4 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жәнібек Қожық: Құқын қорғай білетін сауатты ұрпақ дайындауымыз керек!

25 май 2020, 16:16
Жәнібек Қожық: Құқын қорғай білетін сауатты ұрпақ дайындауымыз керек!
ҚР Білім және ғылым министрі
А.Қ.Аймағанбетов мырзаға!

Құрметті Асхат Қанатұлы!


Қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов атамыз: «Ел боламын десең бесігіңді түзе», деген екен. Білім мен ғылымның алтын бесігі мектеп екені баршаға аян. Мектептегі тәрбие мен білім қандай болса, елдің болашағы да сондай болары сөзсіз. Ендігі жерде білім мен ғылымды алға қоятын кез келді.

Білім министрлері жиі ауысқан сайын мектеп науқандық, қажетсіз «реформалардан» көз ашпады. Содан білім мен ұлттық тәрбие көп ақсады. Жаңа министр келген сайын біз де өз ұсынысымызды жасаудан жалықпай келеміз. Ондағы басты мақсатымыз: білімі мен ғылымы дамыған өркениетті ел болу. Сіздің мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы бастамаңызды оқып қуанып отырмыз. Сізден зор үміт күткеннен кейін, ұсыныс жазғанды жөн санадым.

Менің ұсынысым: мектепте 5 пен 11-сыныптың арасында жас ерекшелігіне қарай «заң» пәнін енгізу қажет. Ол үшін барлық педагогикалық университеттерде «заң» пәнінің мұғалімі мамандығын дайындайтын арнайы бөлім ашылуы тиіс. Еліміз құқықтық зайырлы мемлекет болғанымен, халқымыздың құқықтық сауаты өте төмен. Біздің қарапайым халқымыз заң білмегеннен кейін, өз адал еңбегін талап ете алмайтын, өз құқын өзі қорғай алмайтын жағдайға жетті. Азаматтарымыз күн сайын, алаяқтардың алдауына түсіп, жем болып жүр. Елімізде сыбайлас-жемқорлықтың азаймай отыруының басты себебі де сол. Біздің заң білмегендігіміз, заң алдындағы жауапкершіліктен құтқара алмайды. Сондықтан да біздің көптеген азаматтарымыз нақақтан түрмеде отыр.

Мектепте көптеген пәндер 11 жыл бойы тереңдетіліп оқытылады. Бірақ шынайы өмірде сол оқығандарымызды пайдалана бермейміз. Мысалы, өмірде физикадан формула шеше алмағаннан немесе орыс әдебиетінен Пушкиннің өлеңін жатқа білмегенен қорлық көрген жеріміз жоқ. Біз тек қана заң білмегеннен, өз құқымызды өзіміз қорғай алмағаннан қиындық көріп келеміз. Егер де әр азамат заңды жақсы білетін болса, өз құқын өзі қорғайтын болады. Әрине, қазір 9,10-сыныптарда «құқық негіздері» пәні жүреді, бірақ оны заң маманы емес, тарихшы немесе сағаты жетпеген музыка пәнінің мұғалімі де оқыта береді. Оның өзінде «құқық негіздері» сабағы 10-сыныпта қосымша сабақ ретінде жүреді. Балаларымыздың құқық жағынан сауатсыз болуы – заңдылық.

Ал заң пәнін оқыту үшін артық сағатты қайдан алуға болады?

Қазір де мектепте «өзін-өзін тану» пәні 1-11 сыныптың арасында оқытылады. Бұл пән жылда қайталана беретін өте ұқсас тақырыптардан тұрады.

Сондықтан да, «өзін-өзі тану» пәні тек бастауыш сыныптарда жүрсе. Екінші, артық сағатты орыс тіліне берген. Себебі, орыс тілі мен әдебиеті біріктіріліп аптасына 3 сағат 11 жыл бойы оқытылады. Біз неге, өзге мемлекеттің тіліне оқытуға миллиардтаған қаржы жұмсап, басымдылық береміз?! Сол екі пәннің сағатын азайтып, «заң тану» сабағын оқытуға болады. Сонда мектепте 7 жыл «заң» пәнін оқыған бала мектеп бітірген кезде қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тіпті шетел заңдарын толық білетін, өзі де заңмен жүретін сауатты азамат болып шығады. Сол кезде елімізде жемқорлық та азаяды, қоғам да өркендеп дамитын болады.

Адамға өмір сүруі үшін ауа қандай қажет болса, қоғамда еркін өмір сүру үшін заңды білу сондай қажет. Біз сонда ғана зайырлы, құқықтық демократиялық мемлекетке айналамыз. Заң түзелсе, заманда түзеледі!

Жәнібек Қожық,

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі.

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 003

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 168 968 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 168 800 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 168 424 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 168 473 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 168 755 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 976 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 116 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 340 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 308 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 471 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 216 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 799 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 332 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 186 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 008 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 192 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 284 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 954 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 340 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 059 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 069 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 906 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 743 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 007 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 948 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 460 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 922 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 782 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 049 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 382 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 796 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 752 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 801 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 752 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 982 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 126 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031