8 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Карантинде диплом жұмысын қорғау мен емтихан тапсыру қалай өтеді?

22 апрель 2020, 11:20
Карантинде диплом жұмысын қорғау мен емтихан тапсыру қалай өтеді?
Еліміздегі ЖОО-ның бакалавр және магистратура дәрежесін бітіретін түлектер Білім және ғылым министрлігінен карантин жағдайына байланысты диплом жұмыстарын қорғауды шегеруді өтініп отыр. Azattyq Ruhy редакциясына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Филология» факультетінің 4-ші курс студенті хат жазып, кейбір топтастарының бітіру жұмысын жазуға техникалық мүмкіндіктері жоқ екенін айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

КІТАПХАНАҒА БАРЫП, ӘДЕБИЕТТЕР АЛУҒА МҮМКІНДІК ЖОҚ

«Барлық ЖОО-ның студенттері диплом жұмысын қорғауды кейінге қалдыруды өтініп жатыр. Шынымен бәріміз алаңдаулымыз. Бізге де дипломды мектептегі жас түлектерді жылдық қорытындысымен бағалағандай бағалап, бере берсе деген ұсынысымыз бар. Жұмысымызды қорғауға мүлдем аз уақыт қалды, кітапханаларға барып, қажетті әдебиеттерді алудың өзі мүмкін болмай жатыр. Интернеттен материал алсақ, антиплагиаттан өтпей қаламыз. Кейбір топтастарымда компыютер, енді бірінің ауылында интернет мүлдем жоқ. Көпбалалы отбасындағылар үйде ештеңе өндіріп жаза алмай жатыр. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсырушы түлектерге ғана жеңілдік жасауда. Ал біздің жағдайды кім ойлайды? Ақылы оқитындардың университетке қарыздары бар, оларды емтиханға қалай кіргізбекші?!»,- деп өкпесін жеткізді ол.

Кеше ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасындағы тікелей эфирде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ЖОО ректорларымен бірге қашықтан білім беру жағдайында емтихандар мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтетінін түсіндірді.

Вице-министр Мирас Дәуленов емтихандарға қатысты студенттерді екі санатқа бөлу қажет екенін айтты, олар - 1,2,3-курс студенттері және биыл оқуын тәмамдайтын түлектер.

ДИЛОМ ЖҰМЫСЫ ҚАШЫҚТАН ҚОРҒАЛАДЫ

Егер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстар қашықтан қорғалады. Айта кетерлігі, студенттер дипломдық жұмыстарын ақпан-наурыз айларында алдын-ала қорғаған болатын, яғни, негізгі жұмыс атқарылды.

Кешенді емтиханға келетін болсақ, мұнда әрбір ЖОО үш нұсқаның бірін қолданады:

Кешенді емтиханды қашықтан тапсыру форматында өткізу;
Жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою;
Кешенді емтиханды кешірек мерзімге ауыстыру (жазға немесе күзге).
Осылайша, ЖОО министрлік тарапынан рұқсат алмай-ақ, жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою арқылы кешенді емтихандарды өткізбеу туралы шешім қабылдай алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды, соған байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар заңнамаға толық сәйкес келеді.

«Бүгін біз емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғау алгоритмін талқыладық. МЖМБС-на сәйкес, ЖОО-ы емтихан өткізу түрлерін өз бетінше анықтайды. Дегенмен, қашықтан оқыту жағдайында Министрлік тарапынан әдіснамалық қолдау көрсету қажеттілігі туындайды. Ол үшін біз барлық жоғары оқу орындарымен алдын ала талқыланған алгоритмді әзірледік», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Биыл 604 345 студент емтихан тапсырады, оның 142 435-і қорытынды аттестаттауға кірісетінін атап өтеміз.

2020 жылғы 16 наурыздан бастап азаматтық ЖОО қашықтан оқытуға көшті. Дәрістер мен семинарлар MS Teams, Meet by Google Hangouts, Zoom және басқа да сервистердің көмегімен онлайн режимінде өткізіліп жатыр, ал студенттердің тапсырмалары Canvas, Moodle, Univer және Platonus платформаларында орындалуда.

СТУДЕНТТЕР ЕМТИХАНДЫ КЕЙІН ТАПСЫРА АЛАДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған емтихандарды тапсыру әдістемелері мен оның алгоритмі заңнама талаптарына, БҒМ-нің қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі бұйрығына (2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123), сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұсыныстарына негізделген.

Студенттердің бірінші санатына қатысты қиындық жоқ, олар сессияларын тапсырады. Оның 3 жолы ұсынылуда:

Емтиханды қашықтан тапсыру форматы;
Пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою;
«I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді және оларды оқудан шығарудан қорғайды.
Нақты шешімді әрбір ЖОО академиялық дербестігі аясында өзі қабылдайды.


Бүгінгі күні студенттердің қашықтан оқыту форматында орындаған жұмыстарына 1,15 млн. баға қойылғанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, БҒМ ұйымдастырған эфирге UIB Университетінің Президенті Дархан Ахмед-Зәки, Нархоз ректоры Эндрю Вахтель, Yessenov University-нің ректоры Берік Ахметов, ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының білім беру бағдарламасы бойынша Ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен және «Қазақстан студентерінің альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Президенті Ілияс Түстікбаев қатысты.
Просмотров материала: 1 997

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 560 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 146 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 665 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 722 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 070 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 325 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 421 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 263 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 454 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 225 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 472 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 562 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 338 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 241 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 661 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 994 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930