2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Карантинде жатқан Ақтау тұрғыны: Көз алдымда болған оқиғаны ешқашан ұмытпаймын

Карантинде жатқан Ақтау тұрғыны: Көз алдымда болған оқиғаны ешқашан ұмытпаймын
Ақтауда 14-шағынаудандағы карантинге жабылған үйдің тұрғыны Алена Кабакова сол оқиғаның қалай өрбігені жайлы айтты. Ол осыған дейін короновирус анықталған науқастармен бір подъезде тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- 6 сәуір күні 14-шағынаудандағы үйден 2 науқас анықталып, бір подъездің тұтастай тұрғындары 14 күнге карантинге оқшауланғаны белгілі. Сол күнгі жағдайды ешқашан есімнен шығармаймын депсіз. Қалай болды? Осыдан бастайық.

- Бәріміз алғаш рет коронавирус туралы жаңалықтардан естідік. Кейбіреуіміз тіпті сенбедік, бізге келмейді деп ойладық. Бірақ Ақтауда індетке қарсы басталған шараларды көріп, отбасымызбен сақтық шараларын қабылдай бастадық. Маска мен қолғап кидік, өз қолыммен әр түрлі қоспаларды қосып антисептик жасадым. Дайындалуым бекер емес екен. Жексенбі 5 сәуір күні кешке дүкенге нан алуға кеткен келінім жүгіріп келіп, есіктің алдында полицияның толып жүргенін, барлығына үйлерінен шықпауды сұрап жатқанын айтқанда таңғалдым. Көршімнің балконына барып, не болғанын өз көзіммен көрейін дедім. Себебі менің терезем теңізге қарайды. Далада формадағы тәртіп сақшылары толып жүр. Дереу сыртта жүрген көршіме телефон соғып, не болғанын сұрай бастадым. Ол біздің подъездегі бір пәтерде науқастар бар екенін айтты. Кейін жедел жәрдем көлігі келіп, ішіндегі дәрігерлер арнайы костюммен шықты. Тас төбеме су құйғандай болды. Аяғым дірілдеп, қатты қорықтым.

Дәрігерлер сол кеште үш әйелді алып кетті. Абыр-сабыр. Дүрлігу. Түсінбей қалдық. Тек күту керектігін білдік. Түрлі қаңқу сөздер тарап кетті. Қайсына сенеріңді білмейсің. Ресми ақпаратты күттік. Сонда да ондай жағдай тіркелмесе екен деп үміттендік. Сол күні кешке көршілерімізбен бірлесіп подъезді хлормен жуып алдық. Ертеңгі күні полицейлердің кетпегенін, қоршау қойылғанын көріп, рас екеніне көзім жетті. Міне, таңертең біз күткен ақпарат жарияланды: «Маңғыстауда 5 жағдай тіркелді, оның екеуі бүгін таңертең анықталды» -делінген хабарламада. Кейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев орталық коммуникациялар орталығында «Кеше кешке 4 адамды коронавирус жұқтыруы мүмкін деген болжаммен алып кетті, оның екеуінен нәтиже расталды. Олар Өзбекстаннан келген азаматшалар. Осыған дейін 3 сәуірде анықталған Қызылорда тұрғынымен байланыста болған» -деп ақпарат берді. Біз осылайша карантиндегі өмірімізді бастап кеттік. Отағасын жұмыс уақытша босатты. Балалар компьютер алдында. Тек уақыттың өтуін күттік. Ешқашан көз алдымнан кетпейді.

- Келесі күні дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Карантинге жабылғандарыңызды хабарлады. Мұны қалай қабылдадыңыздар?

- Иә, оқшауландық. Карантин басталған сәттен бастап, домофон арқылы ЖЭК-тің басшысы телефон нөмірімді сұрап алды. WhatsApp желісінде біздің подъездің тұрғындарын, ЖЭК өкілі және әкімдік қызметкерлерінің басын қосатын топ ашып жатыр екен. Таңертеңмен түгелдей 500 метр аумаққа дейін дезинфекция жұмыстары істелді. Әр пәтерге санитар мамандары костюммен келіп, карантин ережесін түсіндірді. Чатта бізге өзімізге қажетті заттарымыз бен азық-түлікті арнайы жасалған саңылаудан әкімдік қызметкерлері мен полицейлер алып беретінін айтты. Подъезге маска мен қолғаппен шығуымыз есткертілді. Қоқыс тастау да шешілді. Яғни, подъездегі есіктің алдына қоямыз деп шештік. Әрі қарай, ЖЭК қызметкерлері өздері күн сайын алып кетеді.

- Демек, сіздер байланыссыз қалмадыңыздар? Тағы қандай көмек көрсетілді?

- Шынымды айтсам, қолдау көрсетушілер көп. Біз үшін алаңдайтын да шығар. Әкімдік қызметкерлері мен ЖЭК өкілдері қандай көмек керектігін күнде сұрайды. Біздің жұмыссыз, үйінде жатқан көршіміз бар. Соған біз көршілер болып көмектесетінбіз. Мынандай жағдайда шығуға да қорқасың. Сондықтан мамандарға хабарладық. Әкімдіктен жастар келіп, өз қалталарынан тамақ алып берген екен. Риза болып қалдық. Жедел қызмет еткен Ақтау қалалық әкімдігіне алғысымды айтқым келеді. Осындай қиын-қыстау заманда бірлесе атқарған еңбек бәрін жеңбек.

- 14 күн бойы көршілеріңізбен араласыздар ғой. Жақын туыстай болып кеткен шығарсыздар?!..

- Олармен бір үйдің баласындай болып кеттік. Карантин біткен соң, басымыз жиналып, далаға саяхатқа шығуды жоспарлап қойдық. Күнде кітап, кино алмасамыз. Оқшауланудың бір жағынан көмегі тиді. Осындайда әлемде жақсы адамдардың көп екенін, айналадан тек жақсылық күту керектігін білесің. Адамзатқа адамгершілікті есіне салғандай бұл дерт. Ал карантин бұл індетті таратпаудың жалғыз жолы.

- Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Просмотров материала: 695

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 921 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 570 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 058 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 116 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 481 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 014 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 063 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 366 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 004 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 087 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 267 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 332 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 092 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 049 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 085 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031