаған Санжар Керімбай енді марқұм болған тележүргізуші жайлы естелігін жариялады.

Топырақ салу үшін жердің басына барып, мәйітті күтіп тұрған туысыма телефон толғадым да:

– Қасыңда Бейсеннің інісі бар ма?-дедім.

– Иә, жанымда тұр,-деді ол.

– Онда телефонды соған бер, – дедім. Ол берді.

– Алло!

– Сәлем Әсет! Шындығын айт, мен саған көңіл айтуым
керек пе, әлде сен маған көңіл айтуың керек пе? – дедім. 4-5 секунд үнсіздік орнады. Жүрегі езіліп, жылап тұрса да, ол өзін бір сәтке жинап алды да:

– Иә, дұрыс айтасыз. Негізі мен сізге көңіл айтуым керек. Досыңыздың иманы саламат болсын. Құдайдың қазасына шара жоқ. Бекем болыңыз, – деді.

Санжар Керімбай Бейсен Құранбекпен қалай танысқанын айтты. Айтуынша, бастапқыда ортанқол журналист ретінде танығанымен, кейіннен мұсылмандық сипатына, азаматтығына көзін жеткен.

«2005 жылдың қаңтары болатын. Жұмыста отырғам. Бастық кабинетіне шақырды. Бардым. Бастық жағымды бұйрық берді. «Ақпан айында АҚШ-та Қазақстанның ән-күй өнерінің күндері өтеді. Құрманғазы оркестрі түгел барады. Соны ТВ-дан насихаттау керек. Біздің каналдан АҚШ-қа сен барасың. Концертті түгел түсіріп, келген соң оқиға жайлы репортаж жасайсың. Бүгін елшілікке барасың да виза аштырасың» деді. Кабинеттен қуанып шықтым. Бір аптада визаны тас қылып, айтылған күні әуежайға таң атпай барып, командаға қосылдым. Орындыққа барып жайғастым. Маған қарсы сымбатты, ұзын денелі, жылы жүзді бір жігіт отыр. Мойнына «Хабар» бейжигін асып апты. Маған қарап:

– Ақшаңды алдың ба? – деді.

– Жоқ. Қандай ақша?

– Анау жерде Мәдениет министрлігінің өкілі отыр. АҚШ-қа баратын команда мүшелеріне жолпұлын таратып жатыр. Бір аптаға 600 доллар береді. Бар да тиісті ақшаңды алып ал. Айтпақшы танысып қоялық, менің атым Бейсен. Бейсен Құранбек. Хабардың тілшісімін,- деп қолын созды. Осылайша таныстық. Бұған дейін шетелге іссапарға көп шығып әбден ысылғаны көрініп тұр. Жол бастап, бәрін түсіндіріп, маған үйретіп жүр. Осылайша ертеңіне Вашингтоннан бір шықтық. Бір апта жұбымыз жазылмай АҚШ-та бірге жүрдік. Аңқылдаған ақжүрек екен. Бірақ ерекше қабілеті көрінбеді. Қатардағы журналист боп жүрді. Бір аптаның ішінде жап-жақсы дос боп қалдық. Елге келгесін де арасында хабарласып, хал сұрасып тұрдық. Бір күні соқсам «Алматыда емеспін. Қызметім өсіп Талдықорғанға басшы боп көшіп кеттім» деді. Осыдан соң мен оны тіпті ұмытып кеттім десем де болады.

Бейсен Құранбек әйелі жайында: Жеңгелеріңнің мінезі нашар

2013 жылдың 1 қаңтарында Тараздағы кластасым телефон толғады.

– Сәке, кеше «Қазақстан» каналының жаңа жылдық хабарын көрдің бе? – деді.

– Жоқ. Мен мүлде ТВ қарамаймын ғой. Не болды сонша?

– Баяғы Бейсен досыңыз қатырды. Риза болдым оған!

– Не деді сонда?

– Ол хабарды аяқтап тұрып: «Негізі бүгін мына студияда Ғалым Боқаш сияқты басы алтын азаматтар маңдайлары жарқырап, жұртқа шабыт сыйлап, елді құттықтап тұруы керек еді. Өкінішке орай олар мұнда жоқ. Енді ондай мықтылар болмаған соң мен сияқты жаман-жәутіктер амал елдің алдына шығуға мәжбүр» деді. «Мына бала нағыз топырақ сипат мұсылман екен» дедім.

– Сонда Бейсен өзінен мықтыны елдің алдында ашық мойындап, онымен қоймай Ғалымның атын эфирден өткізіп жіберді ме? Мүмкін емес. Цензурада отырған таракандар Ғалымның атын естісе инфаркт алып өліп кетуші еді ғой. Ол мұны қалай жасады? Мүмкін емес!, – дедім сене алмай.

– Иә, тура солай деді. Өз құлағыммен естідім. Сенбесеңіз өзінен сұраңыз,- деді.

– Құреке, құдай ақы деп айтайын. Егер Бейсен расымен солай десе, онда бұл бала тегін болмады. Бұл бір қасиет қонған әулие болуы керек. Келешекте мұның моласына түнеген әйел Байбөрінің бәйбішесі құсап Алпамыстай ұл табады,-дедім.

– Әулие болса әулие шығар. Елдің бәрі мықтының тірсегін шайнап, өзінің атын шығара алмай тыраштанып жатқанда, бұл бала миллиондаған елдің алдында тұрып, өзін жасырып, Боқаштың абыройын асырды,-деді.

Бейсен Құранбек: Мен кеткен кезде орынбасарларымнан бастап, еден жуушыға дейін қимай қоштасты

– Қазір өзімен тілдесейін, – дедім де дереу нөмірін таптырдым. Сол заматта Бейсенге тіке толғап кеп жібердім.

– Алло, бұ кім?- деді бірден танымай. (арада 6-7 жыл өтіп кеткен еді)

– Бұл мен Шәнжархан!

– Әй, сен тірісің бе? – деп таңғалды. Сөйттік те, шұрқыраса жөнелдік.

– Бейсен, саған соққан шаруамды айтайын. Сен кеше эфирден солай да солай депсің ғой. Сол рас па? Ғалымның атын қалай өткізіп жібердің? Соны өз аузыңнан сұрайын деп ем.

– Сен қайдасың?

– Ұзынағашта, үйдемін.

– Онда мен бүгін Алматыдамын. Сені көрмегелі жеті жылдан асыпты.

Кел, шәй ішейік. Бәрін айтып берем,- деді.

– Болды, міне шықтым.

Екі сағаттан соң кафеде шәй ішіп отырмыз.

– Сәке, кеше қатырдым. Жаңа жылдық қарбаласты барынша
пайдаландым. Қаптаған хабар. Цензура бәрін тексеруге мұршасы келмей қалды. Кассетаны апарып бергенде басшы: «Бейсен, бәрі норма ма? Ішінде артық-ауыс әңгіме кетіп қалған жоқ па?» деді. Бәрі норма! Уайымдамай эфирге қоя беріңіз,-дедім. Осылайша Ғалымның атын өткізіп жібердім. Страна должна знать своих героев! – деп рақаттана күлді.

Дереккөз: Stan.kz.
Просмотров материала: 2 164

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 154 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 970 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 625 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 645 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 953 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 660 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 829 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 290 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 657 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031