10 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ол ұзақ ауырды: Бейсен Құранбектің жары жан сырымен бөлісті

21 май 2020, 12:20
Ол ұзақ ауырды: Бейсен Құранбектің жары жан сырымен бөлісті
Жақында өмірден өткен танымал тележурналист Бейсен Құранбекті жоқтаған жары Гүлмира халыққа басу айтты. Бұл туралы "Жетісу" телеарнасы директорының орынбасары Серік Әбікенұлы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өмірден өтті... Мәңгілік мекеніне жетті... Ол кісінің демі үзілсе, менің де тынысым тоқтайтындай көрінетін. Алайда, кеудемдегі жаным шықпаған соң, тірі адам тіршілігін жасай береді демекші, басымды көтеріп, айналама қарауыма тура келді. Алланың ісіне көндім.

Бейсекемнің артынан қаза қайырлы болсын айтып жатқан адамның санында есеп жоқ, қалың қазақ қабырғасы қайысып, көңіл айтуда. Еліміздің игі жақсылары лебіздерін білдіріп, жеделхаттар жолдап жатыр.

Әлеуметтік желілердегі жазбалар, арнаулар мен комментарийлерді бей-жай оқу мүмкін емес, жүрегіңді қан жылатады деген ағайынның өзара әңгімесін үш күннен бері естудемін. Олардың барлығын ашып оқуға жүйкем шыдамады...әйтсе де кеше бірқатарын көрдім, түсіндім. Көрермен қауым, жора-жолдас, майдандас әріптестер, үлгі тұтып соңынан ерген жастар қандай тұлғадан айрылып қалғанын сөзбен жеткізе алмай, зар илеп жоқтап жатыр.

Телеарналар Бекең туралы сюжеттері мен хабарларын жедел түрде дайындап, халық назарына ұсынып, ыстық ықыластарын білдіруде. Алыс-жақын шетелдердегі бауырлар да орны толмас қайғыға ортақтасуда. Баршаңызға әулетіміздің атынан алғысымды білдіремін.

Бейсекемнің мақтауын жеткізіп, бояуды аямай, әсірелеп айта берсем болар еді, бірақ, Құдайға шүкір, оны меннен неше есе артық жақсы жеткізетін адамдар баршылық. Әрі оның шынайы бейнесін бетпе бет кездескенде де, көгілдір экраннан да өздеріңіз көріп, бағасын беріп жатырсыздар. Сондықтан мен оның осы дүниеден шын дүниеге өтер кезіндегі соңғы ойларын ғана жеткізсем деймін.

Ол ұзақ ауырды, аурудың жақсысы жоқ, алайда нақ осы дерт адамның сабырлылығы мен төзімін сынауға арналған ба деген ойға қалдым. Ауру дендеп, денені құрсап, қинап жатса да, Бейсекем қабағын бір шытпады, "мына ауру пәле болды, шаршатты" дегенді айтпады. Дүниеден озу осындай да болады екен...

Құдайым мені қай кезде аламын десе де дайынмын. Алланың маған нәсіп еткен өміріне де, сынағына да разымын. Мен жақсы өмір сүрдім. Маған Алла тағала жақсы ата-ана, жанашыр бауыр, адал жар, сүйкімді бала сыйлады. Он екі мүшемді сау қылып, бойыма қуат берді, миыма сана, жүрегіме рух берді. Басыма бақ қондырды. Ел-жұртыма маңдай терімді сыпырып жүріп қызмет етуге мүмкіндік берді. Тағы уақыт берсе, тағы да аянбай қызмет етуге даярмын. Мені жақындарыммен, балаларыммен сынамай, жеке басыма дерт беріп, өз денеммен сынап жатқанына тағы да шексіз ризамын. РИЗАМЫН!

Айта кетейік, 18 мамырда белгілі журналист, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды.

Просмотров материала: 6 310

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 262 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 934 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 437 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 480 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 852 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 555 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 593 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 583 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 632 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 827 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 911 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 574 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 446 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 685 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 426 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 833 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 626 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 495 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 223 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 829 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 183 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 266 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 207 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930