27 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

30 апрель 2020, 10:18
Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні
Сұрапыл соғыс жылдарында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келгені, тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді.

Өзге ұлт өкілі болғандықтан кемсітушілікке ұшырап, ерлігі жоққа шығарылып келді. Әйтсе де Рақымжан Қошқарбаевтың дос-жарандары, майдандас бауырлары мен тілегі бір замандастары 30 сәуірді оның тағдырындағы ең ерекше күн деп есептеп, оған қоңырау шала құттықтап, тіпті екінші рет дүниеге келген күні ретінде атап өтуді біразға дейін дәстүрге айналдырса керек. Өйткені бұл күн – Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні болатын.

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынған. Деректерге қарағанда, 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев жауынгер Григорий Булатов екеуі Совет әскері арасынан Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тікті.

Айта кетерлігі, қазақ батырының осынау ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеген мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев еді. Ол Бауыржан Момышұлының тапсырмасы бойынша Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі лайықты бағасын алуы үшін көп еңбектеніп, көп ізденді. Қазақ жауынгерінің дәл сол сәттегі әрекетін дәлелдейтін жүзден астам құжатты тауып, көтеріп, шетелдік басылымдарда да жариялануына түрткі болды. Баукеңнің осы тапсырмасы туралы жазушы өзінің «Найзағайдай жарқылдап» атты кітабында былай деп еске алады:

« – Мен сені неге шақырдым?-деді.

– Білмедім, Бәуке!

– Білмесең, жаңа осында маған сәлем бере бір жігіт келді. Аты – Рахымжан. Фамилиясы қошқар ма, ісек пе, азбан ба, әйтеуір қойдың бір түрі, оны өзің анықтап алғайсың. Міне, сол жігіт... Міне, сол жігіт Рейхстагқа ту тіккен. Понимаешь?! Сен ұғып тұрсың ба, өзің?-деді.

– Ұғып тұрмын, Бәуке!

– Өтірік айтасың! Ұқсаңдар, неге жазбайсыңдар? Соғыс біткелі он үш жыл. Ана Рахымжанды көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер?! Журналистке диплом емес, сезім, жүрек, көргіш көз керек. Жоқ, сол сендерде жоқ. Знаешь, ты кто такой Рахымжан? Мен де оны бүгін бірінші рет көрдім. Білесің бе, кімнің сәлем бере келгенін? Это исторический человек! Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияны басқардым. Москва түбіндегі шайқасты көрдім. Төрт жыл бойғы сұрапыл соғыстың небір сұмдық қияметтері көз алдымда. Бірақ Берлинді алардағы, Рейхстагқа ту тігердегі қырғын – ол нағыз жойқын қырғын! Как воин, как командир я представляю что это такое, это было невероятно! Рахымжан сол тозақтың ішінде болған, сол тозақтан аман шыққан! Жеңіс жалауын тіккен. Кім үшін?! Мына сені мен мен үшін! Бүгінгі шолжаң қағып тірі жүргендердің бақыты үшін! Сол бір тозақта оның өзінің тірі қалуы ̶ это чудо! Жеңіс деген бақыт ̶ сол анау Рахымжан, Рахымжандар! Сен оны тап!».

Кәкімжан Қазыбаев батыр Баукенің тапсырмасын бұлжыртпай, тіпті артығымен орындады. Әйтсе де сол дәуірдің солақай саясаты, советтік режимнің өзімшілдігі Рақымжан Қошқарбаевтың қаһармандығын мойындауға міз бақпаған еді.

Тек Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде Президент Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша Рахымжан Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы беріледі.

Еске сала кетсек, Ресейдің Әскери тарих институты 1-і Беларус майданындағы 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны 2007 жылдың 7 мамырында ресми түрде растады.


Дереккөз: ҚазАқпарат.
Просмотров материала: 4 764

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 954 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 475 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 046 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 098 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 415 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 747 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 864 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 108 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 368 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 516 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 053 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 174 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 473 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 300 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 129 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 359 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 381 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 067 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 200 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 181 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 013 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 854 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 133 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 065 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 570 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 126 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 882 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 163 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 525 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 914 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 862 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 924 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 885 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 105 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 250 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031