8 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



20 сәуірден бастап жұмыс істей бастайтын мекемелердің тізімі бекітілді

15 апрель 2020, 16:53
20 сәуірден бастап жұмыс істей бастайтын мекемелердің тізімі бекітілді
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бизнес субъектілері қызметінің жекелеген түрлерін қайта бастау мәселесі туралы премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, сондай-ақ әкімдер А. Көлгінов пен Б. Сағынтаев баяндады.

ҚР президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік комиссия биылғы 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Нұр-Сұлтан қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;

автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;

екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;

қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
нотариустер алдын ала жазылу бойынша;

тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтайды.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісті шараларды қабылдап, жұмысы қайта жанданатын нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің сақталуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етуді тапсырды.


Отырысқа қатысушылар сонымен қатар карантин енгізілген қалаларға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын өткізу, карантин кезінде көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардты сатып алуды өткізу, карантин енгізілген қалалардың тұрғындары үшін коммуналдық төлемдерді азайту, азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды ұсынуды ақшаландыру және т. б. мәселелерді қарастырды.

Премьер-министр тиісті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаумен фермерлердің егіс жұмыстарымен бөгетсіз айналысуын қамтамасыз етуді, карантин енгізілген қалаларға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын өткізудің бірыңғай тәртібін енгізуді және жүктердің негізсіз бөгелуін болдырмауды тапсырды.

Мемлекеттік комиссия Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген төтенше жағдай кезеңінде Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесінің жобасын қарады.

Ұсынылған тетік тұрғындар үшін де, коммуналдық кәсіпорындар үшін де олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдаудың пәрменді шарасына айналуы тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Жеделдікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік комиссия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізген азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды жеке тұлғалардың шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы беру туралы ұсынысты мақұлдады.

Өңірлердің әкімдіктері ұсынылған тетікке сәйкес көмекті алушыларға ақшалай қаражаттың уақытылы аударылуын қамтамасыз етуі керек. Карта шоттары болмаған жағдайда немесе көмек алушылардың жасына не мүгедектігіне байланысты келуге мүмкіндігі болмаса, санитарлық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік жиынтығын үйге жеткізуді қамтамасыз ету қажет, - деді Мамин.
Просмотров материала: 884

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 466 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 051 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 569 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 627 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 976 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 318 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 417 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 709 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 146 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 258 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 605 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 453 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 387 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 224 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 708 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 471 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 160 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 561 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 336 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 264 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 240 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 162 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 660 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 470 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 032 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 992 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 355 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930