25 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім...

04 май 2020, 12:25
Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім...
Өткенде Мамин бастаған, Дәленов (Ұлттық экономика министрі) қостаған сүйікті Үкіметіміз Н.Смағұлов, А.Рахымбаев, П. Фостер, Б.Мусин, В.Ким («Форбсқа» мүше миллиардер) секілді алпауыттар мен Mega Center, «Almaty Motors Premium», BI Group, Эйр Астана, Самрук-Энерго, «Казахмыс», “High Vill Kazakhsatan” секілді алыптарға мемлекет қаржылай көмек беретін болған 361 кәсіпорынның тізбесін шығарып, елді есінен бір тандырып еді.

Енді 240 млрд.теңгеге 20 көтерме-өнім орталығын (КӨО) салмақшы көрінеді. Сонда бүгінгі таңда қолдағы бар қойма-ғимараттар азшылық етіп, бұл орталықтарға күйіп тұрған қажеттілік болғаны ма? Ол жайлы сөз жоқ. «Оларда сақталатын отандық өнім бе, жоқ әлде негізінен шетелдік, берісі Өзбекстан мен Қырғызстаннан, арысы Аргентина мен Бразилиядан жеткізілген өнім бе?» деген басты сұраққа да жауап жоқ...

Ендеше, достар, «спасение утопающих дело рук самих утопающих» деп К.Прудков айтпақшы, мыналар тағы бір «керемет» жоба жасап, шалқамыздан түсірмей тұрып, болашақта бізге Не керек? Қанша керек? Қашанға керек? Кім істейді? Қаражатты қайдан аламыз? деген 5 сұрақ төңірегінде, Үкімет қолға алып жатқан дағдарысқа қарсы жобаға (ол қабылданып кетсе кеш болады) балама ретінде 1 жылдан 5 жылға дейінгі атқарылар мерзімі, жауапты тұлғалары, жұмсалар қаржысы нақты көрсетілген, сұрыпталған істердің кешенді бағдарламасын жасауға кірісейік. Онда экономиканың барлық саласы қамтылуы тиіс.

1992-93 жылдары Қазақстанда тiкелей Халықаралық Валюта Қорының айтуымен Д.Сембаев бастаған топ нарыққа өтудің «шоковая терапия», оған қарсы А.Есентүгелов, Қ.Берентаев, т.б. кірген топ балама нұсқасын жасағанда, 1-нұсқа өтіп, одан тапқан пайдамыз, жеткен жеріміз белгілі. Бүгін де дәл сондай, артық-кемі жоқ, ұлт тағдыры шешілетін кезең.

Ең басты – қаржы мәселесіне келсек, оны Ұлттық қордан алуға болады. (Бүгін алмағанда қашан аламыз?..) Өйткені, ол бәрібір Батыстың банктерiнде жатыр. Негiзiнен америкалық компаниялардың құнды қағазына жұмсалған. Одан көрiп отырған пайдамыз жылына 3-4 пайыз шамасында. Ал, бүгін бізге ондаған миллиард доллар инвестиция ауадай қажет.

Ауыл шаруашылығына қатысты бір-екі ауыз ғана айтар болсақ, Т.Рахымбаев «163 ауданға 1млрд.теңгеден 163 млрд.теңгені шаруа қожалықтары мен қосалқы шаруашылыққа нақты өндіріске бөлейік» дейді. Өте дұрыс! Мен өткенде 100 млрд.теңгені нақты 40 мың отбасыға 50 саулық қойдан (немесе 50 мың отбасыға 40 саулық қойдан), барлығы 2 млн.қойды сатып әперуге жұмсайық дедім. Төкеңнің есебі қандай екенін қайдам, мен ұсынған жоба бойынша 2020 жылы әперген 2 млн.қойымыз 2029 жылы 30 млн.басқа айналады. Жобамыздың бәрі осындай нақты болуы тиіс...

Жалпы, ауыл шаруашылығымен айналысатын адам саны ел тұрғынының үштен біріне жетпеуі, оның өндірісіне кетер шығын де ұлттық кірістің үштен бірінен аспауы тиіс. Ол сонда ғана тиімді бола алады. Ал, бізде олай етуге әбден болады. Себебі, жеріміз кең, америкалықтар секілді техниканы барынша мол пайдалануға мүмкіндік көп әрі егіншілігіміз де бар, ол мал шаруашылығының жем-шөптен бастап тыңайтқышқа дейін көп сұранысын қамтамасыз ете алады. Ол екі салаға қажет машина, агрегат, мини-техниканың бәрін де өзіміз шығаруға қауқарлымыз. Айта берсек сөз көп, іске көшейік...

ТЖ мен карантин ашылғанан кейін, айталық 1-маусымнан бастап бір топ инженер, агроном, ветеринар, математик пен экономист бір үйде ары кетсе 1ай отырсақ, толық жазып шығамыз деп ойлаймын. Дәл соған демеушілік етер ұлтшыл азаматтар да табылар...

Журналист, Өмірзақ Ақжігіттің әлеуметтік желідегі жазбасы

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 266

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 816 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 457 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 949 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 008 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 372 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 955 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 009 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 313 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 949 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 025 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 210 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 677 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 710 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 462 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 323 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 066 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 561 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 268 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 483 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 345 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 181 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 041 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 367 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 261 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 744 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 853 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 097 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 331 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 710 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 079 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 021 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 149 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 094 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 299 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 457 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930