8 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы қорының табысы қалай минусқа кетті - сарапшының түсіндірмесі

20 апрель 2020, 13:05
Зейнетақы қорының табысы қалай минусқа кетті - сарапшының түсіндірмесі
Соңғы күндері жеке тұлғалардың зейнетақы қорындағы жинақ сомалары азайып кеткені туралы шағымдар көбейді. Әсіресе мұндай сауалдарды әлеуметтік желілерде талқылап жатқан жұртшылықта есеп жоқ. Кейбіреулері төлемдердің жүз мың теңгеге дейін азайғанын жазса, зейнетақы қорындағы қаражаты миллиондап кемігендер де болған деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.
Зейнетақы қорының табысы қалай минусқа кетті - сарапшының түсіндірмесі



Бұл мәселе қазнетте екі күн талқылынғаннан соң, Қазақстан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ресми жауап берді. БЖЗҚ таратқан ақпаратта зейнетақы жинақтары – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасынан тұратыны түсіндіріледі.

Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Мәліметте жарнаның 3 түрі бар екені айтылады:

- міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% )

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді)

- ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды).

«Сіздің ай сайын аударып отыратын 10% салымыңыз орнында. Оған ешкімнің тисуіне құқығы жоқ, Заңмен қорғалады. Сол салым құның жоғалтпау үшін біз инвестициялық табыс қосып отырамыз. Қазіргі таңда тек инвестициялық табыс азаюда, әлемдегі жағдайға баланысты. Егер инвестициялық табыс жинаққа қосылмаса, инфляция жеп қояды. Бұл жағдай міндетті түрде түзеледі. Сіздің назарыңызды инвестициялау нәтижесінде пайда болатын инвестициялық табыс – тұрақсыз шама екендігіне аударғымыз келеді, яғни банктердің депозиттік шарттарында көзделгендей қатаң белгіленген шама емес, онда сыйақы мөлшері белгілі бір кезеңге нақты анықталған және ол көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына және валюта бағамдарының өзгеруіне тәуелді. Осылайша, инвестициялық табыстың шамасы ұлғаю жағына да, азаю жағына да өзгеруі мүмкін, әдетте салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ларындағы инвестициялық табыстың осындай қысқа мерзімді ауытқулары байқалып тұрады және ол уақытша көрініс болып табылады»,- деп жауап берді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

Белгілі экономист Айдар Әлібаев БЖЗҚ бұл мәлімдемесі арқылы салымшыға жағдайды ашып түсндіріп отырған жоқ деп есептейді. Жоғарыдағы үстіртін жауапқа маман ретінде өзі де қанағаттанбағанын айтады. Десе де осы салада тәжірибесі бар маман қазақстандықтардың жинақ соммасының азайып кеткені бұрын да бірнеше рет байқалған.

«Бұл үрдіс соңғы жылдары жиі қайталанып жүр. Жеке зейнетақы қорларын құртып, бәсекелестік жойылған соң, БЖЗҚ сияқты монополистік жүйені құрды. Тиісінше есепшоттағы ақшаның пайда әкелмей отырғаны айтылып келеді. Оның себептері қандай? Бірінішіден, зейнетақы активтерінің тиімсіз басқаруы байқалады. Олар қаражатты қайда саларларын білмейді. Банктерді құтқаруға берді, одан қалса Латын Америкасы, Азия елдерінің, өзге континенттегі мемлекеттердің бағалы қағаздарына салды. Перу немесе Малайзия сияқты елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу бұл саланың үлкен қателігі. Бұл қолма қол ақшаны өз еліміздің дамуына салуы керек еді»,- дейді Айдар Әлібаев.

Салымшының ай сайын есепшотынан қаражаттың кемуіне байланысты сұрақтарға ресми жауап беретін жалғыз орган Ұлттық банк. Бірақ қалыптасқан жағдайға орай бас қаржы реттеуші ресми жауап берген жоқ. Ал экономист салымшыларға бұл сауалға қарапайым мысалмен жауап береді.

«Қарапайым өмірдегі мысалдардың бірімен түсіндіруге тырысайын. Сіз 100 теңгеге лоторея сатып алдыңыз, үстінен кем дегенде 50 теңге ұтып алсам деп үміттендіңіз. Бірақ сіз ұта аламдыңыз. 100 теңгеңіз күйді де кетті. Біздің зейнетақыны басқарушылар да солай жұмыс істейді. Олар қаржыны бір мемлекеттің бағалы қағаздарына салады. Мысалы 1 млн теңгені салып, 1 млн 200 мың аламыз деп үміттенеді. Себебі олар осындай табыс береміз деген міндеттеме алады. Алайда уақыт өте келе, жағдай өзгереді де, бір жылдан соң уәде еткен ақшаның орнына 800 мың қайтарады. Табыс минус 200 мың теңге. Оны алады да барлық салымшыларға теңдей бөлуге мәжбүр болады. Бұл табыссыздық (отрицательный доход- авт.)деп аталады. Бұл тиімсіз басқару деген сөз. Кәсіби басқару болмаған соң, халық та жүйеге деген сенімін жоғалта береді»,- дейді А. Әлібаев.

Ақпарат үшін:

Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады. Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін.

Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады.

Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12% - ға жуық мөлшерге артық, делінген БЖЗҚ мәлімдемесінде.
Просмотров материала: 860

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 165 362 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 165 192 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 164 821 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 164 860 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 165 147 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 754 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 895 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 107 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 019 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 182 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 945 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 654 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 253 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 106 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 928 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 110 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 210 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 876 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 261 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 986 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 995 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 827 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 669 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 926 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 874 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 382 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 841 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 706 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 973 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 303 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 711 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 681 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 723 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 678 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 903 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 048 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930