22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Карантинге жабылған ауыл тұрғындары аш отыр

Карантинге жабылған ауыл тұрғындары аш отыр
Қоршауда қалған ауыл тұрғындары аш отыр! Қызылорда облысындағы бүтіндей бір ауыл халқы елде төтенше жағдай аяқталса да неге қамалып отырғандарын түсінбейді. Жұмыс тоқтаған, табыс жоқ, яғни, азық жоқ, ал үйде алты-жеті аш бала. Осындай отбасылар да бар. Ал, ауылдың оқшауланғанын қалтасын қалыңдатуға пайдаланған дүкен иелері азық-түлік бағасын аспандатып қойып, бедірейіп отыр. "Өлмесең өмірем қап" деген олар әкімдіктің баға туралы ескертуін бос былжырақ көріп, пысқырмайды да. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл – екі жарым ай бойы карантинде отырған тұрғындардың жанайқайы. Аудан орталығына шықпақ болғандарды санитарлық бекеттен әскерилер өткізбей қойған. Себебі Қодамановтағы карантиннен шығу мерзімі белгісіз уақытқа созылыпты.

Патыма Даниярова, ауыл тұрғыны:

"Мына 11-не деді бізге. Мақұл, 11-не дейін біз шыдадық, екі жарым ай қазір отырмыз. Бізді қоя бер, біздің пенсиямыз жүріп тұр, мына жастардың иә айлығы жүріп жатқан жоқ, иә үйлерінде пенсия алмайды. Алты-жеті баласы барлар бар. Оның үстіне магазинде қарызға бермейді, сонан кейін қиналып жатыр жаным".


Жұрт пандемия басталғалы күн көріс қиындағанын айтады. Ауыл кәсіпкерлері елдегі жағдайды пайдаланып, азық-түлікті қымбаттатып сатып жатқан көрінеді.

Раушан Сәрсенбай, Қодаманов ауылының тұрғыны:
"Ауданда мысалы 7 мыңнан алатын ұнды бұл жақтан 8,5 мыңнан аламыз. Екі литр шемішке майды ауданнан 900 теңгеден алып жүрсек, қазіргі кезде мың жарым теңге. Оған екінің бірі қолы жете бермейді ғой. Халықтың барлығы қиналып жатыр. Ешқандай біздің ауылдан шығып жатқан ауру жоқ".


Ауыл әкімі бағаның шарықтап тұрғанын растады. Алайда қолдан келер нақты көмек жоқ, дейді.

Ынтымақ Мадиев, Төңкесір ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
"Енді бағалар бойынша біздер жұмыс жасап жатырмыз. Оның енді ауданмен салыстырмалы түрде жасаған кезде біраз айырмашылықтар бар енді. Оған еді тиісті дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстарын жасадық бағаны қымбаттатпау жөнінде".
Бүгінде үш жарым мың тұрғыны бар бұл ауылдан коронавирус ауруына шалдыққан 46 науқас анықталып отыр. Оның 44-і тиісті ем-домын алып шықса, екеуі әлі ауруханада жатыр. Осы азаматтармен байланыста болды деген 300-ден аса ауыл тұрғыны карантинде жатқан.

Азамат Құбаев, карантинде болған ауыл тұрғыны:

"Екі апта жаттық біз СПТУ-дың общагасында. Бірақ бізге жағдай жасаған жоқ. Дым да істеген жоқ. Тамақтың өзін жүрдім-бардым береді. Кейде екі рет кейде бір рет. Азанда бір беру керек, түсте бір беру керек, кешке бір рет ондай жоқ. Біз тамақты былайынша келгенде өзіміздің сондағы туыстарымыздан, группаластарымыздан, достарымыздан алдырып отырдық. Он төрт күн жатамыз деп ана жерде аштан өліп қала жаздадық".


Тұрғындарды сабырға шақыру үшін аудан әкімінің орынбасары келді. Шенеунік карантин кезінде үш адамнан артық бас қосуға болмайтынын біле тұра ауыл тұрғындарын барлығын көпірдің үстіне жинап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айтуынша бекет әзірге ашылмайды екен.

Болатбек Ысмағұлов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары:
"Бұл жерден блок-пост алынбайды. Блок пост тұрады. Өйткені Төңкеріс өздеріңіз білесіздер Шиелі ауданы бойынша бір ошақ болып есептеледі. СОVID-19-дың ошағы осы Төңкеріс болып есептеліп тұр. Бұл жерде қазір 46 адам тіркеліп тұр".


Ал, бұл уақытта сол Шиелі ауданының орталығында тіршілік қызып тұр. Базарлар жұмыс жасап, тұрғындар кент орталығында емін-еркін жүр. Осыны сөз еткен Қодаманов ауылының тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта блок-пост алынбаса да ауылдан шығуға рұқсат беру мәселесін қарайтындарын жеткізді.

Просмотров материала: 733

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 199 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 031 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 672 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 696 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 004 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 112 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930