22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда ХҚКО жұмысын қайта бастады

25 май 2020, 13:04
Алматыда ХҚКО жұмысын қайта бастады
Алматыда ХҚКО жұмысын қайта бастады, одан тыс 40-қа жуық өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің шешімімен бүгіннен бастап Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Қаладағы 16 фронт-офис, 5 мамандандырылған ХҚКО-ның, 2 Миграциялық қызмет көрсету орталығының және 2 Цифрлық қызмет көрсету орталығы қызметі қайта бастады.

Жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Алдын ала жазылусыз ХҚКО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді. Вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған.

Енді алматылықтар электронды форматта атқарылмайтын, "қағаз" жүзіндегі қызметтерді ХҚКО-дан ала алады. Бұл шамамен 100 мемлекеттік қызмет, оларды алу үшін ХҚО-ға бару қажет. Сондай-ақ ХҚО-дан egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсімделген қызметтердің дайын нәтижесін алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшуге байланысты нысандар эпидемияға қарсы барлық санитариялық режимді қатаң сақтау, әлеуметтік қашықтық және адамдар ағынын реттеу секілді шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Осылайша, Алматы қаласындағы 5 мамандандырылған ХҚО-ның, 2 Миграциялық қызмет көрсету орталығының және 2 Цифрлық қызмет көрсету орталығын қоса алғанда 16 фронт-офистің қызметі қайта басталды. Оларда жұмыс істейтін 1600-ден астам адам, оның ішінде клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 фронт-офис қызметкерлері жұмысқа оралды. Жұмыс уақыты дүйсенбі мен сенбі аралығында, таңғы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Алдын ала жазылусыз ХҚКО-да ешқандай қызмет көрсетілмейді.

ХҚКО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдын ала брондау қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасына көшуге байланысты нысандар эпидемияға қарсы барлық санитариялық режимді қатаң сақтау, әлеуметтік қашықтық және адамдар ағынын реттеу секілді шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде.

Қалған, электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда, екінші деңгейдегі банктерде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, "Нұр Отан" партиясы кеңселерінде, сауда орталықтарында, автосалондарда, және т.б. орындардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан ала алады. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, - дейді Данияр Қырықбаев.

Бүгінгі таңда, Алматы қаласы филиалы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға 40-қа жуық eGov бұрышын дайындап қойған. Осындай өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының қатарында мына орындар бар.

• Тұрғын үй департаменті, Жароков көшесі, 215
• Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Төле би көшесі, 12. уг.Қалдаяқов көшесі
• "Бақытты отбасы" орталығы, Зенков к-сі, 15
• Жұмыспен қамту орталығы, Назарбаев көшесі, 50
• № 72 мектеп, Думан ш.а.
• "Казпочта" АҚ, Алатау ш.а.
• "Көк базар" әмбебап базары, Жібек жолы даңғылы 53 / Мақатаев 44
• "DOSTYK PLAZA" СОО, Самал шағын ауданы-2,111
• "Нұр Отан" кеңсесі, Достық даңғылы, 124
• "Галерея" сауда кешені, Тимирязев көшесі, 42
• "Мега Alma-Ata" СОО, Розыбакиев к-сі, 247А
• "Бақытты отбасы" орталығы, Шұғыла ш.а. 347/2.
• "FORUM" СОО, Сейффулин д-лы, 617
• Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көшесі, 191
• "PROMENADE" СОО, Абай даңғылы, 44а
• Райсобез, Мақатаев к-сі, 142
• "Нұр Отан" кеңсесі, Құлагер ш.а. 59/1
• МФК RAMSTORE ALL IN, Назарбаев даңғылы, 226
• Райсобез, Нұркент ш.а. 5/18
• "Qoldaý (кәсіпкерлік орталығы), Рихард Зорге к-сі, 9А
• "Mаrt Village" СОО, Рихард Зорге к-сі 18/1
• Цифрлық ХҚО,. Әйгерім 2 ш.а., Бенберин к-сі, 89
• Казпочта, Алатау 61 опс, Райымбек к-сі 383
• "Domillion" СОО, Рысқұлов д-лы, 143б
• Казпочта, Бөгенбай батыр к-сі, 134
• Казпочта, Алтынсарин д-лы, 11 ш.а.. д. 27
• Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 3 ш.а.
• "Мәскеу" СОО, Алтынсарин к-сі, Абай қиылысы
• Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі,. Жетысу-2 ш/а.,70Б
• Әуезов аудандық МКБ, Алтынсарин даңғылы, 23
• Цифрлық қызметтер орталығы, Алмалы-1 ХҚО, Сүйінбай д-лы, 2, к 4
• "Белас" СҮ, Жұмабаев көшесі, 71
• "Максима" СОО, Райымбек даңғылы
• "ЭДЕМ" СО,Кудерин к-сі, 3/1
• "Нұр-Отан" кеңсесі, Жетісу ауданы, Құлагер ш.а., 59/7
• Жетісу ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Құлагер ш.а., 59/1
• Салық комитеті, Абылайхан даңғылы, 2
• «Жетісу-Семиречье» СОО, Қайрат ш.а, 181
• "Нұр Сәт" базары, Ақсуат ш.а., 118/1
• "ТУРКСИБ" жәрмеңкесі, Сүйінбай даңғылы, 261

Мұнда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен техникалар (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) қойылған.

Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.

Дегенмен, 3 санаттағы азаматтар, яғни, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

ХҚО-ға тек бетпердемен кіргізіледі. Ғимараттың алдында келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы таңбалар сызылған. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ, бұл шаралардың барлығы алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Просмотров материала: 621

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 268 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 100 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 741 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 765 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 073 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930