23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу барысы өзгереді

17 апрель 2020, 14:54
"Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу барысы өзгереді
Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ бағдарламаның іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау қағидаларына едәуір өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олар ең алдымен ашықтықты арттыруға, барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауға, іріктеудің объективтілігін күшейтуге, сондай-ақ бюрократиялық кедергілер мен бұрынғы мәселелерді шешуге бағытталған:

1. Басым мамандықтардың жаңа тізбесі: Стипендия алуға болатын басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып қалыптастырылады. Оны жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары мен талдау негізінде жасайтын болады. Бұл Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарына қажет жоғары білікті кадрларды даярлауға көмектеседі.

2. Халықаралық стипендияға үміткерлерге арналған квоталық санаттар қысқартылды: Стипендияға үміткерлердің барлығына мүмкіндік бірдей. Үміткерлердің барлық жеңілдік квота санаттары алынып тасталады. Барлық үміткерлер шетелдік жоғары оқу орындарына өзбетінше түсулері тиіс. Сондай-ақ, жаңа Қағидаларда ауылдық жерден шыққан үміткерлерді қоспағанда, бұрын ұсынылған алдын ала тілдік дайындық курстары алып тасталды.

3. Халықаралық стипендияға үміткерлерге қойылатын мемлекеттік және шет тілдерін білу талаптарын арттыру: Жаңа Қағидалар бойынша іріктеу турлары шеңберінде тілдерді білу деңгейін тексеру алып тасталған. Үміткерлер өзбетінше тест тапсырулары және құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік (KazTEST В1) және шет тілінен (кемінде IELTS 6.5) сертификат ұсынулары тиіс.

4. Халықаралық стипендия тағайындауға арналған барлық үміткерлер үшін конкурстық іріктеу турларының санын қысқарту: Конкурстық іріктеу кезіндегі 6 турдың орнына барлығы 3 тур болады. Уәждемелік және ұсыныс хаттарын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау бойынша іріктеу турлары қысқарады. Іріктеу турларында зияткерлік және эмоционалдық IQ деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеу, Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үміткерлерді қарастыруы қамтылады.

5. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның жұмысы: Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (ТСК) құрамына қойылатын талап күшейтіледі, енді комиссия құрамындағы 3 адамның орнына кемінде 5 адам шешім қабылдайды. Үміткерлерді іріктеудің бүкіл процесі және барлық комиссия отырыстары онлайн таратылады. Өз жұмысының барысында комиссияның қоя алатын барлық сұрақтары, оның ішінде қосымша сұрақтары да нақты регламенттеледі.

6. Құжаттарды қабылдау мен конкурстық іріктеу рәсімін автоматтандыру: Электрондық үкіметтің веб-порталында үміткердің жеке кабинеті арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдау процесі толықтай автоматтандырылды. Қазіргі таңда адами фактордың қатысуын азайту мақсатында конкурстық іріктеу кезеңдерінің автоматтандырылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бүкіл іріктеу процесі Президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша цифрлық платформаны пайдалану арқылы жүргізіледі. Орталық сонымен бірге қадамдық нұсқаулықтар әзірлейді және регламенттеуші құжаттарға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысатын қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтеді.

7. Әкімдеушіні сапалы қайта жүктеу: 2019 жылғы қыркүйектен бастап бағдарлама әкімшісінің жұмысында өзгерістер болып жатыр: Орталықтың Директорлар кеңесі 4 тәуелсіз директорды қосу арқылы күшейтілді, бейіндік бөлімшелерге кәсіби кадрлар қабылданды, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасының түлектері бар, шетелдегі өкілдіктер саны қысқартылды. Баспасөз хатшысы және әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары енгізілді, 2 кеңесші мен Орталықтың 1 вицепрезиденті лауазымдары қысқартылды, сондай-ақ Орталықтың штаты қысқарды. Комплаенс-офицер лауазымы енгізілді, жұмысының мақсаты – мүдделер шиеленісін реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға байланысты ықтимал тәуекелдердің, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Конкурстың барлық кезеңдерінің барынша ашық өтуіне қол жеткізу және объективті шешім қабылдау мақсатында бос лауазым орындарына жаңа қызметкерлерді қабылдауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Біз енгізіп жатқан өзгерістер, ең алдымен "Болашақ" стипендиясын тағайындаудың ашықтығын арттыруға бағытталған. Біз осы күнге дейін болған барлық ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойдық. Біз, еліміздегі тек үздіктердің үздігі ғана халықаралық президенттік стипендия бойынша білім алса екен дейміз, - деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова.

Жаңа Қағидалар ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілгеннен кейін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ www.bolashak.gov.kz ресми сайтында жарияланады.


Просмотров материала: 1 891

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 425 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 257 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 897 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 921 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 230 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 660 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 459 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 171 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930