18 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытайда "Қара жорға" билеген қазақ дәрігерінің кім екені анықталды

29 апрель 2020, 9:43
Қытайда "Қара жорға" билеген қазақ дәрігерінің кім екені анықталды
Қытайда "Қара жорға" билеп, танымал болған қазақ дәрігерінің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Бахаргүл Толқын телеарна тілшілеріне берген сұхбатында үйіне оралғанын айтқан. Ол - Шыңжаңның тумасы.

Хируг-дәрігер екі ай бойы, ең қауіпті ошақ Уханда болып, науқастарды емдеуге көмектесіпті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді.

Дәрігермен қауышуға туған-туыстары ғана емес, көрші-қолаңдары да жиналып, ыстық ілтипатын білдірген. Құшағы гүлге, жүзі нұрға толған дәрігердің құрметіне қазақтың игі дәстүрімен шашу шашылды. Мәре-сәре болған жұрт "Қара жорғаны" тағы бір мәрте биледі. Қарсы алуға келген өзге ұлт өкілдері де қазақтың биін билеуден қалыс қалмапты.

Баһаргүлдің отбасын көрмегеніне 3 айға жуықтаған. Ата-анасын, жолдасын, әсіресе ұлын қатты сағынғанын айтады. Індетті жеңіп, үйіне аман-есен оралған сәті кең дастархан басында жалғасты. Бауырсақ, құрт, қазы-қарта, шұжық. Қандастарымыз жырақта жүрсе де, қазақтың дәстүрін ұмыт қалдырмапты.


"Ухан халқына көңіл бөлуін білдірттім. Өзім қазақ болғаннан кейін, халық биі "Қара Жорғаны сол жерде билеп бердім. Ухан халқы ішінде жатқан науқастар сондай жақсы көрді. Сіздер өздеріңізді өздеріңіз жігерленіп осындай көңіл күйде болсаңыз ауруды жеңесіз деген ойда болдым", - дейді ол.

Баһаргүл екі айға жуық ең қауіпті ошақ Уханда болып, дәрігерлік міндетін атқарып келді. Туған өлкесі Шыңжаңға оралғанымен, сақтық үшін тағы 20 күн карантинде болды. Дәрігердің айтуынша, қазір Ухандағы жағдай тұрақталған. Тіпті ауруханада вирус жұқтырған бірде-бір науқас қалмапты.

"Алаңда қорқыныш болады. Бірақ, міндетім болғаннан кейін барғаннан кейін бір ойым осы кісілерді жазып, өзімнің қызметімді жақсы істеп келу осындай ой болды. Сол кездегі науқастар жазылып, алды жұмысқа шығып кетті. (...) Қазақстан халқына айтатыным біріншісі үйден шықпау, екіншісі үйден шыққасын маск тағу. Үшіншіден өзіңізді өзіңіз жақсы ұстап, көңіл күй жақтан таймау керек, төртіншісі көптеген етті жеп, сүтті ішіп, айран ішіп, жақсы тамақтардан жеп дененің ауқатын жақсы қылу. Біз сіздер мына күрделі вирустан тезірек жеңуін тілек етеміз", - дейді Бахаргүл Толқын.
Просмотров материала: 1 004

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 017 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 524 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 563 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 935 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 611 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 644 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 967 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 638 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 686 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 882 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 926 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 456 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 408 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 693 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 439 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 847 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 643 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 462 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 156 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 505 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 883 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 237 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 450 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 843 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 192 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 277 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 591 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930