25 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



33 млн теңге бөлінген Әлия Молдағұлованың 95 жылдық мерейтойы өтпей қалды

33 млн теңге бөлінген Әлия Молдағұлованың 95 жылдық мерейтойы өтпей қалды
Алдын ала қаражат бөлініп, пандемияға байланысты шараларды кейінге қалдырған қалалар мен облыстардың бюджеті қалай үнемделгенін жазады. Бүгін Ақтөбе облысының наурыз, сәуір, мамыр айларындағы мерекелік даталарға бөлген қаражатына тоқталамыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАП ҮЛГЕРГЕН

Ресми сауалымыздың жауабы облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаровтың қолымен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының басында коронавирус пандемиясына байланысты, 8 наурыз бен 22 науры мерекерелеріне арналған бұқаралық шараларды өткізбеу туралы шешім шығарғаны белгілі. Соған қарамастан, Ақтөбе облысы бөлінген қаражатты игеріп үлгерген.

«2020 жылдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген іс-шараларға 12 600 000 теңге қаражат жұмсалды»,- деп жауап берген облыс әкімінің орынбасары біздің ресми сауалға.

29 222 000 ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Ақтөбе облысы жалпы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін, 22 науры мерекесін, Жеңістің 75 жылдығын, осы облыстың тумасы, Кеңес одағының батыры атанған мерген Әлия Молдағұлованың 95 жасын атап өту үшін бюджеттен 103 млн теңгеден астам қаражат қарастырғаны белгілі болды.

«22 науры мейрамына жалпы 15 000 000 теңге қаражат, 9 мамыр – Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай 42 768 000 теңге, сондай-ақ, Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына арналған мерекелік шараларға 33 555 000 теңге қарастырылған», - деп хабарлайды әкімнің орынбасары.

Ресми жауабында дереккөз бұл шаралар толығымен өтпей қалды ма, болмаса, кейінге шегерілді ме, нақты тоқталмаған. Бірақ, басқа шаралардан 29 млн теңгеден астам қаражат үнемделіп, облыстық бюджетке қайтарылғанын хабарлап отыр.

«Жарияланған төтенше жағдайға байланысты, мерекелік іс-шаралардан жалпы 29 222 000 теңге қаражат облыстық бюджетке қайтарылды. Соның ішінде, Наурыз мейрамына бөлінген 15 000 000, «Зере ананың жолымен» атты әжелер байқауына арналған 1 500 000 теңге, «Бидің ханшайымы – Нұрсұлу» атты V Республикалық би байқауына арналған 4 000 000 теңге, 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне жоспарланған 816 000 теңге, «Мерейлі отбасы» облыстық фестиваліне бөлінген 5 500 000 теңге, күйші, композитор Дәулеткерейдің 200 жылдығына арналған ұлт-аспаптар орындаушыларының байқауына бөлінген 2 406 000 теңге, барлығы 29 222 000 теңге облыстық бюджетке қайтарылды», - деп хабарланған Ақтөбе облысы әкімінің ресми жауабында.

«ЖАЗДА ТОЙЛАТАМЫЗ»

Атап өткеніміздей, Наурыз мерекесіне арналған қаражаттан басқа, Жеңіс күні мен Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына арналған датаның қаражаты бюджетке қайтты ма, жоқ па, нақтыланбаған. Әкім орынбасарының жауабынан түсінгеніміз, ол қаражат облыстың бюджетін нақтылау кезінде оңтайландырылады.

«Сәуір айына жоспарланған халықаралық «Балауса» фестивалі, «Жұбановтар әуені – 2020» фестивалі жаз-күз мезгілдеріне шегерілді. Төтенше жағдай кезіндегі мерекелік іс-шаралар онлайн режимде өтіп жатыр. Қарастырылған қаражат алдағы болатын жергілікті бюджеттің нақтылануында оңтайландырылады», - деп жауап берген әкімнің орынбасары.

Облыстық мәдениет басқармасы тарапынан әртістермен алдын-ала келісімшарт жасалмағандықтан, келісімді үзу немесе қосымша қаражат төлеу мәселесі туындамаған. Шаралар өтпегеніне қарамастан, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы сақталғаны хабарланып отыр.

«Жаз мезгіліне белгіленген мәдени шараларды уақытылы өткізу жоспарланып отыр», - деп аяқтаған хатын облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Аймақ жер көлемі бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында тұр. Халқының саны 800 мыңнан асады.
Просмотров материала: 1 568

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 600 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 176 234 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 841 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 891 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 176 188 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 345 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 483 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 710 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 824 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 986 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 631 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 003 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 422 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 252 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 070 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 280 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 341 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 020 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 407 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 130 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 138 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 972 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 808 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 069 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 009 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 525 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 010 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 840 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 115 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 463 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 857 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 809 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 858 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 816 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 047 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 193 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930