5 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бас мүфти қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады

23 апрель 2020, 14:00
Бас мүфти қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша қазақстандықтарды Рамазанның келуімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Құрметті отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!

Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін!

Алла Тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей! Әмин!

Өздеріңізге белгілі, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық.

Алайда уақытша сынақ кезінде жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанымен, сауап есігі ешқашан жабылмайды. Қасиетті хадис-шарифте айтылғандай, мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы.

Интернет желісі арқылы онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз төтенше жағдай кезінде пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын таңдадық.

Қадірлі халайық!

Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранда "Бақара" сүресінің 148-аятында: "...Жақсылықта жарысыңдар", – деп әмір еткен.

Карантин кезінде ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп беруді ұйымдастырсаңыз, тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін шығынды ұсынып, оларға қаржылай қолдау көрсетсеңіз, Алланың қалауымен ауызашар бергеннің сауабын аласыз. Жоғарыда айтқанымыздай, мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы.

Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айдың құрметі үшін ақысыз демалысқа шыққан азаматтардың пәтер ақысына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен азық-түлік бағасын барынша төмендетуге, күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына шектеу қоюға, көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамын.

Садақа – пенденің мал-дәулетін азайтпайды, керісінше, берекесін арттырады. Біз берген садақа бір отбасын қуанышқа бөлейді. Ендеше, көмекке зәру шаңырақты шаттыққа бөлеп, үлкеннің батасын алып, алғысына бөленейік.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді", – деген. Халық даналығында айтылатын: "Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің", – деген нақыл сөздің мәні осы болса керек.

Құрметті жамағат!

Рамазан – тәубе мен тәрбие, тақуалық пен қанағат, шүкір мен сабыр, мейірім мен қайырымдылық, береке мен бірлік айы. Ораза – сауап жинап, рухани кемелдену айы. Түйіндеп айтқанда, Рамазан – Раббымыздың мейрім-махаббатына бөленетін ай.

Алла Тағала Құдси-хадисте: "Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы", – деген.

Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, халайық. Жәннат есіктері ашылатын айда жақсылықта жарысайық.

Алла Тағала ниетіміз бен амалымызды қабыл етіп, баршамызды Рамазаннан Рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей!

Жер бетінде жұқпалы індет жойылып, ораза айтты мешітте қарсы алып, қуанышты сәтте қауышуды жазғай! Жаратушы Иеміз жұртымызға жар болғай, елімізді аман, жерімізді тыныш еткей! Әмин!

Рамазан айы құтты болсын!

Просмотров материала: 2 116

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 375 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 920 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 475 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 526 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 861 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 023 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 134 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 402 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 713 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 340 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 289 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 514 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 422 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 516 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 267 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 221 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 056 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 180 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 615 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 288 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 935 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 569 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 904 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 973 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 937 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 298 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031