18 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазір бәрімізге қиын боп тұр – Дариға Назарбаева

20 апрель 2020, 15:56
Қазір бәрімізге қиын боп тұр – Дариға Назарбаева
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлу мәселесі қаралды, заң жобалары бойынша негізгі комитеттер белгіленіп, Сенаттың 30 сәуірге жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

Бюро отырысында сөз алған Дариға Назарбаева Палата отырысының күн тәртібіне енгізілген заң жобалары біздің мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті. Соңғы жылдары азаматтарымыз көтеріп жүрген көптеген мәселелер осы жаңа заңнамалық актілерде көрініс тапты.

Мәселен, "Ардагерлер туралы" және "Кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары Отанымыздың алдында әскери және азаматтық борышын өтеген ардагерлер мен азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау мәселелерін реттеуге бағытталған. Сонымен қатар осы құжатпен басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің жаңа санаты енгізіледі.

"Біз сонымен бірге бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасын да қараймыз. Бұл заң жобасы елімізде жиналыстар мен митингілер ұйымдастыру, өткізудің қазіргі практикасын түбегейлі түрде өзгертеді. Жоба азаматтардың құқықтарын, митингілер өткізу кезіндегі жауаптылықты оңтайлы ұштастыруға бағытталған және тұтастай алғанда халықаралық стандарттарға сәйкес келеді", - деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева Бюро отырысын қорытындылай келіп, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып, үдемелі кезеңге жетуіне байланысты төтенше жағдай тәртібінің 1 мамырға дейін ұзартылуы қажетті шара болғанын атап өтті.

"Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы кейбір кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жұмыстарын бастайтын болады. Осыған байланысты кәсіпорындар қызметкерлерін жұмысқа шығаруға дайын ба? - деген сұрақ маңызды болып отыр. Олар өз ұжымдарына қауіпсіздік пен гигиена сақтауға қажетті барлық жағдайды жасай ала ма?" - деді Д.Назарбаева.
Сенат Төрағасы еліміздің төтенше жағдай кезіндегі қолданыстағы әкімшілендіру, мемлекеттік органдарды үйлестіру, заңнама мен заңнан кейінгі актілер жүйесін талдау қажеттігін айта келіп, төтенше жағдай мен төтенше оқиға тәртібіне елді жұмылдыру дайындығы тақырыбына арналған парламенттік тыңдауларды Сенаттың қазан айындағы жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды.

Д.Назарбаева әкімдіктер берген ақпараттарға сәйкес, орталық пен жергілікті жерлердегі жұмысты үйлестіру нашар екенін, келісу мен мәселені шешуге көп уақыт кететінін атап өтті. "Жұмылдыру резерві туралы мәселе ауқымды болып отыр. Қазір бізде жұмылдыру дайындығы бойынша заң жобасы бар. Ол заманауи талаптарға жүйелі әрі кешенді түрде жауап бере алмайды. Жақсы болса да, жаман болса да бізде қазір іс жүзінде тәжірибе бар және оны қызметімізде пайдалану керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Сенат басшысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған журналистер, дәрігерлер, полиция мен әскери қызметкерлердің, еріктілердің қатысуымен орын алған келеңсіз көріністерге де тоқталды.

"Бүгінгі таңда дәрігерлер де, журналистер де алғы шепте қызу еңбек етіп жатқанын еске салғым келеді. Олар ықтимал қауіп-қатермен күнде бетпе-бет келсе де өздерінің кәсіби борышын адал атқарып жүр. Сондықтан оларға құқықтық қорғау мен адами қолдау аса қажет", - деді ол.
Дариға Назарбаева қазір кінәліні іздемей, түсінбеушіліктерді өршітпей, өзекті мәселелерді бірігіп шешіп, ынтымақпен жұмыс істейтін, бір-біріне көмектесетін уақыт екенін атап өтті. Бұл ретте құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бағынбау, әсіресе полицияға шабуыл жасау немесе қарсылық көрсетудің жолын кесу керек. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз өкілеттіліктерінің аясында ғана әрекет етуі, сыпайы, әдепті болуы тиіс.

Қазір бәрімізге қиын боп тұр – Дариға Назарбаева


"Қазір бәріне де қиын, бірақ бір-бірімізге жәрдемдесіп қана осы жағдайдан тезірек шыға аламыз", - деп атап өтті Д.Назарбаева.
Просмотров материала: 689

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 017 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 524 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 563 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 935 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 611 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 644 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 967 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 638 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 686 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 882 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 926 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 456 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 408 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 693 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 439 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 847 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 643 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 462 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 156 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 505 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 883 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 237 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 450 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 843 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 192 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 277 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 591 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930