22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Діни білімді өз елімізде алған абзал

05 май 2020, 14:30
Діни білімді өз елімізде алған абзал
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі алғашқы жылдары қазақстандық жастардың бір бөлігі діни-теологиялық білім алу мақсатында көптеген шет мемлекеттерге оқуға кетті. Олардың көпшілігі білім алуға барған елдің саяси ахуалынан, ұстанатын діни бағытынан хабарсыз болды. Өз мәдениетін, ата-бабасы ұстанған жолды дұрыс түсінбей діни білімнің терең тұңғиығына бойлап кеткен кейбір азаматтарымыз өзге жат діни идеологияның шырмауына түсіп қалғанын өздері де сезбей қалды.

Діни білім алу үшін ең ыңғайлы болған Таяу Шығыс елдерінде соңғы жылдардағы әртүрлі діни ағымдардың белсенділігі артып, дінаралық қақтығыстардың белең алуымен және экстремистік, сондай-ақ, террористік ұйымдардың ашық наразылыққа шығуымен қоғамдық-саяси және діни ахуал күрт күрделеніп кетті. Сонымен бірге, әртүрлі жалған және деструктивті ұйымдардың қызметі ашық насихатталып, басқа елдерден білім алу мақсатымен келген шетел азаматтарын өз қатарларына тарту фактілері орын алуда.

Қазіргі таңда Қазақстан билігі сырттан діни білім алуға ұмтылған жастарды бөтен ойлы деструктивті ұйымдардан сақтандыру ісін қолға алып, сырт елдерге діни сауатын көтеруге ұмтылған жастарға түрлі талаптар қойып, олардың білім алу барысын қадағалауды күшейтті. Енді шетелде діни білім алуға ниетті жастар алдымен өз елімізде базалық діни білім алып (бакалавр), содан кейін ғана шетелдік діни білім беретін оқу орнына мемлекет тарапынан берілетін арнайы жолдама негізінде оқуға түсе алады. Мысалы, Мысырдың белгілі діни оқу орны әл-Азхар университеті Қазақстаннан тек жолдамасы бар студенттерді ғана қабылдайды. Бұдан бөлек студенттер, барған елінде дін істері комиететі тарапынан әзірленген «Қазақстан Республикасының шетелге білім алуға шығатын азаматтарына арналған дін мәселелері бойынша жадынама» атты құжатта көрсетілген талаптарды орындауы қажет. Мұның бәрі мемлекетіміздің өз азаматтарын шетелде жүрген кезінде қорғауға, қиыншылыққа тап болғанда дер кезінде көмек бере алу үшін жасалынып жатыр.

Соңғы жылдары мемлекетіміз өз елімізде діни мамандар дайындау бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. Осы бағытта, жастардың шетелдік күмәнді діни оқу орындарына түсіп, санасының улануның алдын-алу және діни экстремистік идеялардың таралуына тосқауыл қою мақсатында сапалы діни мамандар даярлайтын бірқатар отандық діни оқу орындары ашылды.

Бүгінгі күні Қазақстанда бір ислам университеті (Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті) мен 9 медресе (Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарында) қызмет етеді, бұдан өзге православие мен католиктік діни семинариялар жұмыс істейді.

Елімізде жоғары білімді теолог, исламтанушы мамандарды даярлау мақсатында 2003 жылы Алматыда «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды. Алғаш құрылған жылдардан қазіргі кезге дейін университет елдің белді діни оқу ордасына айналып үлгерді. Бүгінде аталған білім ошағы қазіргі күннің талаптарына жауап беретін жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, исламтанушы, араб және ағылшын тілдерінің аудармашысы мамандарын даярлаумен айналысады. Осы оқу орындарындағы барлық діни, сондай-ақ, зайырлы пәндерді оқыту бағдарламалары Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес дайындалған. Университетте ислам дінін оқытатын мұсылман елдерінің жетекші ғалымдары сабақ беретіндіктен, студенттер шет елге шықпай-ақ Қазқстанда да шет елдің білім деңгейіне сай білім алып шыға алады. Қазіргі күнде аталған оқу орныныда Жамбыл облысынан 94 студент білім алуда.

Сонымен қатар, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде елімізде алты жоғары оқу орнында «Дінтану» мамандығы бойынша кадрлар дайындалады. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Алматы қаласындағы Нүр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Алматы қаласындағы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде дінтану мамандары даярланады.

Жоғарыда аталған университеттерде облысымыз бойынша жалпы 31 студент оқуда. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде - 19, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде – 7, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде – 5 студент оқиды.

Осы тұста тағы бір ескере кететін жайт, соңғы жылдары мемлекетіміз тарапынан дінтанушы мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының саны артып келеді. Мысалы, 2019 жылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Дінтану және теология» мамандықтарын даярлауға бөлінген білім гранттарының негізінде 332 түлек оқуға түссе, 2019-2020 жылға арналған оқу жылында аталған мамандықты даярлау бойынша 430 грант бөлінген. Ал, дінді тереңірек зерттеуге ниеттенген жастар үшін «Исламтану» мамандығына 2018-2019 жылы 250 білім гранты бөлінген. Бұл діни білім алуға ниетті жастар үшін мемлекет тарапынан жасалған керемет мүмкіндік.

Қазіргі уақытта елімізде дінтанушы мамандарға мемлекеттік қызметте (министрлікте, дін істері комитетінде, жергілікті әкімдіктердің дін істері, ішкі саясат, жастар басқармаларында), құқық қорғау органдарында (ІІМ, ҰҚК, прокуратура органдарында дін саласы бойынша маман ретінде), ғылыми-зерттеу институттарында, мұражай орталықтарында, діни ұйымдарда (ҚМДБ, мешіттер және т.б.), мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары ретінде сұраныс жоғары.

Қорыта айтқанда жастарымызға бастапқы діни білімді яғни, бакалаврлық базалық білімді шет елдердің діни білім орталықтарында емес, өзіміздің отандық оқу орындарында алғаны абзал. Жоғарыда айтып өткеніміздей, өз елімізде де білікті мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары жеткілікті. Ойымызды түйіндеп айтар болсақ, болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастарға өз Отанында кәсіби білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған.

А.Калмырзаев

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы христиан және басқа да діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 099

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 230 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 046 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 701 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 721 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 028 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 663 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 150 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 294 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 662 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 394 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 500 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031