30 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Петропавл тұрғыны бөтелке қақпақтарынан картина жасайды

Петропавл тұрғыны бөтелке қақпақтарынан картина жасайды
Петропавл қаласының тұрғыны Владислава Волошин бөтелке қақпақтарынан түрлі картиналар әзірлейді. Шебер әтеш, дельфин, бақа, құс тіпті жылқының бейнесін жасап шығарған. Соңғы суретіне 2300 қақпақ пен дәл осынша бұрандалы шеге жұмсаған. Енді шебер мешіттің суретін жасамақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.kz.

Петропавл тұрғыны бөтелке қақпақтарынан картина жасайды


Шебер өзгелер сияқты бөтелке қақпақтарын лақтырмайды. Әрбіреуін қастерлеп жинап жүреді. Орайы келсе, тіпті қоқыстан да теріп алады. Бұл істе Владиславқа туған-туыс, дос-жарандарының барлығы көмектеседі.

«Мен 15 жыл автовокзалда еңбек еттім. Автобус жүргізуші болып жұмыс істедім. Ұжымдағылардың барлығы әлі күнге дейін мен үшін бөтелке қақпақтарын жинап жүреді. Жолашылар сусынды көп ішеді, бөтелкелерін тастап кетеді. Солардың барлығын жинап аламыз. Әйелім - мұғалім. Петропавл қалалық 40-шы орта мектепте сабақ береді. Ондағылар да менің қақпақ жинайтынымды біледі. Қолдарына түссе әкеліп береді. Таныстарым да барынша көмектеседі», - дейді Владислава Волошин.

Әдемі сурет шығару үшін әр қақпақты түсіне қарай үйлестіре білу қажет. Барлығы шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы саналатын әтеш бейнесін жасаудан басталыпты. Шебер балаларының ең сүйікті мерекесінің бірі Жаңа жылда ерекше картина жасап, ауланы безендіруді ұйғарады.


«Осыдан үш жыл бұрын, тауық жылы болды. Балаларымызбен әтештің белгісін жасауға келістік. Ол үшін қолжетімді, қалта қақпайтын материал табу қажет болды. Қолда бар бөтелке қалпақтары мен бұрандалы шегені қолдануды ұйғардық. Біздің хобби туралы естіген көршілеріміз бен әріптестеріміз, жақындарымыздың барлығы жан-жақтан осы қақпақтарды әкеле бастады. Солай міне, дельфин, ит пен аққудың бейнелері жасалды. Болашақта бұл тізім толыға түседі», - дейді ол.



Алғашқы қадамы сәтті шыққаннан кейін үйінің ауласын тағы басқа бейнелермен толтырған. Тіпті бақшадағы жол да сурет сынды. Оған 3 мыңнан астам бұранда кетіпті. Көзге әдемі, әрі жаңбыр жауса, аяқ киім саз болмайды. Балалар үшін мұндай жерде жалаң аяқ жүру тіпті пайдалы. Майтабан сынды сырқаттың алдын-алуға болады.

«Балаларға қақпақтан сурет жасаған ұнайды. Олар күні бойы телефон шұқып отырмай, еңбектенеді. Бұл ұсақ моториканы дамыту үшін де өте пайдалы. Балалар жалаң аяқ жүргенді ұнатады. Оларға мен де қосыламын. Күн ысығанда қақпақтар да жылынып, табанды қыздырады. Біз аяғымызға табиғи массаж аламыз. Әдетте барлығын бірге жасаймыз. Қақпақтарды санаймыз, түсіне қарай бөлеміз. Артығын алып, жетпегенін жеткіземіз. Күйеуім бұған дейін әткеншек, сырғанақ сынды тағы басқа бұйымдар істеді», - дейді шебердің зайыбы Эльмира Волошина.

Волошиндердің үйіне келген адам ертегілер әлеміне тап болғандай күй кешеді. Владислав үйдің қоршауындағы суретті де әр мерекеге қарай безендіріп, ерінбей ауыстырып отырады. Бұл әсіресе балаларға қатты ұнайды. Ерлі-зайыптылар екі ұл тәрбиелеп отыр. Әсіресе үйдің кенжесі Паша әкесімен бірге еңбектенгенді жақсы көреді.

«Әкеммен бірге әтешті, атты және түрлі түсті өрнекпен мына жолдарды безендірдік. Оған көмектескенді ұнатамын. Әкем сондай шебер, мен оны мақтан тұтамын. Қолына не түссе де әдемі бұйымға айналып шыға келеді. Достарымның барлығы қызығып сұрайды. Біздің үйдің алдында ойнағысы келеді. Мен де өскенде осындай заттарды жасайтын боламын», - дейді кішкентай Павел.

Владиславтың кәсіби білімі жоқ. Кәдімгі бояумен салған суреттері де көздің жауын алады. Қақпақтардан картина жасау үшін алдын-ала ешқандай сызба жасамайтындығын айтады. Интернеттен өзіне қажетті суретті таңдап алып, соған қарап аң-құстардың бейнесін құрастырып шығарады.

«Алдымен мозайка сынды сурет жинап аламын. Сосын қабырғаға қақпақтарды бір-бірлеп бекітемін. Бұл іс өзіме ұнайды. Құдды бір сынақ сынды. Алдымен қақпақ жинайсың. Сосын оны қабырғаға бекітіп, суретке айналдырасың. Кейде түстер үйлеспей, ойдағыдай шықпай жатады. Қақпақтар сызық бойымен келмейді. Әсіресе аттың бейнесін жасағанда қиын болды. Барлығын тастап кеткім келеді. Түнде жатып ойланамын. Бастаған істі соңына жеткізбей тоқтамауға тағы бекінемін. Барлығы орнына келе кетеді. Жұмыс аяқталғанда отбасымызмбен қуанамыз» - дейді петропавлдық шебер.

Владислав Волошин Петропавл қалалық 40-шы орта мектепте жұмыс істейді. Күн сайын қолы бос уақытта 30-40 минутын есік алдын безендіруге арнайды. Бір суретті жасап шығару үшін 10 күндей уақыт кетеді екен. Одан бөлек бау-бақшаны баптап, жеміс-жидек өсіргенді жақсы көреді. Бір сөзбен айтқанда уақытының барлығын тиімді пайдалануға тырысады. Жарамсыз болып қалған машина дөңгелектерін де кәдеге жаратады. Шиналардан да ауланы безендіруге, гүл өсіруге арналған заттар жасайды. Он саусағынан өнер тамған шебер ағаштан да түрлі бұйымдар әзірлейді.

Енді Владислав Волошин мешіт пен шіркеудің суретін салмақ. Оған түрлі-түсті көп қалпақ қажет болары анық. Отбасы қазірден оларды жинауға кіріскен. Шебер дайын болған картинамен шаһардағы дәмханалардың бірінің қабырғасын безендіргісі келеді.
Просмотров материала: 1 357

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 890 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 723 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 345 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 172 394 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 683 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 172 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 312 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 539 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 586 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 746 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 449 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 912 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 378 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 221 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 041 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 242 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 315 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 985 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 375 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 096 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 110 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 944 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 777 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 037 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 980 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 494 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 962 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 813 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 090 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 423 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 829 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 784 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 833 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 792 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 016 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 159 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031